ÖZIMIZ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТУЫНДЫЛАРЫНА

QALAM-ның атынан 3 МЛН ТЕҢГЕ ЖҮЛДЕ

Дж. У. Уотерхаус. Декамерон. 1916 год /Wikimedia commons

Qalam Global ғылыми-біліми көптұғырлы жобасы республикалық ÖZIMIZ ауызша әңгімелер байқауының бірінші маусымы аяқталғаны туралы жариялады. Жүлде қоры 3 млн теңге болған байқау биыл бүкіл Қазақстанды қамтыды, барлығы 260-тан астам жұмыс келіп түсті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 21 тамыз күні Астанадағы Назарбаев университетінде педагогтардың 2024 жылғы республикалық тамыз саммиті аясында өтті. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты — ауызша баяндау технологиясын қолдана отырып, оқушылар мен студенттерді өмірде бар не болған адамдардың жеке хикаялары арқылы тарихи оқиғаларды және айғақтарды таспалау, ұжымдық рефлексиядан өту процесіне жұмылдыру.

«Байқауға 12 мен 25 жас аралығындағы жастар қатысты. Олардан алуан түрлі тамаша мазмұндағы сапалы шығармалар алдық. Байқау жұмыстарының арасында аудио әңгімелер де, видео сұхбат та, эссе де, басқа да материалдар болды. Жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ. Әр қатысушыға керемет еңбегі үшін шын көңілден алғысымызды білдіреміз», – дейді Qalam Global бас редакторы, Жар Зардыхан.

Байқаудың қазылар алқасы жұмыстарды түпнұсқалығы мен тұтастығы, эмоционалды және мағыналық тереңдігі, байқаудың тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі, сондай-ақ баяндау сапасы секілді критерийлер бойынша бағалады.

Ұйымдастырушылар 260-тан астам жұмыстың 105-і байқаудың лонг-листіне енгенін айтады. Финалға (шорт-лист) 24 жұмыс шыққан. Жоба Алматы мен Астанадан бастап Рудный және Павлодарға, Алакөл мен Бөген ауылынан Байқоңыр мен Щучинскіге дейін Қазақстанның барлық аймағын қамтыған.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын мен 1,5 млн теңгенің сертификатын 9 сыныпта оқитын астаналық Мансұр Сәбирұлы «Любовь» шығармасы үшін алды. Бұл — қуғын-сүргінге ұшыраған арғы атасы туралы деректі ұзақ жылдардан кейін тапқан отбасы жайлы әсерлі әрі көркем жазылған еңбек.

Екінші орынға (сыйлық — 1 млн теңге) Тараз қаласында тұратын Анар Жұмахан мен Толғанай Бекжапар Қарасай шатқалы туралы жұмыс үшін ие болды.

Үшінші орын және 500 мың теңгенің сертификаты №2 Құсмұрын мектебінің (Қостанай облысы) оқушысы Лиана Товсултановаға бұйырды. Оның шығармасы депортацияланған шешен отбасы жайлы әңгімелейді.

Мұнымен қатар Qalam Global сайтында оқырмандар дауыс беріп жатты. Ең көп дауыс жинаған жұмыстар оқырмандар көзайымы жүлдесіне ие болды. Бұл аталымда Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Нұртілеу Қадырқұл Әжем айтқан үш әңгіме»), шымкенттік Данагүл АманжолБекасыл әулие») және алматылық Нәдия Сатылғанова (Без них не было бы нас: моя семья и история страны») жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар жеңіске жетпеген, алайда редакцияның көңілінен шыққан жұмыстарға арнайы ынталандыру жүлдесі тапсырылды. Бұл сыйлықтарға Диана Ковган (Астана, «Алтын қыз, или история одной любви»), Ирина Веснина (Талдықорған, «Менің сүйікті қалам») және Санат Шерубаев (Талдықорған, «Ozim zhaily») ие болды.

Көшірілді