Леонид Соловьевтің Қожанасырыi
Қожанасырды әрдайым есегі мен әзіл-оспағынан тануға болады, өйткені бұл — оған тән, өзгермейтін бірден бір төлсипаттар. Қалғанының бәрі де Шығыстың ұлы трикстері жолшыбай тоқтап, шелпек жеген, артынан өріктің дәмін татып, жұқарған әмиянындағы теңгелерін санаған арықтағы су сияқты өзгеріп отырады.
Трикстер — айлакер, алдампаз, жылпос — Батырмен, Қаскүнеммен және Тағдыр Құрбанымен қатар адамзаттың мәдени санасындағы ең ежелгі архетиптердің бірі. Трикстерлердің даңқты қауымына — Гермес пен Одиссей, Сунь У-кун мен Чжу Бацзе, Ананси мен Уленшпигель, Лиса Патрикеевна мен Рейнеке-Түлкі, Қу койот пен Қу Құзғын, Локи мен Сет жатады.
Трикстер — карталарды шатыстырып жіберіп, шындықтың астын үстіне төңкеріп, биікті күлкілі, ұлыны бейшара ететін, тәртіпті бейберекет ететін, ал болмыстың қасіретін көңілді жайтқа айналдыратын адам.
Жаһандық Шығыстың трикстері Қожанасыр болды, ол туралы анекдоттар Қытайдан Балқанға дейін айтылатын және де бұл аумақтың орасан зор көлемінің арқасында Қожаның бейнесі бір-бірімен мүлде қиыспайтын екі нышанға қатар ие болды.
Әйелі Қожанасырдан:
– Егер бізде ақша болса және біз палау пісірмек болсақ, бізге не сатып алу керек болар еді? – деп сұрайды.
– Бір өлшем күріш пен екі өлшем май.
– Бір өлшем күрішке екі өлшем май ма? – деп таңғалды әйелі.
– Егер біз қиялымызда палау дайындауды ойласақ, ең болмағанда ол майлы болсын!
Ол — жас, ол — кәрі, ол — орта жастағы ер адам. Ол — ақылды, ол — ақымақ. Ол — ашкөз әрі сараң, ол — жомарт әрі бекзат. Оның хор қызындай сұлу зайыбы бар, ол шаңқылдақ әрі сұрықсыз ақымақ әйелге үйленген. Ол молда және құдайсыз, көпес және қайыршы, ол көзеші, ұста, тоқымашы және билеушінің кеңесшісі. Тіпті оның есімі де құбылмалы — Қожа, Молда, Қожанасыр, Әпенде...
Соған қарамастан біз оны әрдайым танимыз, өйткені оның шәлкес есегінің артынан әрдайым күлкі еріп жүреді. Басыңды көтеріп, кеудеңді керуге мүмкіндік беретін күлкі, киелі ештеңені мойындамайтын күлкі.
Отызға жуық ел өзін Қожаның отанымын деп атайды, оның түптұлғасының қаншалықты шын екені туралы дау-дамай жүздеген жылдар бойы жалғасып келеді, ол туралы кейбір кең тараған анекдоттар оның түптұлғасы шынымен болған жағдайда ол 14 ғасырда өмір сүрген деп болжауға мүмкіндік береді, өйткені бұл анекдоттарда қушыкеш қарсы шығып отырған Темірдің1
Қалай болғанда да, Қожанасыр туралы сақталған алғашқы жазбаша деректер 15 ғасырдың соңында түрік авторы Әбул-Хайр Руми құрастырған, ауыз әдебиетіндегі тағы бір батырi
Кеңестік Қожа
Қожанасыр туралы анекдоттарды, әрине, халық Чапаев немесе сұмпайы бала Вовочка туралы анекдоттар ауыздан ауызға қалай берілсе, сондай қағидат бойынша құрастырып, түрлендіріп отырды — кейіпкердің бейнесіне сәйкес болуына көп көңіл бөлмей-ақ, халық кез келген күлкілі жағдайға үйреншікті есімді қоса салатын. Мұндай кейіпкердің басқалармен араласып кететіні сөзсіз, дегенмен бір хикаядан екіншісіне ауысып отыратын кейбір сипаттар оған әрқашан да тән болып келеді. Вовочка — дөрекі әрі арсыз, Петька — аңқау, ал Қожа — бұл дүниенің мықтыларына қалтасынан қолын шығарып тұрады.
«Бір күні Темір Қожаның сарай адамдарымен бірдеңе туралы сөйлесіп тұрғанын көрді.
– Әй, сен тағы не деп өтірік айтып тұрсың? – деп дауыстады хан.
– Енді қайтеміз, әмірші, – деді Қожа, – өтірік айтуға тура келеді, өйткені мен осы құрметті жандарға сенің әділдігің мен ақылың туралы айттым емес пе?».
Иә, Кеңес Одағының барлық балалары мен ересектеріне өзінің ұлы кітаптарында, иә, нағыз ұлы кітаптарында Қожанасырды сыйлаған адам оның дәл осы сипатын ерекшелеп көрсетті.
Оның түптің түбінде «Қожанасыр туралы хикаят» атты біртұтас шығармаға айналған, Қожанасыр туралы «Тыныштықты бұзушы» және «Әсерленген ханзада» дилогиясының орасан зор, адам сенгісіз таралымдары таңғаларлық нәрсе жасады, олар Орта Азияны Мәскеудің, Киевтің, Таллиннің немесе Кишиневтің толып жатқан оқушылары үшін жақын әрі туыстас нәрсеге айналдырды Ересектер таңғажайып мың бояулы, жарқын әрі жанды туындыларға тәнті болғанымен, оны өз әлемінің бір бөлігіне айналдыра алмады, ал балалар болса, Қожаны аузынан тастамайтын болды. Әрине, кітап оқитын балалар. Осы төбетейлердің, құмғандардың, турахан аталар мен бағдаттық ұрылардың бәрі еуропалық дәстүрде өскен балаға Азия қақпасының кілтін сыйлады.
Бір қызығы, Соловьевтің «Қожасы» тіпті де балаларға арналған шығарма емес, сондықтан неліктен оны едәуір екіжүзді КСРО-да о бастан «Детгиз» баспасының басып шығарғаны, неліктен оның Ресейде әлі күнге дейін орта мектеп оқушыларының сыныптан тыс міндетті оқуына арналған жүз кітаптың тізіміне енгені — мәдениеттану мен педагогика жұмбақтарының бірі. Азаптау мен қадаға отырғызудың жан түршігерлік көріністері — түк те емес, ал кітапта ашықтан-ашық нәпсілік және әдепсіз көріністер жетіп артылады. Еркектерді әтектерге айналдыратын сарай дәрігерлерінің пышақтарын есімізге түсірейік, әсем Арзи-Бибінің сандықта жалаңаш отырған көңілдесін есімізге түсірейік, барабандарда билеген керемет сұлу жалаңаш биші қыздарды есімізге түсірейік... Осы мәтіннің авторы жеті жасында бір күні қонақтардың көзінше ата-анасынан есінен тандыра жаздап, «анам маған жүкті болған төсекті» көрсетуді талап еткен болатын. Ол жылдары автор әйелдің бойына бала біту процесін тіпті еміс-еміс те түсінбейтін, бірақ кітаптағы «мен сені анаңның бойына бітірген төсекті қарғыс атсын!» деген сөз бала қиялын қатты арбаған еді.
Бала кезімдегі тағы бір естелік — ата-анам тағы да қонақ күтуде, бұл жолы мен өз құрдастарым: бірнеше ұл-қызбен бірге балалар бөлмесінде «Қожа» кітабындағы Балгерлер көпірін ойнаудамыз. Сүлгілерден сәлде орап, әжемнің халаттарын кидік ... бал ашу үшін қайткенде де адамның бас сүйегі керек болды — талай азапты көрген қуыршақ Надяның басын жұлып алуға тура келді (әйтсе де, бейшараның басын біршама күш жұмсаса, мойын істігіне қайтадан кигізуге болатын еді).
Соловьев өзінің Қожанасырын Өзбекстанда қоныстандырды: Бұхара, Ферғана, Қоқан — бұл атаулар бізді өзіне Кариб пен Ямайка аралдарынан кем тартпайтын. Кеңес заманындағы оқушылардың қандай пайызының Соловьевтің кітабының арқасында Орта Азияға түпсіз ғашық болу кезеңінен өткенін қазір дөп басып айту қиын, бірақ оның орасан зор болғаны анық. Сонымен қатар «Қожа» өз оқырмандарына кеңестік цензура байқамай қалған тағы бір қуатты тұспалды жолдады. Бұл кітап билікті шындап жек көруді және одан жиіркенуді үйретті.
Тыныштықты бұзушы
Соловьевтің кітабындағы барлық хандар, әмірлер, олардың сарай адамдары, судьялар, кеденшілер, күзетшілер — жаза тартпайтынына мас болған ашкөз жексұрын қаныпезерлер, өтірікшілер және екіжүзділер. Басқаларды өлім жазасына кесуден және оларды азаптаудан рақаттанатын социопаттар. Бұл орайда, жаны қиналғаннан құрысқан адамдар қадалған қадалардың, зындандарда қамшымен өлімші етіп сабалатын тұтқындардың қанқұйлы көріністерін автор осындай ортағасырлық сұмдықтарды ұнататындардан, айталық, Дрюоннан, Алексей Толстойдан немесе тіпті Джордж Мартиннен мүлде басқаша суреттеген. Бұл жерде қайғылы оқиғаға ешқандай жасырын сүйсіну, қанқұйлы құпия нәпсіқұмарлық жоқ, тіпті оқырманды естен тандырып, үрейін алғысы да келмейді.
«Қожанасыр Бұхараға келді де, қақпа қарауылының бастығы оны бәрі үшін: іс бойынша барғаны үшін, туыстарына барғаны үшін, достарына барғаны үшін баж салығын төлеуге мәжбүр етті... Қожа бір күрсініп алып бәрін төледі, бірақ кеденші оның белдігінде әлі де бірнеше шақаның қалғанын көріп қойды.
– Тоқтай тұр, – деп тоқтатты ол Қожанасырды. – Ал сенің есегің үшін кім салық төлейді? Егер сен туыстарыңа қонаққа барсаң, демек, сенің есегің де туыстарына қонаққа барады.
– Дұрыс айтасың, дана бастық, – деп шарасыз жауап берді Қожанасыр белдікті қайта шешіп жатып. – Менің есегімнің Бұхарада шынында да толып жатқан туыстары бар, әйтпесе біздің әмір осындай тәртіппен баяғыда тақтан ұшып кетер еді, ал сен, қадірлім, өз ашкөздігің үшін қадаға шаншылар едің».
Біз мұның бәріне Қожанасырдың көзімен — ашу-ызамен, қайғы-қасіретпен және адамдар өздері сияқты жандарға неліктен осылай істейді деген түсінбестікпен қараймыз.
Бұл сұраққа Қожамен бірге жауап береміз — қоғам тарапынан қатаң бақылау болмаса, билікке әрқашан ең жаман адамдар келеді. Ең ашкөз. Ең қорқақ. Ең қатыгез. Сол шенеуніктер мен патша сарайындағы қызметшілерді Соловьев былайша іріктеген: бәсекелестерін бірінші болып жұтып үлгерген оңбаған, пара мен сый-тартуға жететін ақшаны жымқырған ұрлықшы, арам сөзбен өзіне жол ашатын жағымпаз өтірікші алға жарып шығады.
Тонаушы қарауылшылар, әділетсіз судьялар, түрме күзеткен жауыздар, ал солардың бәрінен жоғары тұрған мүлдем қатыгез параноидты пенделер — «Повестегі» биліктің құрылымы осындай.
Бұл билік өмірді өзіне бейімдеп жапырудан, оны баршаны да, жекелеген адамды да қамайтын ең жиіркенішті түрмеге айналдырудан басқа ештеңе істей алмайды және істегісі келмейді.
«Біз олардың пайдакүнемдіктің сулары қулықтың доғалақтарын домалататын, атаққұмарлықтың толқындары домалақ арыздардың қырқаяқтарын қозғалысқа келтіретін, ал күншілдіктің тастары өтіріктің дәндерін үгітетін сол бір аты-шулы диірменге енді қайтып түспегеніне сенеміз».
«Мезгіл-мезгіл жаңа қоқан-лоққымен бірге жаңа тыйымдар жария етілетін; жуырда зинақорлық туралы фирман (жарлық) шықты, оған сәйкес күйеуінің көзіне шөп салған әйелдерге дүре соғылуға, ал әйелінің үстінен жүрген еркектерді емшілер еркектік жаратылысынан айыруға тиіс болды; осы сияқты басқа фирмандар көп болатын; қоқандықтардың әрқайсысы қоңырау ілінген мыңдаған жіптің тоғысқан тұсында өмір сүргендей еді: қалай сақтансаң да, бәрібір бір жіпке тиіп кетесің де, сол кезде көп қасірет әкелетін ақырын, бірақ қаһарлы сыңғырды естисің».
Иә, әрине, революциядан соңғы КСРО-да социалистік-коммунистік биліктен басқа кез келген билікке деген мұндай көзқарас толық құп алынатын: патшалар, президенттер және олардың итаршылары ең бір қара бояулармен суреттелуге тиіс болатын, бірақ сонымен қатар мұндай жағдайдың қалыптан тыс әрі уақытша екенін, халықтың әрқашан қарсылық көрсететінін және зұлымдықтың жазаланатынын көрсету керек еді...
«Темір мен Қожа моншаға бірге барды, Темірдің үстінде қымбат монша алжапқышы болды.
– Әй, Қожа, – деп сұрады Темір, – әр адамның өз бағасы бар дейді, сен қалай ойлайсың, мен қанша тұрамын?
– Он тұман, – деп жауап берді Қожа.
– Сен ақылыңнан адастың ба, төбет? Бір алжапқыш қана сонша тұрады!
– Иә, сол үшін ғана мен сені соншалықты қымбат бағаладым, әмірші».
Бірақ Қожа туралы хикаяда халық билікті тіпті де жазаламайды: онда өсімқор Жапар суға батырылады, ал ашкөз Ағабек түрмеге қамалады, бірақ олар мемлекеттік қызметкерлер емес, тек байлар ғана, оның үстіне мұны жасап отырған да биліктің өзі. Барлық әмірлердің, шахтар мен мәртебелі шенеуніктердің жайы түгелдей қауіпсіз: отыншылар қызыл бөрікті қызды құтқаруға келмейді, қаршақыз табытта өледі, жоғары лауазымды сұмпайылар сазайын тартпайды, бұл — ертегі емес, бұл — өмір.
Ал халық болса... «Повестегі» халық сақ жүреді және ол еркін емес, ол зұлымдықты солайынша қабылдайды, ол «бірдеңе болып қалмаса екен» деген ұстанымды таңдайды және шындықты білгісі келмейді.
Егер повестің ең алғашқы бөлігінде халықтың ашу-ызасы және Бұхара өкіметінің осы ашу-ызадан қорқатыны туралы әлдебір тұспалдар болса да, ал кітаптың алғашқы бөлігінен кейін бірнеше жыл өткенде жазылған екінші бөлігі мұндай жалған үміттен түгелдей бас тартады.
«Ал сонымен бірге, оның осыншама қалшылдап қорқуына себеп болған әл-ауқат бар болғаны саз балшық пен қамыстан атүсті қаланған шайхана ғана еді, ең жомарт деген сатып алушы оған екі жүз теңгеден артық төлемейтін; Сафардың басқа ештеңесі — үйі де, бау-бақшасы да, егістігі де жоқ еді, ал ол болса жертөлесінде алтын құймалары сақталғандай дірілдейтін. Кедей бола тұра, оның баға жетпес басқа қазынасы — бас еркіндігі бар еді, бірақ ол оны пайдалана білмеді; ол өзін-өзі шынжырлап ұстап, жанының қанаттарын өзі байлады!»
Үгіт-насихат қалыптарына сәйкес жазылған кітаптың парақтарының ішінде екі саусақтың арасынан «мә, саған!» деген үлкен бармақ жасырулы тұрды: ол кез келген тоталитарлық билікті әшкереледі. Біз шамамен сол жылдары жазылған жалғыз-ақ ұқсас туындыны — Шварцтың «Айдаһар» кітабын ғана есімізге түсіре аламыз.
Кеңестік цензорлардың көпшілігі негізінен ақылды адамдар болды және олар автордың мәтінде айтпай қалғанын өз бетімен пайымдай білді. 1942 жылы жазылған «Айдаһарды» сахнаға қоюға және басып шығаруға 1944 жылы тыйым салынды, бірақ әйтеуір Шварцтың өзіне тиіскен жоқ.
Леонид Соловьевке келгенде бәрі де әлдеқайда қайғылы болды.
Қамауда жазылған үздік шығарма
1906 жылы Осман империясындағы Триполиде, ата-анасы — Ресей Императорлық православиелік палестиналық қоғамыныңi
Сөйтіп, мордвалық Дубравлагта,i
Ол қамаудан 1954 жылы, саяси қуғын-сүргiнi
Иә, иә, ол өзінің не туралы жазғанын білетін...
«Ол оянып, көзі түрменің қараңғылығына үйренгенде, айналасында неше түрлі қылмыскерлерді көрді. Солардың әрқайсысы биліктің, байлық пен құрметтің шыңына мәртебелі төре асқақтап шыққан қорқынышты сатының бір баспалдағы еді... алайда сатымен өрмелеуші аяғын, әйтпесе байқамай мойнын да оңай сындырып алуы мүмкін аса қатерлі баспалдақтар да болады, міне, өлермен мәртебелі құрылысшы осыны ұмытып кеткен еді! Қожанасырдың кеудесін ашу-ыза мен аяушылық кернеді; тіпті соншалықты көпті көрген оның өзі де жер бетінде осындай қорқынышты, осындай жексұрын жер болуы мүмкін деп ойламапты — ол зұлымдықтың нағыз шыңырауына құлдырағандай болды! Оның жүрегіне аяусыздық сауытын кигізетін тыртықтардың тағы біреуі түсті».
Жеңіске жетуші «Қожа»
Сонда ең үлкен бөлігі адам тап болуы мүмкін жерлердің ең қорқынышты біреуінде жазылған кітапты, және көбінесе кәдімгідей жантүршігерлік оқиғалар туралы баяндайтын кітапты көпшілік оқырман неліктен күлкілі оқиға, қуаныштың әнұраны ретінде, еске сала кетейік, көңілді балалар әдебиеті ретінде қабылдайды? Ондағы төгілген қан мен сыздаған ауру мысқылдың отынан өтіп тазарғандықтан ба? Қожа бәрібір бәрін ақымақ етіп, жеңіске жететіндіктен бе?
Мәселен, ортағасырлық трикстер туралы әлемге әйгілі тағы бір кітапты — Костердің Уленшпигелінi
«Қожадан» сезілетін қуаныш пен қызықты шытырман оқиғалар — тек шиеленіскен және әшкерелейтін хикаяны ғана жазып қоймаған. Автордың өз таңбасы деген күдік бар. Жоқ, «Қожада» біз онда суреттелген дүниеге деген сүйіспеншілікті көреміз. Жазушының жастық шағы өткен әлемге, Орта Азияның қалалары, сонда араласқан адамдар, сонда жеген сары өрік, тыңдаған ертегілері туралы естеліктер сыйлап сағындыратын бақыт пен бостандық сезіміне деген сүйіспеншілік. Кітаптың өзегі Қожанасырдың өзінің балалық шағы туралы мүлдем күтпеген жерден кірістірілген новелла болуы бекер емес. Ол — дилогияның ең шуақты да жарқын бөлігі, нағыз зұлымдық әзірге тек күш жинап жатқан, бірақ көлеңкесін бұхаралық баланың тақыр басына түсіруге әлі дәті бармай тұрған мінсіз керемет әлемнің суреті. Құстар, мысықтар мен жыландар сәбимен дос болатын, бәріне де кешірімді анасы жаңа сауылған бір құмыра сүтпен күтіп тұратын, есектердің танауы мақпалдай жұмсақ, ал сұрықсыз кәрі сыған әйелдер мейірімді әрі ризашыл болып шығатын және сен жақсылыққа мұқтаж жандардың бәріне оны жасауға ырықты болған, керемет көк аспанның астындағы таңғажайып Бұхарада. «Бәрі де менің ойымдағыдай болады» деген құдыретті балалық сезім кернеген, нағыз қорқыныш болмаған кез, себебі сен өзіңнің мәңгі-бақилығыңа сенімдісің және сол сезім ересек кейіпкерде де сақталған. Соловьевтің ол кейіпкері тек жақсы балаларда ғана болатын мейірімге толы, бірақ ол арамзаларды алдап, дүниесінен айырғанда дәл сол балалардай рақымсыз да.
«Бұл ислам дінінің ішінде, ислам үмметінің ішінде болып жатқан жайттардың сүйіспеншілікпен... нағыз, адал, шынайы сүйіспеншілікпен, нағыз адал ниетпен берілген суреттемесі»
Орхан Джемал, «Ресей мұсылман журналистер одағының» құрылтайшысы
Азияға арналған осы әнұранды Азияның тұрғындарының өзіміздікі деп санауға келіскеніне таңғалуға болмайды: онда қолдан жасалған жалған кәдесый, империялық тәкаппарлық, өз мәдениетің туралы ол мәдениеттен алыс адам жазған кітаптарды оқығанда ызаңды келтіретін ештеңе де жоқ.