СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖҰМБАҒЫ

6-дәріс. Аштық және реформа жылдары

СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖҰМБАҒЫ

Пхеньяндағы Ким Ир Сен мүсіні / Alamy

Солтүстік Корея — сталинизм үстемдік құрған ел. Шынтуайтында, Солтүстік Кореяда бір кездері экономика, мәдениет және азаматтардың күнделікті тұрмысы мемлекеттің жіті бақылауына алынған қоғам құрылған болатын. Мемлекеттің қоғамдық өмірді осыншалық дәрежеде бақылауда ұстауы — адамзат тарихында болмаған жайт. Дегенмен аталған қоғамдық тәртіптің ғұмыры келте болды. Ары кетсе 30–35 жыл үстемдік құрған жүйе сыртқы факторлар мен ішкі мәселелердің әсеріне шыдас бермей, біржола күйреді. Көрнекті шығыстанушы-корейтанушы ғалым Андрей Ланьков көне дәуірден бастау алып, бүгінде жалғасын тапқан Солтүстік Корея феномені туралы баяндайды.

Мазмұны

1980-жылдардың соңына қарай Солтүстік Корея экономикалық тұрғыдан өте ауыр жағдайға тап болды. 1960-жылдардың аяғында Оңтүстік Корея жан басына шаққандағы ЖІӨ секілді маңызды макро экономикалық көрсеткіштер бойынша Солтүстік Кореямен теңесіп, ал 1990 жылы солтүстіктегі көршісінен оқ бойы озық шықты. Бұл шақта Оңтүстік Кореяның жан басына шаққандағы ЖІӨ Солтүстік Кореяға қарағанда, шамамен, он есеге дейін өскен және алшақтық одан әрмен қарқынды түрде ұлғая беретіні анық бола бастаған. Құрлықтық шегарасы бар екі ел арасындағы мұншалықты айырым, әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейді. Аталған жағдайда тек көршілес жатқан екі ел хақында ғана емес, бір тіл аясындағы екі ұқсас диалектіде сөйлейтін және ресми түрде бір-бірін тұтас ұлт ретінде санайтын қос мемлекет жөнінде сөз болып тұр.

Өзге социалистік елдермен салыстырғанда да, жұмсартып айтқанда, Солтүстік Кореяның жағдайы аса мәз болмады. Мемлекет Кеңес Одағынан айтарлықтай қалыс қалды. Ал 1980-жылдарға дейін Солтүстік Кореядан кедей болған Қытай, 1990 жылы өмір сүру деңгейі мен жан басына шаққандағы маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша КХДР-ді басып озды. Қытайдың алып территориясын ескерер болсақ, маңызды көрсеткіштер бойынша алшақтық орасан зор болғаны айтпаса да түсінікті жәйт.

Егін алқабындағы жұмыс. 2002/Mark Ralston/South China Morning/Legion-Media

Егін алқабындағы жұмыс. 2002/Mark Ralston/South China Morning/Legion-Media

Мемлекеттің экономикасы тұралап қалды. Таяуда ғана қол жетімді болған, Солтүстік Кореяның жабық құжатнамасы, ертеректе осылай боларын жорамалдаған кісі қарасы көп болғанын көрсетіп отыр: ел 1970–80-жылдардың шегінде-ақ өте маңызды саналған өндірістік өнімдерді шығару ісінде шырқау шегіне жетіп қойған. Содан кейін темір, цемент, минералды тыңайтқыштарды өндіру ақырындап, дегенмен үздіксіз азая берген.

ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЖАЛТАҚТЫҚ

Дегенмен Солтүстік Кореядағы режим құламады. Бұл бірінші кезекте, мемлекеттің ұстанған сыртқы саясатына немесе нақтылар болсақ, Солтүстік Корей елшілерінің шеберлігінің арқасында болған іс. Кеңес Одағы және Қытай да (Солтүстік Кореяның екі негізгі демеушісі) Солтүстік Корей режимін айтарлықтай жарылқай қоймады. Алайда аталған режимнің өмірі қос алыптың ұзақ мерзімді мүддесіне қызмет еткендіктен, өлместің күнін көруге жағдай жасады. Айталық, КСРО Солтүстік Кореяда тұрақтылықтың сақталуына мүдделі болды. Бірінші кезекте, Кеңестік Қиыр Шығысты Оңтүстік Кореяда бекінген Америка әскерімен шамадан тыс жақын келуден қорғайтын буферлік аймақ саналса, екінші кезекте әрі ең маңыздысы осы — Мәскеу де және Пекин де, Солтүстік Кореяның Кеңестік-Қытай жанжалында бейтарап болу үшін ақы төлеуге дайын болды. Аталған кикілжің қазірде ұмыт қалғанымен, өз уақытында Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар жүйесінде шешуші рөл атқарды.

Солтүстік Корея халқы шетелдерден келгенiбірінші кезекте Кеңес Одағы мен оның Шығыс Еуропадағы одақтастарынан экономикалық көмектің арқасында күн көрді. Елдегі өмір сүру деңгейі жоғары болмады, айталық ортаңқол корей азаматы негізінен жүгері мен арпаны талқажау етті, ал күріш мерекелік асқа айналып, етті жұрттың басым бөлігі бірнеше айда бір мәрте карточкамен алып отырды. Дегенмен ел ішінде аштық жайламады, алайда бай мемлекеттердің өлшемімен алып қарайтын болсақ, Солтүстік Корей халқының басым бөлігі тойып тамақ жемеді. Бірақ ел ішінде бұған наразылық танытып, бас көтерген ешкім жоқ.

Жүгері жинау / Alamy

Жүгері жинау / Alamy

Бір жағынан, полициялық қуғын-сүргін механизмі тиімді жұмыс істеді: лагерлерге қамалған саяси тұтқындардыңiсаяси қылмыстары үшін тұтқындалған жандар жөнінде сөз болып тұр үлесі бойынша Солтүстік Корея, Сталиннің билігі аяқталар тұстағы КСРО-мен бір деңгейде болды. Екінші жағынан, алдыңғы дәрісте сөз қылған бақылау жүйесі, елдің тысқы әлемнен оқшауланып қалғанымен қатар, халық ішінде диссденттік дүнитанымның қалыптасуын айтарлықтай тежеді.

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Дегенмен отыз жылға жуық өмір сүрген осы бір тұрақтылық әлемі, шамамен 1990 жылы жылдам күйрей бастады. Дағдарыстың басты себебі, әлбетте, Солтүстік Корея шамадан тыс кіріптар болған социалистік лагердің ыдырауы болды. Дегенмен аталған тәуелділікті Солтүстік Корея ешқашан мойындаған емес. Ел ішінде мемлекет сырттан ешқандай көмек алмай, тек «революциялық қағидаттардың тірегі саналған өз күшіне» ғана сеніп күн көреді деген ресми үгіт насихатталады. 1980-жылдары қырғи-қабақ соғыс күтпеген жерден аяқталған соң, Кеңес Одағында (және оның геосаяси мұрагерінде) Солтүстік Кореяны буферлік аймақ ретінде ұстап тұру үшін қомақты қаржы шығындаудың қажет болмай қалды. Алайда Солтүстік Корея үшін 1989–1990-жылдары Кеңес-Қытай қатынасының түбегейлі реттелгені үлкен соққы болды. Мәскеу мен Пекиннің күресі аяқталды және осыған байланысты Солтүстік Корея бұрынғы стратегиялықiсолтүстік корей елшілеріне сырттан үздіксіз көмектің ағылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берген шебер саудагерлік бітімді айтып отырмыз маңызын жоғалтты.

Солтүстік Кореядағы түрме лагері / Alamy

Солтүстік Кореядағы түрме лагері / Alamy

Нәтижесінде, жекеменшік кәсіпорындар былай тұрсын, Ресейлік және Шығыс Еуропалық сыртқы сауда-саттықпен айналысатын ұйымдардың өзі Солтүстік Кореяға тек коммерциялық пайда табуды ғана көздеп жақындады. Мәскеуде немесе Будапештте Солтүстік Кореямен сауда-саттық орнатуға қарсы тиымдар мен шараларды ешкім қабылдамады, алайда жаңа жағдаят негізінде ресейлік және шығыс еуропалық фирмалар Солтүстік Кореяға әлемдік бекітілген бағада және қолма-қол төлем бойынша ғана қызмет көрсетіп, тауарларды жеткізуге дайын болды. Алайда аталған шарттар Пхеньянға тым қолайсыз болды: Солтүстік Кореяда аталған тауарлардың ақысын төлейтін қолма-қол ақша мүлдем болмады. Нәтижесінде елдің сыртқы әлеммен жасаған сауда-саттығы қарқынды түрде азайды. Мәселен, 1988–1994-жылдар аралығында Солтүстік Корея мен КСРО (бертін келе Ресей Федерациясы) арасындағы сауда-саттық көлемі 2.7 миллиард доллардан 0.13 миллиард долларға, яғни 20 есеге дейін азайғанын айтсақ та жеткілікті. Осы тұста, КСРО мен өзге социалистік мемлекеттердің сауда-саттығының басым бөлігі, сауда деген желеумен жасалған сыртқы көмек екенін ұмытпаған жөн. КСРО, Шығыс Еуропа елдері және Қытай болсын, саналы түрде геосаяси тұрғыдан бірнеше он жылдық бойына Солтүстік Кореяға шығынға батып тауар тасымалдап отырды. Жаңа шарттар негізінде аталған тәжірибе тоқтатылды.

Әйел бірдеңе пісіру үшін далада шөп жинап жатыр / Alamy

Әйел бірдеңе пісіру үшін далада шөп жинап жатыр / Alamy

Жаңа жағдаят ел экономикасын жедел түрде құлдыратты. 1990–2000-жылдар аралығында Солтүстік Кореядағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі, шамамен, екі есеге дейін қысқарды. Дегенмен, ел тұрғындарының басым бөлігі үшін 1990-жылдардың алғашқы жартысында жергілікті қамтамасыз ету жүйесі секілді, азық-түлік карталарын астық карталарына алмастыру ісі толықтай тоқтатылғаны бас қатырар мәселе болды. Бұл жағдайдың Солтүстік Корея халқына тигізген кесапаты орасан зор. Өйткені карталық қамтамсыздандыру жүйесі алғаш енгізілген 1957 жылдан бері, ел тұрғындарының басым бөлігі, негізінен карта ұсынған игіліктерді ғана қолданып, күн көріп келген.

АШТЫҚ

Карталар негізінде жер-жерге азық-түлікті жеткізу жүйесіндегі кінәраттар 1991–1992-жылдары байқала бастады, ал 1995 жылы мұндай мәселелер үлкен қалаларға да жетті. Бастапқы кезде тұрғындарды, азық-түліктер аз-маз кешігіп жетеді, бар болғаны саналылық пен төзім таныту қажет деп алдағанымен, ас-ауқат келмеді және осыдан кейін 1995 жылы елдің жекелеген аудандарында аштық басталды. 1995–1996 жылдары енгізілген жаңашылдықтың салдары, тіптен ауыр соқты. Ким Ир Сеннің бастамасымен елде баспалдақты егістіктерді құру ісі жанданған болатын. Биік тау етегін алып баспалдақ іспеттес егістік алқаптарына айналдыру технологиясын Ким Ир Сен, климаттық жағдайы түбегейлі түрде өзгеше болып келген Оңтүстік Қытайдың аудандарынан көрген. Оңтүстік Қытайда аталған технология тиімді жұмыс істегенімен, Солтүстік Кореяда оны белсенді түрде енгізу экологиялық және саяси тұрғыдан апатқа жол ашып берді. 1996 жылы шамадан тыс көп түскен жауын-шашынныңiсолтүстік кореялық пропаганда «айрықша» деп айтқандай емес салдарынан жаппай сел жүрді. Баспалдақты егістіктердің басым бөлігін су шайып кетті және қалыпты егістік алқаптары да қатты зардап шекті. Нәтижесінде 1996 жылы Кореядағы дихандар 3 млн тоннаға жетер-жетпес қана өнім алды. Ал карталық қамсыздандыру нормасы бойынша халықты толық қамту үшін кемінде 5 млн тоннаға жуық өнім жиналуы қажет. Мұның арты неге әкеп соқтыратыны белгілі: ел ішін аштық жайлады.

Шаруа өгіздің көмегімен жер жыртуда / Legion-Media

Шаруа өгіздің көмегімен жер жыртуда / Legion-Media

Солтүстік Кореяда орнаған 1996–1999 жыл аралығындағы аштық жөнінде сөз қозғалғанда, осы бір дүрбелең тұсында «2–3 миллионға жуық адам қаза тапты» деп айтылады. Аталған сандар қайдан шықты деген мәселеге тоқталмай тұрып, сөзсіз, бұл әсіре зорайтылып айтылған сан екенін атап өткенді жөн көріп отырмыз. Демография мамандарының айтуынша, аштықтан шын мәнінде 400 мыңнан 900 мыңға дейінгі аралықта кісі қаза тапқан. Алайда егер ең аз деген көрсеткіштің өзін алып қарастыратын болсақ (шамамен, аштықтан 500 мыңға жуық адам көз жұмды), 1996–1999-жылдар аралығында Солтүстік Кореяда болған аштықты Азия елдеріндегі соңғы он жылдықта орын алған ең ауқымды қасірет ретінде қарастыруға болады.

КХДР-дағы аштық кезіндегі балалар. 1990 жылдар/Alamy

КХДР-дағы аштық кезіндегі балалар. 1990 жылдар/Alamy

Алайда: «Аспан айналып жерге түссе де, сытылып шығар саңылау табылады» деген корей мәтелі айтпақшы, шынтуайтында, жарты миллионға жуық адам аштықтан көз жұмғанымен, шамамен, 22 не 23 миллион жан тірі қалды. Сонда олар қалай жол тауып кетті?

НАРЫҚТАҒЫ ДҮРБЕЛЕҢ

Жалпақ тілмен айтқанда Солтүстік Корей халқын, өз кезегінде 1950-жылдары ел билігі тиімді түрде тамырына балта шапқан нарықтық экономиканың аяқ-асты ашылуы аман алып қалды. Отбасылар ас-ауқатсыз қалған соң, ерлер және ең бастысы әйелдер жұмыс істеуге аттанды. Бастапқы кезде олар көлеңкелі саудамен айналысты. Алайда аз уақыт аралығында ел ішінде сауда-саттық-қаржылық қатынастардың маңызы арта түсті. Бұрындары кішігірім болған, жетісіне бірнеше күнге ғана жұмыс істеп тұрған әрі қаланың бір шетінде орналасқан базарлар көз ілеспес жылдамдықпен ұлғая бастады. Көптеген корейлік, бірінші кезекте, әсіресе, әйелдер қауымы алуан түрлі салаларда жұмыс істеп, бірі кішігірім ас-ауқат ішетін дүңгіршек пен мейрамхана ашса, кейбірі үйде отырып киім-кешек пен аяқкиімдерді тігуді қолға алды. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың кейбірі, тиымдарға қарамастан, Корей тауларының етегіне заңсыз түрде егін салды. Аталған тау етектері теориялық тұрғыдан орман шаруашылығы басқармасына қарағанымен, іс жүзінде ол аймақтарда ағаш өспеді. Осы бір «кішігірім егіс алқаптары» (сотхочжи) ауылдық аймақтағы Солтүстік Корей тұрғындары мен, аштықтың алғашқы кезеңінде ауыр соққыны қабылдаған кіші қалалардың тұрғындарының аман қалу жолында орны айрықша болды.

Қытаймен арадағы шегараға жақын аймақта тұратын Солтүстік корейліктер, кордоннан асып жаппай кете бастады. Шегараны кесіп өту өте оңай іс болған, өйткені 2010-жылдың басына дейін Қытай мен Солтүстік Корея шегарасы іс жүзінде қорғалған емес. Қытайда Солтүстік Корей азаматтары қазіргі уақытта барлық еңбек мигранттары жасайтын іспен айналысты.iолар жергілікті тұрғындар тым ауыр, тым қауіпті не тым нас деп санайтын жұмыстарды істеді Солтүстік Корей азаматы шегараға жақын маңда орналасқан үлкен фермада бір ай батырақшы болып жұмыс істеп 50 доллар таба алды және осы аралықта ішер ас пен баспананы негізінен иеліктің қожайыны тегін беріп отырды. Осы жол Корей халқы үшін тым тартымды көрінді және аталған мүмкіндікті пайдаланғандардың санында есеп жоқ.

АҚШ-тың Солтүстік Кореяға берген азық-түлік көмегі. 2002/Legion-Media

АҚШ-тың Солтүстік Кореяға берген азық-түлік көмегі. 2002/Legion-Media

Осыдан кейін, 1990-жылдарың соңына қарай ел ішінде қалтасында қомақты қаражаты бар адамдар пайда бола бастады. Олар осы бір қаржыны ауқымды жобаларға салғысы келді, ол үшін жұмысшыларды жалдауға да дайын болды. Солтүстік Кореяда сөз жүзінде, осындай істерді жасауға қатаң түрде тиым салатын заңдар болғанымен, бизнесмендер заң тармақтарынан олқылықтарды таба білді. Олар, әлбетте, осы бір мүмкіндікті пайдаланды.

1990-жылдардың соңында қалыптасқан дәстүр бойынша, ауқымды өндірісті ашқысы келген Солтүстік Корейлік бизнесвумен, оны мемлекеттің мүлкі ретінде тіркей алды. Айталық, «қиын-қыстау тоқсаныншы жылдары» соя ірімшігінен жасалған тағамды сатып, қомақты қаражат жинаған Ким тәтей бар делік. 2001 немесе 2002 жылға қарай, жұрт аштықтың құрсауын құтылған мезетте, Ким тәтей жекеменшік мейрамханасын ашқышы келді дейік (ол кісі бұған қажетті қаражатты жинап қойған және ойдағысын іске асыруға көмектесетін таныстары бар). Мұндай жағдайда біздің ойдан құрап алған тәтеміз, жергілікті басқармаға барып («халық комиссариаты»), жергілікті шенеуніктермен қала ішінен мемлекеттің меншігі ретінде тіркелген мейрамхананы ашуға келіседі.

Оңтүстік Корея жүргізушілері Солтүстік Кореяға азық-түлік жеткізгеннен кейін үйлеріне қайтып жатыр. 1998/Alamy

Оңтүстік Корея жүргізушілері Солтүстік Кореяға азық-түлік жеткізгеннен кейін үйлеріне қайтып жатыр. 1998/Alamy

Барлық құжатнама бойынша бұл мейрамхана (шын мәнінде жұмыс істеп тұрған осы іспеттес кәсіпорындардың санында есеп жоқ) Ким тәтейге тиесілі болғанымен, жергілікті басқарманың Қоғамдық тамақтану басқармасының есебінде тұрып, кезекті бір мемлекеттің асхана ретінде саналатын еді. Алайда іс жүзінде Ким тәтей мейрамхана ашуға қажетті керек-жарақтың бәрін өзі сатып алып, жұмысшыларды жалдап, ас мәзірін жасап, жалпы алғанда мейрамхананы өзі басқарады. Екі тарапта қатаң түрде ұстанатын бейресми келісім бойынша, жекеменшік кәсіпорынның негізгі қожайыны, аталған мекеме тіркеліп тұрған мемлекеттік ұйымға келісілген нақты бір соммада ақы төлеп тұруға міндеттелді. Мұнда нақты бекітілген сомма жөнінде сөз болып тұр: барлық келісімдер қолма-қол ақшамен жасалып, ол қаражат жалпы ешқандай да құжаттарда көрініс таппағанын ескерсек, қандай да бір кәсіпкердің өз ісінен қаншалықты табыс тауып жатқанын есептеуге ешкім құлықты болмады. Тіс қаққан шенеунік, мейрамханадан (немесе қандай да бір кәсіпорыннан) түсетін пайданың қанша боларын шамамен анықтап, содан кейін барып сөз жүзінде мемлекеттік кәсіпорынның директоры ретінде, мейрамхана не кәсіпорынның жалпы пайдасының 30–35%-на жуық соммасын алып отыруға инвестормен келісімге келеді.

Ойдан құрастырған (бірақ кең тараған) кейіпкеріміздің есімінің «Ким тәтей» болуы «саяси тұрғыдан алалауға» жол бермес үшін жасаған әрекет емес. Іс жүзінде, 1990-жылдары Кореяда туындаған жаңа бизнесте, әйелдер жетекші рөлде болды. Солтүстік Лорей заңнамасы бойынша барлық еркектер мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеуге міндетті болғандықтан осылай болып отыр. Солтүстік Кореяда жұмыссыздар жоқ және олай болуы мүмкін де емес. Мемлекеттік жұмысқа тұрмаған және тұрса да бармаған адам, ресми түрде «жатыпішер» саналып, бірнеше айға әкімшілік тұрғыдан бас бостандығынан айыру сынды жазаға тартылып отырған. Аталған ережелер жалпы алғанда, қиын-қыстау кезеңдерде де сақталды, сондықтан Солтүстік Корейлік еркектердің басым бөлігі таңертең тіркеліп тұрған кәсіпорнына келуге мәжбүр болды. Тіптен еркектер тіркеліп тұрған кәсіпорын дұрыс жұмыс істемей тұрса да, жұмысқа баруға міндеттелді.

Балалар жолдардағы шұңқырларды бітеуге көмектесуде. Солтүстік Корея / Alamy

Балалар жолдардағы шұңқырларды бітеуге көмектесуде. Солтүстік Корея / Alamy

Алайда, аталған ереже әйелдерге қатысты қолданылмады. Тұрмысқа шыққан соң Солтүстік Корея әйелі ресми түрде үй шаруасындағы адам ретінде тіркеліп, мемлекеттік секторда жұмыс істеу міндетінен құтылды. Оның үстіне, 1980-жылдардың соңына дейін Солтүстік Корея экономикасында өзге сектор болған да емес. Іс жүзінде, Солтүстік Кореядағы әйелдер 1990-жылдары жеке секторда еркін жұмыс істеп, өз ісін дөңгелетуге уақыт таба алса, ер адамдар ерікті я еріксіз түрде болсын, тіркеліп тұрған ресми кәсіпорындарда жұмыс тоқтап тұрса да, баруға міндетті болды.

Дегенмен, еркектерде де бұл тығырықтан шығатын жол болды. 1990-жылдардың соңында ел ішінде «3-тамызға дейін төлем жасау» деп аталатын жүйе кең тарады. Осындай төлемді жасаған адамдар, іс жүзінде өзінің жұмыссыз болу қақын сатып алды. Осылайша кәсіпорынның бюджетін толықтырған адамiмұнда ешқандай да пара жөнінде сөз болып тұрған жоқ. Бұл төлемді жасап тұрған адам тіркелген кәсіпорынның қорына ресми түрде түсетін қаражат жұмысқа келмеу қақына ие болып қана қоймай, кейбір жағдайда — тіптен «ұжымдық өмірге» араласпай, яғни бітпейтін жиналыстар мен саяси дәрістерге қатыспауға рұқсат алды. Мұндай игілікке бөлену арзан тұрмады. «3-тамызға дейін төлемді жасау» ақысы ресми жалақыдан бірнеше есе жоғары болды.

Жол бойындағы насихаттық плакат/ Alamy

Жол бойындағы насихаттық плакат/ Alamy

Жаңа шарттар негізінде жалақының көк тиындық құны жоқ екені тез аңғарылды. Бұрындары, яғни карталық қамсыздандыру жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұрған мезетте, бидай мен маңызды азық-түлік түрлері, аса қажет керек-жарақтармен қатар, болар болмас тиынға, өте арзан бағада үлестірілетін. Енді жұртқа аталған тауарларды нарықтық, коммерциялық бағада сатып алуға тура келді. Мұнда сәнді тауарлар жөнінде сөз қозғаудың өзі артық, жұрт бірінші кезекте дәнді-дақылдарды (Солтүстік Кореядағы жалғыз нәрлі ауқат) сатып алуға мәжбүр болды. Сондықтан базардағы қолма-қол ақшаға сатылатын бидай мен өзге де өмірге аса қажетті тауарлардың бағасы шарықтап кетті. 1990-жылдардың ортасына қарай бір айда төленетін ресми жалақы бар болғаны бір-екі келі күріш немесе 4–5 келі жүгері не арпа сатып алуға ғана жетті. Әлбетте, мұндай жалақыға жан бағу мүмкін емес (айталық, ол шақта жалақыға күні қарағандар тірі қалмады).

Жекеменшік жаңа бизнес түрері асхана немесе аяқкиімді жөндей шеберханасымен ғана шектеліп қалмады. 2000-жылдардың бас кезінде Солтүстік Кореяда жоғарыда сөз еткен жолмен, мемлекеттің меншігі ретінде тіркелген салыстырмалы түрде ауқымды жекеменшік кәсіпорындар ашылды. Атап айтқанда, 2005–2010 жылдары ел ішінде жекеменшік көмір шахталары, цемент шығаратын зауыттар мен кішігірім мұнай өңдейтін кәсіпорындардың ашылуы қалыпты жағдайға айналды.

Балалар Ялу өзенінің жағасында ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып жатыр / Alamy

Балалар Ялу өзенінің жағасында ауылшаруашылық жұмыстарына қатысып жатыр / Alamy

Жекеменшік шаруашылықтардың өріс жаюы 1996–1999 жылдар аралығында орын алған аштықты тоқтатуға мүмкіндік берді. 2000-жылдан кейін Солтүстік Кореяда аштықтан қаза тапқандар жоқ. Аштықтың тоқтауына дипломаттардың әккілігі де әсер етті. Ядерлік шабуыл жасаймыз деп бопсалау арқылы (әрмен қарай осы тақырыпты сөз етеміз), Солтүстік Корея тысқы әлемнен қомақты қаржылық көмекке қол жеткізді. 2008–2010 жылдары елде 2019–2020 жылға дейін жалғасын тапқан кішігірім экономикалық ілгерілеу басталды.

ЖҰМСАҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕНГІЗУ ҰМТЫЛЫСТАРЫ

Ким Чен Ир және оның айналасындағылардың нарықтың аяқ-асты ұлғаюы мен нарықтық қатынастарға көзқарасы оң болмады әрі бірнеше дүркін өзгеріп тұрды. Ким Чен Ирдің 1994 жылы билікке келген сәтінен бастап, 2002 жылға дейін Солтүстік Корей үкіметі жеке экономиканың ұлғаюына кедергі жасамады. Оқтын-оқтын мұндай әрекеттердің тамырына балта шабу ұмтылыстары жасалып тұрғанымен, оның ақыры нәтиже бермеді. Солтүстік Корей билігі көп жағдайда болып жатқан оқиғаларға көз жұма қарады. 2002–2005 жылдары Ким Чен Ирдың үкіметі нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталған реформаларды жасады. Аталған әрекеттер 2012–2018-жылдары Ким Чен Ирдың баласы Ким Чен Ын жүргізген реформаларға жол ашып берді. Айталық, реформаны жоспарлау мен жүзеге асыру ісімен бір адамдар айналысты. Бірінші кезекте — атақты іскер басшы Пак Пон-чжудың еңбегі орасан зор.

Теміржол станциясында тұрған бала. Солтүстік Корея / Alamy

Теміржол станциясында тұрған бала. Солтүстік Корея / Alamy

2005 жылы реформаларды тоқтатып, мүмкіндігінше ескі әмірші-әкімші экономикалық жүйені қайта қалпына келтіру шешімі қабылданды. Ким Чен Ирдің мұндай шешімді қабылдауына не түрткі болғанын білмейміз және жақын аралықта біле қоюымыз да неғайбыл. Бірақ Солтүстік Корей үкіметі орнап жатқан өзгерістердің саяси салдарынан шошып кетті деп жорамалдаймыз. Дегенмен бәрін артқы жылжытып, жынды құтыға кері орналастыру ұмтылысы сәтсіз аяқталды. Халық та, дәл операцияны жүзеге асыратын аппарат тәрізді нарықты шектеуге бағытталған шешімдерді орындамады.

Ақыр соңында үкімет қаржыны тәркілеу реформасын жүзеге асыруға талпынып көрді. Аталған реформа ол шақта жеке кәсіпкерлердің қолында шоғырланған қолма-қол қаражаттың мол қорын тәркілеуді мақсат етті. Бұл реформа өте сауатсыз жүргізіліп, 2009 жылдың соңына қарай қатерлі саяси дағдарысты тудырды. Біршама уақыт мемлекет көтеріліс қарсаңында тұрды. Алайда жағдаяттың күрт өзгеріп кетуіне байланысты, Солтүстік Корей үкіметі кері шегінуге мәжбүр болды. Осылайша 2010 жылы мемлекет нарықтық қатынастардың өрістеуіне көз жұма қараған бұрынғы саясатына қайта оралды.

Жалғасы бар...