Библиялық «Билер кітабында» мынадай қатыгез эпизод бар.
«...Ғилақадтықтар ефремдіктердің Иордан өзенінен өтетін өткелін жаулап алды, ал аман қалған ефремдіктердің бірі: «маған өтуге рұқсат етіңдер» деген кезде олар әлгі ефремдіктен: «сен ефремдік емессің бе?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», деп жауап береді. «Онда: «шибболет» деп айт», – дейді оған, ал ол «сибболет» дейді, әрі басқаша айта да алмайды. Сонда олар әлгі бейбақты Иордан өткелінде түйреп өлтіреді. Сол кезде қырық екі мың ефремдік жер жастанған еді…»
Шамасы, ефремдіктер «ш» дыбысын қалай айту керегін білмесе керек, өйткені олардың диалектісінде бұл дыбыс болмаған және шибболет («су ағыны») сөзін еңсеру оларға беймүмкін болды.
«Шибболет» сөзі басқа әлеуметтік және ұлттық ортадағы адамды, тіпті бұл адам тілді жақсы білсе де, анықтауға мүмкіндік беретін тәсілге айналды.
Кейін барлаушыларды, тыңшыларды және жай ғана басқа ұлт өкілдерін анықтаудың бұл әдісі тарихта бірнеше мәрте қолданылды. 1282 жылы сицилиялықтар француздарды қуып шығып, «ciciri» — «бұршақ» сөзін дәл айта алмайтын көптеген адамды өлтірді. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде даниялықтар диверсанттарды ұстау барысында шибболет сияқты «rødgrød med fløde» — «кілегейлі қызыл ботқа» деген сөзді қолданған. Патшалық Ресейде бүлік кезінде өтіп бара жатқан адамдардан «р» әрпі бар сөзді айту талап етілген, өйткені орыс еврейлерінің ескі тілі — идиште «р» көмейден шығатын дыбысты білдірген, ал орыс тілінде бұл «сақаулық» деп қабылданатын. Рас, бұл әдіс анау айтқандай сенімді емес еді, ол кезде Ресейде еврейлерден бөлек дворян таптың жоғарғы бөлігінің өкілдері де сақау сөйлейтін, себебі олар бала кезінде алғаш болып «р» әрпі анық айтылмайтын француз тілін үйренетін.
Борис Стругацкийдің естеліктерінде мынадай оқиға бар: «Қане, айта ғой: «На горе Арарат растёт красный виноград!» – мені қоршап, қыспаққа алған мейірімсіз адамдар менен дәл осыны талап ететін. «Қане, Кукуруза деп айтшы» дейтін олар бір-бірін шынтақпен итеріп, сауық-сайран күткен жандарша басына көтеріп… Мен ештеңе де түсінбейтінмін. Бұл жерде қандай да бір астар жасырынғанын білетінім рас, бірақ не екені өзіме беймәлім. Ол кезде бірде-бір еврейдің «р» әрпін дұрыс айта алмайтынын білмедім, ол міндетті түрде сақауланып «кукугуза» дейтін. Мен ақымақтыққа салынып, «кукуруза» деп айтсам, «А вот тебе в пузо!!!» деп дүрсе қойып, бір теуіп жібере ме деп ойлағанмын ғой. «Ал, қане айтшы ал!!!» деп мені әбден қыспаққа алды. — Иә, қорқып тұр. Ал, қане айтшы ал!!! – деп ұлардай шулайды олар. Мен оларға Араратты айттым. Бағанағыдан қарағанда біраз тыншып қалды. Мені азаптаушылардың жүзінде бір таңғалыс бар еді. «Қане, кукуруза деп айтшы». Мен бар күшімді жинап, айттым. «Кукугуза…», – деп өз-өзінен секем алып, әлдекім күбірледі. Бірақ бұл сенім ұялатқан жоқ: себебі мен адамдардың ләззатын әлдеқашан бұзғаным белгілі еді».
Шибболетті жаппай қолдану соңғы рет бір-екі жыл бұрын Донецк және Луганск облыстарында болды — ресейлік диверсанттарды қолға түсіріп жатқан украин патрульдері күдіктіден «паляниця» (бір бөлке ақ нан) деп айтуын талап еткен. Украинаның орыс тілді тұрғындары бұл сөзді шыбын шаққан құрлы көрмейді, бірақ мәскеуліктер, тувалықтар немесе Вологда тұрғындарының шала-шарпы акценті бірден құлаққа түрпідей тиеді.