ПАТРИАРХАТҚА ҚАРСЫ ВЕНЕРА

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың Қазақстан өнеріндегі көрінісі

Венера де Мило. Лувр. Париж/Shutterstock

Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық-зомбылық белең алғаны жасырын емес. Президент Тоқаев қол қойған «Салтанат заңын» қоғам баяғыдан күткен еді. Оның пайда болуы аты-шулы, тіпті, халықаралық деңгейде талқыланған Салтанат Нүкенованы ҚР экс-экономика министрі Қуандық Бишимбаевтың өлтіруіне қатысты қылмыстық істің кезінде қабылданды. Бұл заң оны қабылдамауға болмайтын кезде қабылданғандай әсер қалдырды. Алға жылжу көзге көрініп тұрса да, «Human rights watch» бұны оң нәтиже, бірақ әлі де жетілдіру керек деп баға берді.

Мазмұны

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы сөз қазақстандық мәдениет кеңістігінде де жиі естіліп жатады. Былтыр көрерменге жол тартқан Асқар Ұзабаев пен Әсем Жәпишеваның бұл үрдістің психологиясына еніп, оны еш боямасыз көрсетуге тырысқан «Бақыт» фильмі де әжептәуір шу болды. Ал 2022 жылы күзде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «ЕСІК АРТЫНДА» деген көрме-жоба да қойылды. Оның аясында бірнеше танымал суретшілер тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарының болған оқиғаларының желісімен жұмыстарын дайындаған. Оның ішінде қазақстандық contemporary-art-тың дәл осы проблеманы талдап жазған, ең танымал жұмыстың бірі Зоя Фалькованың «Evermust» (2017) жұмысы болғаны да таңғалдырмады. Былтыр бұл жұмыс Пабло Пикассо (1881–1973), Бэнкси

iАғылшын андеграунд стрит-арт суретшісі, саяси белсенді және 1990 жылдары жұмыс істеген режиссердің лақап аты. Бэнксидің шын аты мен шыққан тегі белгісіз. Қоғамда оның биографиясы туралы талқы көп.мен Энди УорхолдыңiАмерикалық суретші, дизайнер, поп-арт қозғалысы мен заманауи өнердің тарихындағы танымал тұлға.жұмыстарымен қатар қойылып, Барселонадағы «Тыйым салынған өнер музейіндегі» жиналысында сатылған. Qalam Фалькованың жұмыстары туралы идеясы, «Evermust» айналасындағы дау-дамайы туралы және негізі гендерлік зорлық-зомбылықтың тамыры тереңге кеткені туралы айтады.

"Бақыт" фильмінінің постері/Ашық дереккөзден

Еркіндікке ұмтылған феминизм...

Суретші Алматы қаласының тумасы. Архитектура бағыты бойынша білім алған, көп жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеп, өнерге бірден келе қоймады. Оның алғашқы арт-жобасы 2011 жылы болған. Одан бері Фалькова ТМД елдері мен Еуропада 30-дан аса көрмелерге қатысқан. Зоя феминистік тақырыпты 2016 жылы ғана терең зерттей бастаған, дегенмен өз сөзі бойынша, ол үнемі патриархаттың әділетсіздігін сезінетін.

«Адамдар менің қандай болуым керек екенін көрсетуге тырысатын және бұл маған да, менің сезіміме де қайшы келетін, – дейді Фалькова. – Менің феминизмім алғашқы «Сен қызсың ғой!» деген сөзден басталды деп ойлаймын».

Зоя Фалькова/Роман Варламов

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық проблемасы — Зоя шығармашылығының негізгі тақырыбының бірі. Ол өзі зиялы отбасында туып-өскені туралы айтады. Әкесі ешқашан анасына және балаларына қол көтермеген. Жасөспірім кезде «үлкен өмір» шындығымен кездесу оған ауыр тиген сыңайлы. «Үйде өскен қыз бола тұра, мен зорлық-зомбылық қалыпты жағдайға айналған ортаға түстім және оның көп екеніне көзім жетті, – дейді суретші. – Егер кез келген жігітті мысалға алсақ, онда олар абьюзді қарым-қатынас құруға тырысады және оны аңқау жасөспірім болған сен мүлде күтпейсің». Фалькованың жасы жеткен сайын, өз сөзіне сүйенсек, гендерлі дисбалансты сезіну үшін қандай екенін білу үшін ерлердің тарапынан көп зорлық-зомбылық көрген. Бірақ бұны, оның ішінде өнер кеңістігінде де, кешеуілдеп ойға сіңірді. Зояның жұмыстарында жеке тәжірибесі көзге түсе бермейді. Бірінші кезекте — әлеуметтік сын, зорлық-зомбылық механикасының ішіне ену.

«Бұл патриархаттың құралы өзін-өзі қамтамасыз етеді, – дейді суретші. – Егер әлдебір ғажайыптың арқасында, зорлықшыл адамдардан шығармашылық қуатын алып қойсақ, онда патриархат құлап, әлем мүлде басқандай екені көзге ұрып тұрар еді. Мен феминизмді әлдеқайда қолданбалы дүние екенін көремін. Феминизм еркіндікке ұмтылуы керек. Ал бізді нәтижесінде тек зорлық-зомбылықтың азаюы ғана еркін етеді».

«Evermust»-тің пайда болуы

Зояның өнері концептуализмніңiiКонцептуализмде шығарманың концепциясы оның физикалық ныспысынан маңыздырақ, өнердің мақсаты — идеяны жеткізу.жалғасы іспетті. Суретші дәл және айқын форма беру үшін ең алдымен идеяны нысанаға алады. Жұмыс көрерменнің ойына дән егу керек. Концептуалды нысан — үнемі жұмбақ күйінде тұрады. Оны шешу үшін үнемі неге бұлай жасалған, неге басқаша емес деген сұрақ қойып барып, шығармаға зейін қою керек. Содан кейін еркін ассоциациядан да қашуға болмайды. Айталық, қазіргі кездегі Фалькованың «хитіне» айналған «Еvermust» — төсі бар, әйелдің денесі пішінде жасалған бокс қапшығы, фрагменттері сақталған антикалық Венера құдайының ескерткішін еске салады. Бұл да кездейсоқ емес. Суретші бір мезетте «Патриархалды қоғамдағы Венераның» ирония мен трагедияға толы образын жасаған.

Нысанның идеясы Қазақстанның заманауи өнер бойынша ең басты мамандарының бірі — Валерия Ибраева бастамашы болып, 2017 жылы Алматыда болған «Адам құқығы. 20 жылдан кейін» деп аталатын көрмеге дайындық кезінде пайда болған. Зояның айтуынша, бұл ой Ибраевамен жоспарланған экспозиция туралы сөйлесіп жатқан кезінде санасында жылт ете қалған. Бірақ оны театралды тігінші, құрбысы жасауға көмектескен бұл жұмыс біраз уақыт алған. Нәтижесінде «Еvermust» куратордың ашуына тисе де, залға тек ашылуына жарты сағат қалғанда ғана қойылған. Көрермендер бұл туындыға үнемі оң көзқарас таныта бермеген. Мысалы, «Еvermust» Астанада қойылғанда сәл ұрттап алған бір танымал қазақстандық ақын, арт-нысанмен бокс жекпе-жегін жасап, кейін оның жөндеуіне қаржы төлеуге мәжбүр болған. Бірақ Фальковаға халықаралық танымалдықты әкелген ең даулы айқай-шу 2019 жылы Бішкекте өткен «Заманауи өнердің 1-Феминналында» болған.

«Көрменің ашылуы тыныш өтті және кейіннен әлгі оқиға болмаса, бәрі ұмыт болар еді. Дегенмен желіде шығарманың суреті пайда болған сәтте Қырғызстанда саны біршама және үкіметпен қатысы бар саяси дәстүршіл белсенділер бұған үрке қарады», – дейді суретші. – Нәтижесінде ол қалпағын киіп, қамшысын ұстап, көрмеге жетіп келді де, бәріне қоқан-лоқы жасады. Кейін өздерінің баспасөз-мәслихатын ұйымдастырып, эскпозиция тұрған Айтиев атындағы музейдің директорын жұмыстан шығартты. Сосын олар үкіметке қысым көрсетті. Оның ішінде мәдениет министріне шағым жасады. Ал ол кәсібилігін көрсете алмай, бүкіл әлем қазіргі Ауғанстан секілді болуын қалайтын фанатиктердің жағына шығып кетті. Ол конституцияға пысқырмады, жеке өзі көрмеге цензура жасап, 6 жұмысты, оның ішінде менікі де бар, алып тастауды бұйырды. «Evermust» бұл оқиғаның символы болғаны — кездейсоқтық».

Зояның жұмысын музейдің жанындағы коворкинге қойған және «тыйым салынған» шығармаға деген көрерменнің ықыласы одан әрі үдей түсті. Көрмеге қатысушылар Қырғызстан үкіметіне протестік хат жолдады. Ал сол мезетте Бішкектегі «гендерлі-мәдени қақтығыс» туралы ақпарат әлемдік БАҚ-та тарап кетті. Фалькова ағылшын тілінде дәл сол кездегідей ешқашан көп сұхбат бермегенін еске алады. Ал енді мынаған қараңыз, «Evermust» қырғыз дәстүршілдерінің әрекеті «арқасында» тек танымал сурет нысаны болып қоймай, 2023 жылы Барселонадағы «Тыйым салынған өнер музейіне» (ондағы шығармалардың бәрі дерлік кезінде цензураға ұшыраған) жол ашып берді.

Зоя Фалькова. Evermust. Суретші өзінің жұмысымен бірге 8 наурызда, әйелдер маршында/Антон Платонов

«Үнемі міндеттісің» және «Өзің кінәлісің»

Сонымен, антикалық ескерткіштерге сілтеме жасап, Фалькова «Патриархалды қоғамдағы Венераны» жасап шығады. «Ыңғайлы» әйел құдайының аяқ-қолы жоқ. «Қарымта соққы жасай алмау үшін!», – деп айтқың келеді. Бұл шарасыздықтың символикасы шығар. Бокс қапшығының образы да сөйлеп тұрғандай — нысан сыртқы күштің әсерінен тербелмесе, сол күйінде тұра береді. Толықтай пассивті, көнбіс, тек сыртқы сигналдың әсерінен әрекет ете алады және тек белгіленген бағытпен ғана қозғалады. «Evermust» — өз кезегінде «беті жоқ портрет», яғни тұлғасыз, жеке көзқарасы болмау үшін көзі жоқ, өз ойын айта алмау үшін аузы жоқ. Жұмыстың аты — концептуалды сөз ойнату. «Everlast» деген спорттық бренд (Фалькова оны «мәңгілік», «құдайлық құдірет» деп аударады және оны дәстүрлі ерлердің тәрбиесіне телиді) патриархалды қоғамда күйеуіне «үнемі міндетті» болатын әйел үшін «Evermust»-қа айналады.

«Токио!» фильміндегі Мишель Гондридің новелласы еске түседі, оның соңында кейіпкер қыз өзінің жұбына керек болуы үшін орындыққа айналып кетеді. Сол ізбен патриархалды отбасындағы әйел бокс қапшығына айналады. Осылайша Зоя әйелдің тұлға емес екенін, оның тіршілік иесі ретінде өзін бағаламайтынын көрсетеді. Патриархалды қоғамда оны қызметтік рөлге дейін түсіреді, расына келгенде ауыр сөздер айтудан қашпайды. Суретшінің «ескерткіштің» жыныстық мүшесін көрсетуі де бекер емес. «Секс-нысан» мен «бала туатын машинаның» арасында қаншалықты парық бар дейсің?

Шын қапшық пен «Evermust»-тың айырмашылығы сол — ол өте жеңіл және онымен бокстағыдай жаттығу мүмкін емес (бұл әйелдің нәзіктігі мен көңілшектігінің метафорасы). Жұмыстың мәнін түсіну үшін көрерменнің оған қандай қатынас жасайтынын көру де маңызды. Бокс қапшығын көргендер бірден оны соққысы келіп тұрады. Бұл қоғамдағы тәрбиенің қалай әсер етенін, адамның қалай қабылдайтынының керемет иллюстрациясы. Әйелге зат ретінде қарау және тұрмыстық зорлық-зомбылық еркек үшін түйсіктік әрекетке айналып бара жатыр. Бұл таным көкжиегінің қалыптасуы кезінде болған. Бұл дегеніміз заң тұрғысындағы күрес міндетті түрде тек тұрмыстағы зорлық-зомбылық емес, зорлықтың барлық түріне баратын нысандық модельдердің қайта ақылға сала жүруі керек.

Зоя Фалькова. Ұрады демек отырады/Фото: Зоя Фалькова

Фалькованың жұмыстарының тақырыбы да көп нәрсе айтады — «Үнемі міндеттісің», «Өзің кінәлісің» (2018), «Сен қызсың ғой» (2012) немесе «Ұрады екен, жауабын тартады» деген лозунг, керамикалық нысандағы «Үстел үстіндегі» (2022). Бұл сөздік шаблондардың бәрі әйелдерді түсіретін мәдени модельдің тамыры тереңде екенінің дәлелі секілді.

Алматыда Зоя Фалькованың тағы бір жұмысын көруге болады. «Өзің кінәлісің» деген «Art lane» мәдени кеңістігіне қойылған нысан да антикалық дәуірге сілтеме жасағандай. Бірақ бұл жолы құмыраға жазу дәстүріне жүгінеді. Бұндай классикаға деген қызығушылық Фалькованың замануи проблемалардың түбі «тереңде» екенін көргенінен болар — еуропалық патриархалды өркениеттің бастауында.

Құмырадағы суретте биліктің символы ретінде ер полицейлер қызды қуып барады. Атауындағы репликаға салсақ, әйел тағдырының ғасырлар бойындағы формуласы шығатын сияқты. Ал құмыраның формасы бұл суреттегі қуғынды мәңгілік жүгіру жолағына айналдыратындай. Олардың үстінде полиция жұлдыздары бейнеленген. Бұл жұмысқа вертикалды кеңістікті ашып береді. Еркек пен әйелдің қатынасы осылайша билікке, иерархиялы көрсетіледі.

Мұнда да қазір үстем тұрған, әлеуметте ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан модельдер туралы сөз қозғалған. Барлық «шеңбер бойымен жүгірушілер» — әлдебір деңгейде соның құлы. Олар қолшоқпарлар мен қолға киілетін қуыршақтарды еске салады. Мұндай зәйтүн майы толтырылған құмыралар Ежелгі Грекияда жарыс жеңімпаздарына берілген. Дегенмен Фалькова көрсеткен гендерлік жарыста — мәреге бірінші жеткен жеңімпаз емес. Қашып бара жатқан әйел ғана емес, оны қуғыншылары үшін де жеңіс деген бұл жолдан шығып кету сияқты көрінеді, еркіндікке шығу, босау, «жүгіру жолағы» шеңберінен тысқары шығып, демалып, сөйлесу.

Зоя Фалькова. Өзі кінәлі/Фото: Зоя Фалькова

Көшірілді