«Бөрене өртеу ғұрпы» дәстүрлері шамамен үш жарым мың жыл бұрын Жерорта теңізінің жағасында пайда болды.
Арнайы таңдап алынған әрі безендірілген, ғұрыптың рәсімдері бойынша өртелген бөренені адамның немесе белгілі бір адамдар тобының тағдырымен байланыстыру деген наным-сенім әуелдегі Мелеагер туралы грек мифінен қалған. Бұл әйгілі қаһарман аргонавтi
Кейіннен біз Еуропаның бірнеше ертегілері мен мифтерінен біреудің тағдырын сақтаушы ретінде өртенген бөрененің бейнесін кездестіреміз. Өртенген ағаш пен адамның бақыты, оның өмірінің байланысы Еуропаның оңтүстігіндегі біраз әдет-ғұрыптардан байқалады. Балқан мен Оңтүстік славяндарында мұндай бөрене «бадняк» деп аталды, яғни қыстыкүнгі тоқырау түнінде оюланған бөренені отқа жағады, кейін сол күйген бөрене бір жыл бойы сақталды. Отқа салғанға дейін бөрене құрбандыққа шалынды: оның үстіне шарап төкті, май құйды, оған көзінің қарашығындай қарап, адам аяғы баспайтын мұқият, сенімді жерге жасырған. Өйткені оған қол тигізген адамның басынан бағы таюы мүмкін деп сенген. Келесі қысқы мерекелерде сол өртенген бөрене/отын салтанатты түрде құрметпен ортаға әкеліп, оны өртеп, сол ағаштың отымен және бір жаңа бөренені жағып, ескісінің күлге айналып кетуін күткен. Толығымен жанып біткен «бадняктың» күлінің емдік қасиеті бар деп білген, бұл күлді егістіктер мен бақшаларға құнарландыру үшін салт-дәстүр бойынша сеуіп тастайтын болған, ал көз тиген кезде осы күлдің бір шөкімін суға салып ішкен деседі.
Мистикалық сипаты бар бөрене 12–13 ғасырлардан бастап француз және неміс жылнамаларында айтыла бастады, ондағы рәсім христиандық нормаларға жақынырақ сипатталған. Мұнда Рождество қарсаңында «Юле бөренесі» деп аталатын ағашты христиандық діни қызметкерлер өртеген. Мәселен, бұл рәсім бүгінге дейін Провансте сақталған, католиктер толығымен мақұлдаған Рождестволық мерекелердің рәсімінің бір бөлігі болып қалды. Бөрене нәресте Мәсіхке арналған құрбандықтың бір түрі ретінде қабылданады және сонымен бірге «Әлем нұрының жаралуын» жариялауға арналған үлкен шамның рөлінде де пайдаланады.
Францияның қалған бөлігі Рождество қарсаңындаi
Француз асханасының өзге де тағамдары сияқты, «бюш де Ноэль» де бүкіл әлемге тарады, тіпті КСРО-да сол «бөрене торты» мерекелік шақыру хаттарымен бірге сатылды және жылдың кез келген уақытында ең танымал десерттердің бірі болды.
Торттың сан алуан нұсқалары бар, сонымен бірге оны әркім әрқалай безендіре береді, бірақ бұған әрдайым дерлік жеңіл крем жағып, бисквитті орама түрінде дайындайды, бұл — ағаш кесіндісінің жылдық сақиналарына ұқсату.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Савельева О.М. История «рождественского полена» как пример эволюции мифа. // СОФИЯ: Альманах: Вып. 2.