ҚАМШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ФУНКЦИЯЛАРЫ

«Қазақтың қолындағы қамшы — қылыштан өткір»

ҚАМШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Салт аттылар / Qalam

«Қазақтың қызын алма, қамшысын ал»

(Қалмақ мәтелі)

«Қазақтың астында аты, қолында қамшысы барда, ешбір жау ала алмайды. Арыстандай ақырып, алға шап бергенде, қанша тырыссаң да, тоқтата алмайсың»

(Маршал Чойбалсан)iiМоңғолияның саяси қайраткері (1939–1952).

ҚамшыiАры қарай, қазақша «қамшы» деген сөзді пайдаланамыз — бағзы заманнан бері келе жатқан әбзелдердің ажырамас жарақтарының бірі. Адамзат баласы жылқыны қолға үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастағанда, асау жануарды басқарып, бағу үшін қандай да бір құрал керек болды. Алғашқы кездерде адам атты шыбықпен немесе таяқпен түртіп отыратын. Кейіннен малдың өңделмеген терісінен шыбыртқы жасап үйренді.

Қамшы өру өнері бастау алғаннан бері, оны таспа санына қарай ірі қара малдың иленбеген терісінен жасайтын болған — үшеу, төрт, алты, сегіз, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа. «Қамшы» сөзінің шығу тарихы туралы қазақ қолөнерінің қас шебері, танымал ұста Дәркембай Шоқпарұлы былай дейді: «Қам» деген сөздің қазақта бірнеше мағынасы бар.

«Қам» — шикі, өңделмеген, жартыкеш, піспеген, қозғалыс, талпыныс, тәсіл, қулық, мұң, жабырқау, уайымдау, дайындық, үйрену дегенді білдіреді. Ары қарай: қамба, қаша, қамал, жармасу, сол сияқты терісі бағалы аңдар (үлпілдек жүнді): кәмшат, қаракүзен, құндыз; қымбат маталар: парша, кәмшат терісінен тігілген тон (қамқап) — осының бәрі «қам» деген сөздің мағынасын білдіреді.

Қамшы жасау үшін әлі өңделмеген, шикі тері пайдаланылады, сол себепті, қамшы сөзі: қам — шикі-қамшы, қам — шылғи-қамшы (екі мағынасында да): әлі өңделмеген, қам, шикі теріден, демек шылғидан жасалады) деген түбірден шыққан. «Қамшы» сөзі осы түбірден пайда болса керек.

Кейбір деректер бойынша, айғырдың жыныс мүшесін де (қаса) кейбір өңірлерде «қамшы» деп атайтын болған, олар да осы терминнің бағзы заманнан келе жатқанын растайды.

Халық, тіке немесе жанама түрде болсын, қалай айтса да, бұл сөздің этимологиясын анық көрсетіп кеткен, сондықтан мұнда аталмыш терминнің этнолингвистикалық мағынасына мән беру керек. Балаларiұлға да, қызға да алғаш рет ат жалын тартып, ашамайға қонғанда ата-анасы, қамшы жасататын болған. Дәстүр бойынша отбасының әрбір мүшесінде бір-бірден қамшы болған. Салт аттының, мейлі ер болсын, әйел болсын, ел алдына қамшысыз шыққаны әбестік саналатын (көшпелі болсын, ас бергенде болсын, тіпті тойда да). Тіпті айдауды талап етпейтін, жүрдек тұлпардың өзіне қамшы үйіріп жүру қазақтардың қанына сіңген әдетке айналады. Жетісу өңірінде: «Қолында бесқасқа жүгені мен алты өрім қамшысы бар жігітке жетер кім бар?» дейді. Сондықтан есі кіріп, етегін жиған бозбаладан бастап, әбден кемеліне келген азаматтар да басқа әбзелдер мен құрал-саймандарға қоса, әдемі қамшы ұстап жүруді жөн санаған.

Қазақ халқы қамшы өру өнерін жоғары бағалайтын болған. Кей кездері қамшы жасату үшін шеберлерге кезекке тұрыпты. 19 ғасырдың соңында атышулы ұсталар бұйымдарын базарлар мен жәрмеңкеге шығаратын болған. Я. Я. Полферов былай дейді: «Қамшы және шыбыртқы жасау кәсібі қазақтардың сауда жасау кезінде ақша ұстауына жол ашты». Қазақ қамшылары, әсіресе, орыс казактарының сұранысына ие болған деседі. Көркі көз тартатын, қымбат, асқан ептілікпен өрілген қамшы ұстау қазақтарда ер адамның асқан талғампаздығын, сәнқойлығын білдіретін болған.

Қазақтың адуын ақыны Кенен Әзірбаев жастық шақта ойнап-күлуге қызыққан, қызы көп ауылды жағалап, қолдарына екі бүктеп қамшы ұстаған бозбала мен жас жігіттерді былай суреттейді:

Ақ бүрлен, қызық бүрлен, бүрлен, бүрлен!

Бүрленді11БүрленҚызыл күлте ашатын қыр гүлі. аралайды жолын білген,

Қамшысын екі бүктеп, қолына ұстап,

Қызығы бұл жалғанның ойнап-күлген.

Қыздар мен әйелдердің қамшысы басқаша безендіріледі. Кейбір деректерге қарағанда, сабына мыс пен жез жалатылған (сары ала қамшы) қамшы, қазіргі кезде Моңғолия мен Қытай қазақтарында кездеседі, баяғы заманда қамшыны алтын және күміс жалатылған бұйра сымтемір шыбықтармен өріп, шашақтарына дейін дөңгелек алтын немесе күміс салпыншақ тізіп қоятын болған (АӨЖМ). Мұндай шыбыртқы «сән қамшысы», «алтын қамшы», «күміс қамшы» деп аталатын. К. А. Әкішев Есік қорғанының сол жағынан табылған Алтын Адамның22Алтын адамi1969–1970 жылдардағы Есік өзенінің жағасынан табылған археологиялық олжаның шартты атауы: сән-салтанатты алтын киімдегі қалдықтар. Олар сақ жауынгеріне жатады деген болжам бар. алтынмен апталған қамшысын суреттейді. «Алтынмен апталған» деген сөзді қазақтар «шырмауықша оралған» деп те айтады.

Есік қорғанынан табылған қамшыны сәндік немесе алтын жалатылған деп айтуға толық негіз бар. Одан бөлек «шырмауық» сөзі орта ғасырлық жырау Доспанбеттің жырларында кездеседі:

... Қарағайлы көдік бойында

Қамшым қалды ойында:

Бүлдіргесі бұлан терісі,

Өрімі құнан білдің қайысы,

Шырмауығы алтын, сабы жез...

Алтынмен апталған қамшылардың болғанына біздің дәуірімізге дейінгі 4–3 ғасырларға жататын Берел қорымынан табылған қамшы саптары дәлел бола алады. Ұстайтын тұтқасы ағаштан жасалып, мысық тұқымдас аңның суреті салынған қамшыларға алтын жалатылған. Алтынмен апталған қамшыны 20 ғасырға дейін тек бақуат адамдар ұстап келген. Ол туралы халық әнінде былай дейді:

Қолымда бір қамшым бар алтындалған

Ұстай алмай кей адам қалтылдаған.

Кейбір дереккөздердің айтуынша, қазақ дәстүрінде аттың, қасқырдың немесе басқа аңдардың басы салынған ағаш немесе мүйіз сап та қолданыста болған.

20 ғасырдың басында аты әйгілі басшыларды қобызымен қоса, жын-шайтан қуады деген сеніммен қамшысын қоса жерлейтін салт болған. Алты өрім қамшыны қазақтар «бұзау тіс қамшы» деп атаған, сегіз өрім қамшы — жуан қамшы деп аталған. Жетісуда сегіз өрім қамшыны «қырғыз қамшы» деп атапты. Алғаш рет қамшы мен оның құрамдас бөліктерін Шоқан УәлихановiiҚазақ ғалымы, фольклоршы, тарихшы және ағартушы (1835–1865). суреттеп жазады. Тұтқаның немесе саптың өлшемі шынтақ пен жұмылған жұдырыққа дейін ұзындықта болуы тиіс немесе төрт-бес жұдырықтың ұзындығындай болуы тиіс, оны 7 тұтам деп атайды (1/4 қарыстың төртеуіндей, шамамен 70 см). Өрімнің ұзындығы — бес алақандай, сонда шамамен 4 қарыс болады, демек 1–2 тұтам (10–25 см) саптан ұзындау болады. Сабының ұшына қайыстан түйілген бау бекітіледі (бүлдірге).

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі

Мен айтайын сөзімді күлдіргелі.

Халық әні

«Бүлінгеннен бүлдірге алма»... Егер осы мәтелдің астарына үңілетін болсақ, мынаны түсінуге болады: қирап қалған, соры қайнаған жерге тап болсаң, ештеңе алма, тіпті бүлдірге тәрізді болмашы нәрсесіне тиіспе, зияны өзіңе тиюі мүмкін.

Қамшы құрылымы мен оның алуан түрлі элементтерін мұқият зерттеген танымал ұста Д. Шоқпарұлы былай жазады: «қамшы мынандай құрамдас бөліктерден тұрады: өрілген бөлігі немесе ілмек (өрім), тұтқасы (сап), ортасы (алақан), бас жағы (бас), шүйдесі (дүм), кежеге (кежеге), шашағы (айдар), мойны (мойнақ), бунақ (бунақ), бітеуіш (бүркеншік), ілмек пен ортасы бекітілетін жер (шежемей), иірме (шырмауық), шашақ (шашақ), кеспек (бауыр), сақина (тығырық), түйіндік (тобыршақ), түйін (түйін), тігіс (тігіс) және тағы басқалар…».

Қазақ қамшысының атаулары әлі де толықтырылып, нақты анықтауды қажет етеді. Д. Шоқпарұлының мәліметінше: «Кейбір шеберлер «шежемей» дегенді сабы мен өрімнің (ұратын) бөлігінің қаусырма арқылы түйсікен жерін атайды», бірақ, басқа бір деректер бойынша, бұл термин — тұтқа мен өрімді бекітетін орта бөлігінің атауы.

Қолымда бір қамшым бар шежемейлі

Мал айдасаң өрісте не жемейді.

Халық әні

Қамшыны дайындау алдында екі жасар серке немесе үш жасар өгіздің жақсылап өңделген терісі алынып, ұзын қайыс таспалар — «құлақбау» тілінеді. Ары қарай, осы тілінген қайыс таспалардан өруге арналған ызба жасалады. Бағзы заманда қамшының сабын тайынша терісімен — ол өгіздің қатқыл терісі (көн тері) немесе кептірілген тарамыспен тығындап тастайтын болыпты. Кейінірек 20 ғасырда өгіздің терісі және тарамыс бірте-бірте қалып қойып, өзек ретінде темір пайдаланыла бастайды. Соққыны бірнеше есе күшейту мақсатында өрімдіктің ұшына (орыс казактары оны ілмек деп атайды) кішкене қорғасын бекітіп қоятын болған. Әдетте мұндай әдіс ұзын қамшыға қолданылатын. Жорыққа немесе әскери қимылдар үшін жасалған қамшының сабы тау ешкінің немесе еркек арқардың мүйізінен (құлжа) жасалатын, ал күнделікті тұрмыста пайдаланылатын қамшы сабы оған қарағанда жіңішкелеу болады және еліктің сирағынан дайындалатын. Малды ұзын қамшымен айдайтын — оған шыбыртқы немесе солқылдақ шыбық пайдаланатын. Әдетте шыбықтың өрімдігі жіңішке етіп өрілетін. Оңтүстіктегі және батыстағы қазақтар оны «шыбыртқы» дейді, шығыстағы қазақтар — «бишік» деп атайды.

Кейбір шеберлер қамшыны тапсырыс берушінің қолына ыңғайлап өретін, анығырақ айтқанда, алақан мен жұмылған жұдырықтың арасындағы кеңістік (тұтам) — бұл ұзындық өлшемі, оның ені төрт саусақпен тең, шамамен — 10 сантиметр болады. Шеберлер төл кәсібінде тек өздері түсінетін терминдерді пайдаланатын, мәселен, мына өлшемдердің бәрі жоғарыда айтылған мәліметтердің дәлелі:

Қамшы / Shutterstock

Қамшы / Shutterstock

Қамшы туралы наным-сенімдер

Қамшыға байланысты сенім-наным мен ырымдар қазақтардың дәстүрлі әдеп-ғұрпында, салт-санасында, жол-жоралғысында, халық медицинасында сақталып келген.

Кейбір деректердің айтуынша: егер адам қамшысын табалдыраққа тастамай, үйге алып кірсе, жай келмегені; қамшысын қолына қапсыра ұстап алса — жанжал шығарып, дауласуға келген; қолына қамшысын ұстаған күйі төрге шығып, ортаға тастаса — ұзақ уақыттан бергі ұрыстан шаршап, мәселені бейбіт жолмен шешу үшін келген.

«…Орынбор қазақтарының билер алқасында сот жүріп жатқанда, кінәлі адам қамшысын ортаға тастайтын болса, өзінің айыбын мойындап, билер алқасының қандай да болса, шешімімен келісетінін білдіргені …».

Егер адам ішке кірерде қамшысын қолынан тастамай, төрге қарай ұмтылса және оны екі бүктеп, тізесінің үстіне қойып, шынтағымен басып отырса, демек, қарсыласымен дауласуға келіп отырғаны...

Тувалықтардың әдеп-ғұрпы бойынша, егер мейман үйдегі қожайынының қонақжайлығына риза болмаса, атын әбзелімен қоса алып кетіп, өзінің қамшысын тастайтын. Тувалықтар қамшыны мал-жанды, жылқы басын көбейтетін, отбасын байытатын ерекше мүлік санайды. Қамшыны ала кету үйден молшылық пен байлықты ала кетумен бірдей деп есептелетін.

Қазақтардың үйленуге байланысты салт-дәстүрінде қамшының рөлі ерекше. Құда түсіп келген бозбаланың әкесі болашақ келінінің үйінен шығарда қамшысын айттырудың белгі ретінде көзге көрінетін биік жерге іліп кететін. Егер жігіт жағы кешігіп қалса, қыз тарапы келісімнен айнып, қамшыны иесіне қайтаратын. Бұл ғұрып дәл солай аталады: «қамшы қайтару».

Егер қамшы бас жағымен ілініп тұрса, сабы мен өрімі бір-бірінен алыстау салбырап тұрса, сол үйдің бой жетіп отырған, әзірге басы бос қызы бар дегенді білдірген.

Н. М. Изразцовтың айтуынша, егер бойжеткен басына сәукеле киіп, көз тартардай әдемі әбзелденген ат мініп, қолына шүберек байланған қамшы ұстап, үй-үйді аралап жүрсе, адамдарды тойға шақырғаны болып саналған.

Қазақтар әлі күнге дейін шүберек байланған қамшымен жаңа түскен келіннің беташар рәсімін өткізеді.

«Бесікке салу» рәсімінде де жаңа туған сәбиді батыр болсын, елдің қорғаны, сыйлы азамат болып өссін, астында ұшқыр аты болсын деген ниетпен, қамшымен қоса, кебенек сыйлайтын. Одан бөлек, болашақта сәбидің шабандоз болуын, көкпаршы болуын қалағандықтан, қамшымен бесіктің екі жағын айналдыратын жоралғы жасайды. Халықта: «қамшының сабы сынса — әйел өледі, пышақтың сабы сынса — ері өледі» деген ырым бар. Бұрынғы заманда, осы ырымдарды пайдаланып, әйелінің немесе ерінің өлгенін естіртетін болған.

Сол сияқты «қамшы салу» әдет-ғұрпы болған. Ер азамат атқа қонып, ұзақ сапарға аттанарда, әйелі оған қамшысын өз қолымен тапсыратын, күйеуі онымен әйелінің арқасынан ақырын сипалайтын. Бір қызығы, әйелдер ешқашан күйеуінің қайда кетіп бара жатқанын сұрамайтын. Оны ері атқа қонбай тұрып, бірер күн бұрын сұрауға рұқсат етіледі. «1950 жыл болатын, екеуіміз енді үйленгенбіз, – деп есіне түсіреді Күлән апа. – Күйеуім атқа мініп, кетейін деп жатыр еді, менің аузым жылдам: «Қайда бара жатырсың?» – деп сұрай қалдым. Сол кезде ол мені қамшысымен осып жіберді, мен ауырсынып, шыңғырып жібердім. Жаздыгүні болатын, үстімде жеңіл шыт көйлек, күйеуімнің қамшысы терімді тіліп жіберді. Менің оқыс шыққан даусымды естіп, сыртқа әжем шықты: «Не болды?» – деді. Мен болған оқиғаны айтып бердім, содан ол мені жұбата бастады: «Ах, жаным. Сен не, сапар алдында еркектен жөн сұрамайтынын білмеуші ме едің? Әйтпесе жолы болмай қалады. Кеше сұрап алмадың ба?» (АӨЖМ).

Қамшының келесі функциясы — түрлі бәле-жала мен жын-шайтаннан қору. Діни наным бойынша, бақсылар қамшыны ең киелі атрибуты ретінде санайды. Ырымға сенсек, жылқының қасиетті тері сіңген қамшы бәле-жаладан, жын-шайтаннан қорғайтын көрінеді. Сондықтан қазақ бақсылары ақыл-есінен алжасқан науқастарды қамшымен емдейтін болған, айы-күні жетіп отырған жүкті әйелдің үйінің төріне қамшысын іліп қоятын болған. Алтайлықтар сабы тобылғыдан жасалған қамшыны мадақтап, ешқашан отқа тастамайтын болған. Олардың нанымы бойынша, тек қамшы ғана түрлі кесір-кесапаттан сақтайды, ал от осы ағашты ерекше қасиеті мен күшінен айырады деп сенеді.

«…Абақ-Керей руынан шыққан, Сазайдың ұлы Манастың атақты «Сайтан қашар» қамшысы әлі күнге дейін бар. Өте жуан, сегіз қырлы қамшының сабы Ор өзенінің маңында өсетін қарағаштан жасалған.iҚарағаш (шегіршін), Ресейдегі Ор өзенінің маңында өсетін ағаш, абак-керей руы оны киелі деп санайды. Әзір ол Сазайдың немересі Әбдірәшиттің үйінде сақтаулы…».

Бірде танымал қамшыгер әрі осы өнерде алдына жан салмайтын ұста үш қамшы жасапты: біреуінің сабын тау ешкінің мүйізінен, екіншісінің сабын еліктің сирағынан, үшіншісінің сабын тобылғы ағашынан жасапты. Сосын үш ұлын шақырып алып: «Ал, құлындарым, мен қартайдым. Міне, үш қамшы жасадым, ішінен өздерің таңдап алыңдар» депті. Кенже ұлы дереу сабы еліктің сирағынан жасалған қамшыға жабысады: «маған мынау да жетеді, әке!». Ал екінші ұлы сабы тобылғыдан жасалғанын, үлкен ұлы –— сабы тау ешкінің мүйізінен жасалған қамшыны алыпты. Сонда әкесі кенже ұлына қарап: «Ех, балам, сенің жасың әлі отызға да келген жоқ, сабы еліктің сирағынан жасалған қамшыны жасы елуден асқан, сыйлы адамдар ұстайды. Себебі олардың отбасы, бала-шағасы бар, жалғыз қалудан қорықпайды. Сонда сен мына еліктің сирағы сияқты жалғыз қалуды қалайсың ба? Әлі күнге дейін үйленген жоқсың, түтін түтететін ошағың жоқ, бала-шағаң жоқ, сен сабы тобылғыдан жасалған қамшыны алуың керек еді…, – депті көңілі жабырқаған қарт шебер. Ортаншы баласына: — Ағаң сабы мүйіз қамшыны алды, ол биліктің белгісі. Ал сенің мыңғырған малың, бала-шағаң көп болады, тобылғы бір-бірімен топтанып өседі, сен де дәл солай ұрпағыңды көбейтіп, бақытты өмір сүресің» – депті.

«Танымал қамшыгер Біләл, қыста бүркітімен аң аулап жүріп, құтырған атанға кезігіп қалыпты. Оң қолында бүркіті отыр екен, содан Біләл бар күшімен сол қолындағы қамшымен түйенің басынан осып жіберіпті. Түйе қалпақтай ұшып түседі. Атанның иесі, қалмақ жігіт жанжал шығарып: «Сен басқа қару пайдаландың, түйемнің құнын төлеiАйыбы үшін төленетін төлем, – депті. Біләл арырақ барып тұрады да, қайта айналып келіп, оң қолындағы қамшысымен өлі түйенің басын салып қалып, мылжалап тастайды. Осылайша қамшыны допша үйіретін өнерлі жігіт шеберлігінің арқасында құн төлеуден сытылып кетіпті».

«Атақты рубасы Ыбырай бірде қамшыгер Төлебаймен дауласып қалады. Таластың шарты бойынша екеуінің бірі бұқаны қуып жіберуі тиіс болады. Төлебай бұқаның ту сыртынан қамшымен осып жіберіпті. Бұқа жерге жалп етіп, бірден пышаққа ілінеді. Соққы орнында пайда болған тесікке қараса, бел омыртқасы сынып кеткен екен. Ыбырай көп ойланбастан, қамшыгерге өзі мініп жүрсе де, ұтысқа тіккен қарагер атын беріп, құнын кешіріп жіберіпті. Бұл оқиға 1939 жылы Тарбағатайда болған…».

«1940 жылы Әріп есімді жас жігіт ауыл аралап, қыдырып жүргенге ұқсайды. Осылайша кездейсоқ көкпаршыларға кезігіп қалады да, көкпарға тігілген лақты алып, қаша жөнеледі. Оның артынан жалма-жан қуа жөнелген үш жігіт жетіп алып, қамшының астына алады. Соққыдан жаны ауырып, ашуы келген Әріп әлгі жігіттердің біреуін қамшысымен салып жібереді. Жігіт аттан ұшып түсіп, сол жерде жан тапсырыпты. Қамшы бешпенті мен жейдесінің жұлма-жұлмасын шығарып, қабырғасын сындырып, өкпесін тесіп өткен дейді. Адам өліміне қарамастан, халық Әріпті бас салып соққандарды кінәлі деп тауып, құн төлеуден босатып жіберіпті».

Талай ғасыр бойы қамшы қазақтардың қаруы болған. Барымта кезінде немесе жылқы табындарын үйіріп айдап салғанда, қамшының арқасында адам өліміне жол берілмейтін. Ол туралы мұрағат материалдарында былай делінеді: «… Барымтаға қазақтар қалың әрі үлкен қамшыi(дырау), осымен қасқырды сабап, малдарын аң-құсқа алдырмайтын, басқа суық қаруды пайдаланбауға тырысатын…».

1940 жылы маршал Чойболсан Моңғолияда Баян Өлгей қазақ Ұлттық Аумағын құру туралы бастама көтереді. Оның сөзі бүкіл қазақ халқына берілген сипаттама ретінде тарихта қалды: «…Қазақтың астында аты, қолында қашмысы барда, ешбір жау ала алмайды. Арыстандай ақырып, алға шап бергенде, қанша тырыссаң да, тоқтата алмайсың …».

Есіктегі Алтын Адам қорымынан табылған қамшы дәстүрлі әрі көрнекі үлгі болып саналады. Одан бөлек, сақтар мен скифтердің қамшыны тұрмыста да, әскери мақсатта да пайдаланғаны туралы мәлімет көп. Геродоттың жазбаларында, Қара Теңіз жағалауын мекендеген скифтер Батыс Азия елдерінде 28 жыл соғысып, кері қайтқаны туралы айтылады. Еліне келсе, әйелдерінің құлдарымен көңіл қосқанын, олардан туған балалардың ер жетіп, белі бекіп, ел басқарып отырғанын көреді. Сонда құлдар мен скифтердің арасында соғыс басталып кетеді. Бірақ скифтер қанша тырысса да, құлдарын жеңе алмай қойыпты. Сонда скифтердің біреуі бауырларына былай депті: «О, скиф сарбаздары! Бізге не болған? Біз кешегі құлдарымызбен соғысып жатырмыз! Олар біздің әлсірегенімізді пайдаланып, қырып барады. Сондықтан, меніңше, біз найзамыз бен садақтарымызды тастап, оларға қамшымызбен қарсы шығайық. Себебі олар қаруымызды көргенде «бізбен теңбіз, біздің де қаруымыз бар» деп ойлайды. Ал егер қарудың орнына қамшымызды көрсе, өздерінің құл екендері есіне түсіп, мойындайды да, қарсы келе алмайды», – депті.

Скифтер оның кеңесін құп алады. Қамшыны көрген құлдардың зәресі ұшып, соғысты ұмытып, қашып кетіпті. Осыған байланысты Жәке би Қойтанұлының мына бір өлең жолдары есімізге оралады:

Қамшы / Shutterstock

Қамшы / Shutterstock

Қамшы — қару

Талай ғасыр бойы қамшы қазақтардың қаруы болған. Барымта кезінде немесе жылқы табындарын үйіріп айдап салғанда, қамшының арқасында адам өліміне жол берілмейтін. Ол туралы мұрағат материалдарында былай делінеді: «…Барымтаға қазақтар қалың әрі үлкен қамшы пайдаланатын (дырау – А.Т.), осымен қасқырды сабап, малдарын аң-құсқа алдырмайтын, басқа суық қаруды пайдаланбауға тырысатын…» [13, 15 б.].

1940 жылы маршал Чойболсан Моңғолияда Баян Өлгей қазақ Ұлттық Аумағын құру туралы бастама көтереді. Оның сөзі бүкіл қазақ халқына берілген сипаттама ретінде тарихта қалды: «…Қазақтың астында аты, қолында қамшысы барда, ешбір жау ала алмайды. Арыстандай ақырып, алға шап бергенде, қанша тырыссаң да, тоқтата алмайсың…»

Есіктегі Алтын Адам қорымынан табылған қамшы дәстүрлі әрі көрнекі үлгі болып саналады. Одан бөлек, сақтар мен скифтердің қамшыны тұрмыста да, әскер мақсатта та пайдаланғаны туралы мәлімет көп. Геродоттың жазбаларында Қара Теңіз жағалауын мекендеген скифтер Батыс Азия елдерінде 28 жыл соғысып, кері қайтқаны туралы айтылады. Еліне келсе, әйелдерінің құлдарымен көңіл қосқанын, олардан туған балалардың ер жетіп, белі бекіп, ел басқарып отырғанын көреді. Сонда құлдар мен скифтердің арасында соғыс басталып кетеді. Бірақ скифтер қанша тырысса да, құлдарын жеңе алмай қойыпты. Сонда скифтердің біреуі бауырларына былай депті: «О, скиф сарбаздары! Бізге не болған? Біз кешегі құлдарымызбен соғысып жатырмыз! Олар біздің әлсірегенімізді пайдаланып, қырып барады. Сондықтан, меніңше, біз найзамыз бен садақтарымызды тастап, оларға қамшымызбен қарсы шығайық. Себебі олар қаруымызды көргенде «бізбен теңбіз, біздің де қаруымыз бар» деп ойлайды. Ал егер қарудың орнына қамшымызды көрсе, өздерінің құл екендері есіне түсіп, мойындайды да, қарсы келе алмайды», – депті.

Скифтер оның кеңесін құп алады. Қамшыны көрген құлдардың зәресі ұшып, соғысты ұмытып, қашып кетіпті [14, 188 б.]. Осыған байланысты Жәке би Қойтанұлының мына бір өлең жолдары есімізге оралады:

Қойшыға құрық беріп нең бар, таяқ та жетеді,

Құлға қару жұмсап нең бар, қамшы да жетеді.

«… 1954 жылдың қазанында бізді әскерге алып кетті. Өскеменге жеткенде, пойызға отырып, Локоть стансасына жеттік. Локотьта бүкіл Кеңестер Одағынан әскерге шақырылғандар жиналады. 4–5 эшелон алыстағы Владивостокқа аттануы тиіс болатын. Стансада ресейлік жігіттер мен қазақстандықтар төбелесіп қалады. Ресейліктер бойшаң, денелі болғандықтан, біз оларға төтеп бере алмадық, таяқ жеп қалдық. Ол жылдары эшелондар ұзақ уақыт, тіпті апталап жүретін. Стансалардың бірінде біз дүкен аралап жүріп, құлақбау көріп қалдық. Бағасы арзандау екен, бірнеше таспа сатып алдық. Вагонға келіп, басқа жігіттерге де айтып едік, олар да алып келді. Күні бойы сәкіде жатып жол жүреміз, басқа жұмысымыз жоқ, сондықтан жабылып қамшы өре бастадық. Ол кезде қамшы өру ұмытылмаған, бәрінің қолынан келетін. Кім бастағанын білмеймін, тағы бір төбелес тұтанып кетті. Сол кезде біздің жігіттердің бірі аналардың басынан қамшы үйіре бастады, сол сәт әлі көз алдымда. Ресейліктер: «Қамшы, қамшы!» – деп айқай салып, қорыққанынан сәкінің астына кіріп кетті. Кейбіреулері вагонның шатырына шығып алды. Қамшының айбаты мен мысы басқаны сонша, әлгілер Владивостокқа жеткенше, бізге қарап аузын аша алмады…».

Халық арасында қамшы жасау ісін меңгерген шеберлер туралы аңыз-әфсана өте көп (қамшыгер)iБолашақта ыңғайлы болу үшін бұл сөз диалектизм ретінде қолданылады: қамшыгер Адамдар олар туралы осы күнге дейін ауыздарының суы құрып, әңгімелейді. Біз солардың бір-екеуіне тоқталып кетеміз.

«...1920 жылдардың ортасында Тәшкенде Омар есімді басмашының бұзақылар тобы ойран салады. Ол мемлекет малын ұрлап, белсенді большевиктерді соққыға жығып, тауда жасырынып жүретін. Бірде, жаздыгүні Омар тамақ ішейін деп Тәшкеннің шайханаларының біріне тоқтайды. Атын байлап, ішке кіріп, тымағы мен тонын шешіп, жайғасады. Қашып-пысып, жасырынып жүрген адамға кім қарасын? Омар қамшысымен арқасын әрі-бері тыр-тыр қасып, біраз отырады. Мұны көрген шайханашылар тамақ апаруға асықпайды. Бір кезде Омар дауысын шығарып: «Маған тамақ беріңдер!» – дейді, даяшы оны мазаққа айналдырып, басқалардың үстелінде қалған қоқысты жинап, әкеліп береді. Мұны көрген жұрт қарқылдап күле бастайды. Сол кезде бұрын-соңды мұндай қорлық көрмеген Омар қамшысын жұлып алып, даяшының басынан осып жіберіпті. Анау сол жерде тіл тартпай кетеді. Қорқып кеткен адамдар бірінен соң бірі сыртқа қашып шығады. Омар тамақ алдырып, асықпай-саспай, аузы тұшып ішіп алады да, өз бетінше кетеді... Сол оқиғаны өз көзімен көрген куәлер қандықол қазақтың қолындағы қамшының қылыштан өткір екенін айтады...».

«…Бұл елуінші жылдары болған оқиға (1950). Қамшыгер Қазанбай ол кезде 80-нен асып кеткен, бір аяғын сылтып басатын, кедей еді. Бір күні Қазанбай дүкенге ұн алуға келіпті. Моңғол сатушы оған: «Сені жұрт қамшыгер дейді ғой, егер мына ұн салынған жүз келілік қанар қапты қамшыңмен екіге бөлсең, тегін бере саламын» – депті. Қарттығына қарамастан, Қазанбай қамшысын қапқа сілтеп жібереді. Қап екіге бөлініп қалады. Моңғол сатушы қаптың жыртығын жамап, қамшыгердің қанжығасына байлап береді. Сол кездегілер Қазанбай соққы жасағанда, қамшы сабын бас бармағымен басып тұрыпты деседі. Кейде тіпті қамшының бір соққысымен екі жасар өгіздің терісін тіліп тастайтын дейтін…».

Бір кездері Хасен есімді қамшыгер өмір сүріпті. Қамшысын бір сілтегенде, адамға шабуылдаған түйені өлімші етіп құлататын көрінеді. Аттылыны ұрса, атымен бірге құлататын. Ол туралы халық арасында түрлі аңыздар бар: қамшысының ұшында қорғасыны, сабының ортасында — темір өзегі болыпты деседі. Бірде бір бай Хасеннің қамшысының құпиясын білмек болып, ұрлап алады. Өрімін жазып көреді, қараса, артық ештеңе жоқ, кәдімгі қамшы. Әлгі бай айыбын мойындап: «Қамшыңның басқалардікінен түк айырмасы жоқ екен, біз оның өрімін жазып көріп едік, сондықтан саған шапан жауып, ат мінгіземіз» – дегенде, қамшыгер: «Мәселе қамшыны өруде емес, соғуда. Егер сабын бас бармағыңмен басып тұрып, сілтеп жіберсең, соққы төрт саусақ арқылы қамшының ұшына дөп келеді. Демек, барлық құпия — ептілік пен қолдың қарулылығында». «Көшпелі қазақтардың ең қажетті құралына жуан шыбыртқы «қамшыны» жатқызуға болады, ол тек мал айдауға ғана арналмаған. Қамшымен аң аулағанда түлкіні ұрып құлататын, дұшпандарын сабайтын және тағысын тағылар» – деп жазды Л. П. Потапов.

Тарбағатайдың Майлыжар деген жердегі Ысқақ болысында батырлығымен аты шыққан қамшыгер Қали деген жігіт болған, ол бір шайқаста 40 адамды соғып құлатып, 40 жылқы айдап әкеліпті. Жасы 30-дан асқан, қараторы, етжеңді жігіт болған. Бірде Ысқақ болыстың бір түйесі (бура) құрдастарымен келе жатқан Қалиға атыла жөнеледі. Сонда Қали: «Адам жейтін қожайынының түйесі де адам жейді екен» – деп, қолындағы қамшысымен құтырған түйені бір салып, сұлатып түсіреді. Болысты «адам жегіш» деп бекер айтпайтын, ол адамдардан пара алумен танымал болыпты.

Сойылмен шайқасу шебері (сойылшы) Мұхамәдидің денесі ірі жігіт екен, кәдімгі адамға тон тігу үшін 7–8 қозының терісі кетсе, Мұхамәдиге 12 қозыдан тігілетін. Бірде, екі батыр алагеуімде жол үстінде кездесіп қалыпты, біреуі сойылын бұлғаңдатып тұр, екіншісі қамшысын үйіріп тұр. Екеуі бір-біріне бірдей мезетте қарап қалады. Мұхамәди: «Қали деген сенбісің?», – деп сұрайды. Қали: «Мұхамәди деген сенбісің?», – деп сұрайды.

Тағы бірде екі қамшыгер таудың қысаң соқпағында кездесіп қалады. Қамшыларын сермей бергенде, айқасып қалып, не былай, не былай сілтей алмайды. Сол кезде екеуі бір-бірінің күш-қуатын мойындап, аттарынан түседі де, құшақтасып, дос болуға серттеседі.

Бүгінде қамшы пайдалану шеберлігі ұлттық өнердің ұмытылған аспектісіне айналды. Қамшы сілтеудің көптеген тәсілдері болған. Қамшы үйіру, қамшымен сес көрсету, малды қамшымен жасқау, сипап тұрып, осу; батыра тұрып, шықпырту; қашмымен орап тарту; шықпырту, шықпырта тұрып, оса тарту, тіле тарту және тағы басқалар...

Қазақ қамшысының бірнеше функциялары бар: билік символы, бақсылардың емдеу құралы, жөн-жоралғы құралы, мал жайғау, қару.

Ғасырлар бойы қамшы қазақтардың басты ұлттық нышаны болып келді. Аттан жерге түскен соң, қазақтар қамшы ұстауды доғарды. Қамшы ұстаған қазақ — сұсты, айбарлы көрінетін және басқаларды мысы басып тұратын. Жылқысы мен қамшысынан айрылған қазақ сұсынынан айрылып, кәдімгі адам болып қалды. Сондықтан, егер, бүгінгі күні қамшы өруді қайта жандандырып, насихаттап, осы өнерді жастарға үйрететін болсақ, халқымыздың батырлық салт-дәстүрі жалғасын табар еді.

Қамшы / Shutterstock

Қамшы / Shutterstock

Қамшы түрлері

1. Тобылғы сапты қамшы

2. Мүйіз сапты қамшы

3. Ырғай сапты қамшы

4. Орама сапты қамшы

5. Сарала қамшы

6. Сылдыр қамшы

7. Қасиетті, киелі қамшы

8. Жыланбауыр қамшы

9. Шыбыртқы қамшы

10. Дырау қамшы

11. Дойыр қамшы

12. Бұзаутіс қамшы

13. Жортуыл қамшы

14. Білеу қамшы

15. Бала қамшы

16. Өзекті қамшы

17. Шашақты қамшы

18. Жеңсе қамшы

19. Шолақ қамшы

20. Күдері қамшы

21. Күмістелген қамшы

22. Алтындалған қамшы

23. Ат қамшы

Тері және ағаштан жасалған қазақтың дәстүрлі тұрмыс бұйымдары / Shutterstock

Тері және ағаштан жасалған қазақтың дәстүрлі тұрмыс бұйымдары / Shutterstock

Қамшы пайдалану тәсілдері

1. Қамшы үйіру

2. Қамшы білеу

3. Қамшымен жасқау

4. Сипай қамшылау

5. Батыра қамшылау

6. Орап тарту

7. Шықпырту

8. Оса тарту

9. Тіле тарту

10. Баса тарту

11. Көсіп жіберу

12. Серпе тарту

13. Көсите тарту

14. Салып қалу

15. Сілтеп қалу

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Шоқпарұлы Д., Қамшы — қанат // Спорт. – 1993. – 9 сәуір.

2. Полферов Я. Я. Вет-Сан., 1895-жылғы Торғай облысының жағдайы // АВН. 1896. – Кт.12. – СПб.,1896. – С. 219-226.

3. Әзірбаев К., Таңдамалы. – Алматы, 1948. – І т.

4. Алдаспан. ХV–ХVІІІ ғасырлардағы ақын, жыраулардың шығармалар жинағы. – Алматы, 1971.

5. Тохтабаева Ш., Қазақ шеберлерінің күміс жолы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.

6. Уәлиев Н., Қамшы // Ана тілі. – 2010. – 30 желтоқсан; – 2011. – 12 қаңтар.

7. Жетыбаев Ж., Самашев З., Қазақ өнері мен мифологиясындағы қамшы (адай графиттилерінің сарынымен) // Жартастағы жазу өнері. – Шығ.I. – Кемерово, 1995. – С. 66-67.

8. Кіші Орданың әдеп-ғұрпы // СПбОМТМ. СПб. ф 183, оп 1, қ. №18.

9. Вайнштейн С. И., Тувалықтардың тарихи этнографиясы: Көшпелі шаруалардың мәселелері. – М.: Наука, 1972.

10. Изразцов, Жетісу өңірі қырғыздарының күнделікті құқығы (әдеп) // ЭО. 1897. №3 п. 67-94, №4 п. – 1-36. 311 п.

11. Тоқтабай А., Сейтқұлова Ж., Төрт түліктің қасиеті. – Алматы, 2005. – 122-б.

12. Ахмет Ж., Шежіре. – Уланбатор, 2002. – 2-б.

13. Киелі қамшы (Мұрат Нүсіптің өрмешілдік өнері жайында) // (SMSCOIN_KEY)

14. Кіші Орданың әдеп-ғұрпы // СПбОМТМ. СПб. ф 183. оп 1. №18- іс.

15. Геродот, Тоғыз кітаптағы тарих. Аударған және ескертулер жазған Г.А. Стратановский. – Л., 1972. 599-парақ.

16. Потапов Л. П., Көшпелі өмір салтын ұстанатын қазақтардың материалды мәдениетінің ерекшеліктері // МАЭ, Т. 12. – Л: Наука, 1949. п. 43-70.