СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖҰМБАҒЫ

5-дәріс. Адам келбетіне жат социализм

СОЛТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ЖҰМБАҒЫ

Ким Ир Сен сарбаздармен бірге. Мурал. 1960 жылдар / Alamy

Солтүстік Корея — сталинизм идеясы үстемдік құрған ел. Рас, Солтүстік Кореяда кезінде экономика, мәдениет саласы және азаматтардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі мемлекеттің жіті бақылауында болған қоғам құрылған еді. Мемлекеттің қоғам өмірін осыншалық дәрежеде бақылауда ұстауы — өзге елдердің тарихында болмаған жайт. Дегенмен сол қоғамдық тәртіптің ғұмыры ұзаққа бармады. Көп болса 30–35 жыл жасаған ол сыртқы факторлар мен ішкі проблемалардың әсеріне шыдас бермей, біржола күйреді. Көрнекті шығыстанушы-корейтанушы ғалым Андрей Ланьков көне дәуірден бастау алып, бүгінде жалғасын тапқан Солтүстік Корея феномені туралы баяндайды.

Мазмұн

«Кемелденген кимирсенизм» кезеңі 1960–1990 жылдарды қамтиды. Осы кезеңдегі Солтүстік Корея қоғамын «бақылау қоғамы», сондай-ақ қажеттінің бәрін үкімет «таратып беретін қоғам» деп сипаттауға болады.

Осы орайда төменде аталған ережелер мен нұсқаулардың барлығы дерлік әлі күнге дейін (яғни 2024 жылы) ресми күшін жоймағанын ескерте кеткен жөн. Алайда іс жүзінде 1990 жылдары жағдай түбегейлі өзгерді, сондықтан жұрт төменде көрсетілген ережелердің көпшілігін кейінгі отыз жыл бойына не мүлде орындамаған, не оларға жүрдім-бардым қараған.

Жол жиегіндегі Ким Ир Сеннің портреті. Пхеньян /Jan Morek Event date unknown/Alamy

Жол жиегіндегі Ким Ир Сеннің портреті. Пхеньян /Jan Morek Event date unknown/Alamy

1960–1990 жылдарда КХДР халқын бақылауда ұстау тәртібі мынадай екі негізгі институтқа құрылған: «ұйымдық өмір» жүйесі («чочжик сэнхваль») және «халық топтары» жүйесі («инминбан»). Азаматты жұмыс орнына не оқу орнына, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарап уысынан шығармайтын осы аталған екі тәуелсіз жүйе ел халқын тұтас қамтыған. 14 жастан асқан кез келген корей белгілі бір «ұйымның» (мұндағы «ұйымды» жұмыс орнымен шатастырмаңыз, дегенмен бұл екі ұғым өзара байланысты) және белгілі бір «халық тобының» мүшесі болған.

Ұйымдар мен кіші ұйымдар

Солтүстік Корея жүйесі тарихи тұрғыда совет үлгілеріне сай құрылған, алайда корейлер совет моделін қайта қарап, айтарлықтай түрлендірген. Біраз адамның есінде қалған: Партия және оның «жетек белдіктері», яғни қоғамдық ұйымдары деген классикалық совет жүйесі бар емес пе? КХДР-дағы «ұйымдық өмір» тәртібі осы қағиданы басшылыққа алған.

"Қар жауып тұр" биі. Мансудэ өнер ансамблі. Солтүстік Корея / Getty Images

"Қар жауып тұр" биі. Мансудэ өнер ансамблі. Солтүстік Корея / Getty Images

Кез келген корей елдегі бес ұйымның біреуіне мүше. Кейбір ерекше (әрі сирек кездесетін) жағдайларды қоспағанда, азамат елде бар ұйымдардың біреуіне ғана мүше бола алады, яғни анда да, мында да жүріп, қараусыз қалмайды — «қойшы көп болса, қой арам өледі деген» жағдай туындамайды. Мысалы, Партия мүшесі Кәсіподақ мүшесі бола алмайды — нақтырақ айтқанда, КЕП (Корея Еңбек Партиясы) мүшесінің «ұйымдық өмірі» тек партия аясында ғана жүреді.iсовет прототиптерінен елеулі айырмашылығы да осы.

Жас корей азаматының «ұйымдық өмірі» 14 жасында, ол Солтүстік Кореядағы советтердегідей комсомолға барабар ұйым қатарына қосылған кезде басталатын.iсол ұйымның атауы бірнеше рет өзгерген, мұнда шатаспау үшін оны «Жастар Одағы» деп атаймыз 14 пен 30 жас аралығында корейлердің барлығы дерлік осы Одаққа мүше болған, ал Жастар Одағының бастауыш ұйымы — кіші ұйымы адамның рухани қамқоры, тәрбиешісі, жүріс-тұрысын қадағалаушы рөлін атқарған.

18 жасқа толған жас корей азаматы Партия қатарына қосылуға құқылы еді, бірақ бұл оңайлықпен бола қоятын шаруа емес-тін. Әскер немесе «екпінді жауынгерлік отрядтар» (армия басшылығына тікелей бағынбайтын, құрылыс батальонына ұқсас әскери ұйым) қатарына қосылған жас корейлерге КЕП-ке кіруде жеңілдік берілетін, сондықтан біраз жылдар бойына біраз корей азаматы осы мүмкіндікті пайдаланбаққа әскерге баруға ынталы болған. Солтүстік Корея халқы арасындағы партия мүшелерінің үлесі үлкен еді, Ким Ир Сен билік құрған кезеңнің соңына таман елдің ересек тұрғындарының шамамен 15%-ы — партия қатарындағылар болған (Брежнев тұсындағы КСРО-да бұл көрсеткіш шамамен 10% еді).

Солтүстік Кореяның қауіпсіздік қызметі офицері / Alamy

Солтүстік Кореяның қауіпсіздік қызметі офицері / Alamy

КЕП-ке мүше бола алмағандар 30 жасқа толғанша Жастар Одағы құрамында қалып, оқу, жұмыс немесе әскердегі қызмет орнына сай Одақтың кіші ұйымында тіркеуде тұратын. 30 жасқа толған, партияға кірмеген корейлердің өнеркәсіпте жұмыс істегендері Кәсіподаққа, ал ауыл шаруашылығында жұмыс істегендері Шаруалар Одағына мүшелікке өтетін.

Осы ретте ел азаматтарының тағы бір үлкен санатын айтпасқа болмайды, ол — үй шаруасындағы әйелдер, сол кезде жалпы саны елдегі ересек әйелдердің шамамен 50%-ын құраған екен. Олар да қараусыз, қамқорсыз қалмады: әйел күйеуге тиіп, жұмыстан шыққан бойда автоматты түрде Кәсіподақтан Әйелдер Одағына ауысатын, бұл одаққа КХДР-дағы үй шаруасындағы әйелдердің бәрі кірген. Алайда партия осы жағдайда да басымдыққа ие болған: үй шаруасындағы әйел КЕП мүшесі болса, партия қатарынан шықпай, «ұйымдық өмірін» сонда құрған.

Сын және өзін-өзі сынау

«Ұйымдық өмір» бірнеше элементтен тұрды. Әуелгісі — ұйым мүшелерінің мерзімді жиналыстары. Бастапқыда, 1960 жылдары жүйе жаңадан енгізілген кезде, мұндай жиналыстар күнделікті өтетін, бірақ 1980 жылдардың басынан бері қалыптасқан стандартқа сай «ұйымдағы» кіші ұйым мүшелерінің жиындары аптасына үш рет өткізілетін болды (мысалы, салыстырып қарасақ, КСРО-дағы партия жиналыстары айына бір рет, ал кәсіподақ жиындары одан да сирек ұйымдастырылып тұратын). Аптасына үш рет өтетін жиындардың екеуі идеологиялық және саяси тәлім беруге арналды. Бұл жиындарда Партия мүшелеріiЖастар Одағы, Кәсіподақ, Әйелдер Одағы, Шаруалар Одағының мүшелері халықаралық жағдай және Көсемнің кемеңгерлігі туралы дәрістер тыңдайтын. Кейде мұндай іс-шараларға сырттан лекторлар шақырылатын, бірақ көбінесе жергілікті белсенділер дәріс оқитын. Партия мүшелерінің осындай сабақтарда алған теориялық білімін тексеру үшін, мысалы, жылына екі рет жазбаша сынақ өткізіледі. Осылайша ұйым қатарындағылардың өткен жарты жылда берілген материалды қаншалықты жақсы меңгергенін анықтайтын.

Солтүстік Корея суретшісінің көрінісі. Шаруалар газет оқуда. 1963/Alamy

Солтүстік Корея суретшісінің көрінісі. Шаруалар газет оқуда. 1963/Alamy

Жиналыстар, сондай-ақ «ұйымдық өмір» аясында өтетін басқа да іс-шараларды әр «ұйымның» мүшелеріне бөлек өткізетін, басқаша айтқанда, Партия мүшелеріне арналған саясат тақырыбындағы дәрістер, пікірталастар партияға қарасты ғимараттарда, ал Кәсіподақ мүшелеріне арналған сабақтар соларға қарасты ғимараттарда өтетін.

«Ұйымдық өмірдің» ең бір қызықты тұсы — «бастан кешкенді қорытындылау жиындары» («сенхваль чхонгхва»), яғни мүшелердің апта сайын бас қосып, бір-біріне сын айтып, өзін де сынайтын жиналыстары еді. Әдетте мұндай жиындар сенбі күні өтетін. Алайда өзара сын айту жиындары кейде аптасына бір рет емес, одан да жиі (мысалы, аптасына екі рет) өтіп тұратын.

Мұндай бас қосу кезінде кіші ұйымның әрбір мүшесі орнынан тұрып, 2–3 минут ішінде өткен аптада жасаған теріс қылықтарын тізіп айтып, көпшілік алдында тәубе қылуы тиіс еді. КХДР-да осылай тәубеге келудің айқын рәсімі бекітілген. Сөз басында Көсемнен цитата келтіру, яғни сөзін, мысалы: «Ұлы Көсеміміз жолдас Ким Ир Сен бәріміз жақсы оқуымыз керек деп айтты», – деп бастау парыз. Содан кейін адам жасаған қателігін мойындауы керек. Мысалы, Жастар Одағы кіші ұйымының жиналысына қатысқан жоғарғы оқу орнының студенті зертхана жұмысын орындамағанын айтып, ағынан жарылуы мүмкін. Бұдан соң шалыс басқан адам өзін-өзі сынауы тиіс, мысалы, былай деп айта алады: «Мен Көсеміміздің өсиетін дұрыс меңгермегендіктен, уақытымды дұрыс жоспарлай алмай, зертхана жұмысын жасамадым». Сөз соңында көпшілік алдында тәубеге келген азамат жуырда түзелуге уәде беруге тиіс.

Синчхон мұражайының кіреберісінде тұрған Солтүстік Корея пионерлері. 1971 жыл / Alamy

Синчхон мұражайының кіреберісінде тұрған Солтүстік Корея пионерлері. 1971 жыл / Alamy

Жиналғандардың әрқайсысы осылай опық жегенін айтып, өзін сынаған соң өзара сын айту басталатын. Өзара сын айту да жоғарыдағыға ұқсас ретпен өтетін: кіші ұйымның мүшелері кезекпен орнынан тұрып, қателік жасаған, жаңылған жолдастарын, яғни сол кіші ұйымның мүшелерін сынауы керек. Мәселен, зертхана жұмысын жасамаған курстасын сынаған студент мынадай сарында сөз сөйлеуі керек: «Жолдас Пак шалыс басты, ол зертхана жұмысын жасамады, ал Ұлы Көсем бәрің жақсы оқыңдар, сонда ғана Көсем мен Партияның адал сарбазы бола аласыңдар деп айтты емес пе!?».

Дегенмен әдетте осындай сын айту жиындарының күні бұрын дайындалған қойылым болғаны да рас. Жиынға қатысатындар кім кімді және не үшін сынайтынын алдын ала келісіп алатын. Көбіне ұсақ-түйек, кешіруге болатын теріс қылықтарды сынайтын, ауыр жаза тағайындап жіберуге болатын елеулі қателіктерді ешкім айтпайтын. Мысалы, шенеунік пара алғанын айтпайтын, бірақ жұмысқа кешігіп келгенін мойындап, кешірім өтінетін. Алайда бекітілген тәртіпке сай өтетін осындай сын айту, тәубеге келу рәсімдерінде қайшылықты жағдай туындап, біреуге ауыр айып тағып жібере ме деген қауіп те болды.

Көптеген діни қауымдар мен секталар тәжірибесі аңғартқандай, жұрт алдына шығып тәубеге келудің осындай рәсімі билік қолындағы біршама тиімді құралға айналды, жүйе осылайша адамды шектен шықпауға, жаңылса жазаға тартылатынына шәк келтірмеуге, ұжым мүшесінің өзгелерден жасырып жүргені бәрібір мәлім болатынына сеніп бағуға баулитын. Мұның бәрі адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қатты әсер еткен.

Үйдегілерді қадағалау

Халықтың жүріс-тұрысын қадағалау жүйесінің тағы бір маңызды бөлігі — адамды тұрғылықты жері бойынша бақылауға алу. Мұндай бақылауды «халық тобы»iкорей тілінде «инминбан» жүзеге асыратын. Бір қызығы, инминбандар КХДР құрылғаннан бұрын пайда болды. Бұл құбылыстың тамыры тереңде жатыр. Шығыс Азияда жауапкершілігі ортақ шаруашылықтар (түтіндер) тобы атам заманнан болған, ал Кореяда жапон отаршыл әкімшілігі 1940 жылдардың басында өзара бақылау топтарын құра бастады.

Пханмунджомдағы Оңтүстік және Солтүстік Корея келіссөздері барысында тұрған Солтүстік Корея сарбаздары / Alamy

Пханмунджомдағы Оңтүстік және Солтүстік Корея келіссөздері барысында тұрған Солтүстік Корея сарбаздары / Alamy

КХДР-дың әр азаматы туған кезден бастап, қайтыс болғанға дейін белгілі бір инминбанға қарасты еді. Әдетте іргелес 20–30 отбасы бір инминбанға топтасады.iiiмұны осы шақта айтып тұрғанымыз бекер емес, өйткені инминбандар жүйесі 1990 жылдардағы дағдарыста жойылмай, сақталып қалды Бір қабатты жер үйлер шоғырланған аудандарда инминбан шамамен бір ауылдық кварталды қамтыған. Ал көп қабатты тұрғын үйдің бір бөлігіндегі (кіреберіс) пәтерлердің бәрі бір инминбан болып саналатын. Инминбанды шенеунік — орта жастағы әйел басқарады.

Қандай да бір себеппен ресми тұрғылықты жері болып саналатын үйінде емес, басқа жерде түнейтін корей азаматы сол түнеп шығатын инминбанның бастығына барып, түнгі сағат он-он бірге дейін тіркелуге тиіс. Қазір бұл ережені елемейтіндер бар, бірақ 1990 жылдардың басына дейін оны қатаң сақтаған.

Солтүстік кореялықтар көше бойындағы дүкенде кезекте тұр. Пхеньян, Солтүстік Корея / Alamy

Солтүстік кореялықтар көше бойындағы дүкенде кезекте тұр. Пхеньян, Солтүстік Корея / Alamy

Бұған қоса, ел аузындағы бір мәтелде айтылғандай, КХДР-да инминбан бастығы «әр үйде тамақ ішетін қанша қасық және қанша таяқша бар екенін білуі керек», яғни шенеунік инминбанның барлық тұрғындарымен (50100 адам) таныс болуы керек, кімнің қайда жұмыс істейтінін, қандай табыс табатынын, не мүлкі барын, жалпы хал-жағдайдың білуге тиіс. Инминбан бастығы қарамағындағы пәтерлер мен үйлерге мезгіл-мезгіл барып, бәрі дұрыс па, соны тексеріп, бекітілген кестеге сай учаскелік полиция қызметкерімен кездесіп, оған күдік тудырған жайттар туралы хабар беруге міндетті. Ол сондай-ақ инминбанға келіп-кеткендерді тіркеп отыруға тиіс: инминбан аумағында уақытша тұрақтайтын адам (мысалы, достарының немесе туыстарының үйінде түнейтін азамат) бастыққа барып, күні бұрын тіркеуге тұруы керек.

Бұдан бөлек, инминбан басшысы «үйге кіріп, тексеріс жүргізеді», яғни түнде үй-үйді аралап көреді, мұндай тексерістер астанада және айрықша бақылаудағы аудандарда жиі болатын, анда-санда шағын қалаларда да осындай рейдтерге шығатын. Түн ортасында ұйымдастырылатын мұндай тексерістер кезінде полиция инминбанды айнала қоршап, әр пәтерге кіріп, жедел тінту жүргізеді. Осындай «үйді тінту» кезінде ең алдымен тіркеуге тұрмай түнеп қалған адамдарды іздейді.iмұндайда көбіне көңіл қосқан жұптар күдікке ілініп тұрады емес пе Тәртіп бұзған жерінде ұсталғандардың оқу орнына не жұмыс орнына хабар берілуі тиіс. Тәртіп бұзғаны әшкере болған адамның қандай сынға ұшырайтыны айтпаса да түсінікті шығар. Мұндай жағдайда, КХДР-да жыныстық қатынасқа қатысты ескі патриархалды ұстанымдар сақталғанын ескерсек, әсіресе, құмарлығына тұсау сала алмай ұсталып қалған әйелдер қатты зардап шегуі ықтимал.

КХДР сарбазы насихаттау суретінде бейнеленген / Getty Images

КХДР сарбазы насихаттау суретінде бейнеленген / Getty Images

Ертеде «үй тінту» кезінде шетел әдебиетін іздеп табуға тырысатын. Әсіресе, радио және телевизорларға салынған пломбалардың бүтіндігін қатты тексеретін (әлі де солай). Себебі Солтүстік Кореяда баптауларын алдын ала белгілеп қойған, яғни тек мемлекеттік арналардан хабар тарататын радио жабдықтарды ғана сатуға, үйде ұстауға рұқсат. Үйден басқа арналардан хабар алатын радиоқабылдағыштар табылса, иесін қылмыстық жауапкершілікке тартады. КХДР-да шығарылатын барлық радиоқабылдағыштар тек ресми арналардың жиілігінде ғана хабар тарататындай етіп бапталады. Алайда КХДР халқы білімнен кенде емес, елде радиоқабылдағышты бұғаттауын алып тастап қолдана алатын тапқырлар да баршылық. Сондықтан осы сияқты жабдықтардың бәріне пломба салып, бүтіндігін тексеріп тұрады.

Сапарға шығуға рұқсат алу

Халықтың күнделікті өмірін бақылау амалдарын сөз еткенде, 1960 жылдары азаматтардың ел аумағында жүріп-тұруын қатаң бақылау жүйесі енгізілгенін айтпай кетуге болмайды. Сол уақыттан бастап КХДР азаматы тіркелген провинциядан тыс жерге шығуға арнайы рұқсат алуы қажет еді. Сол рұқсатты жергілікті билік органдары инминбан басшысымен және азаматтың жұмыс немесе оқу орнындағы әкімшілікпен келісе отырып беретін. Өз провинциясынан рұқсат алмай шығып кеткендер әкімшілік құқық бұзғандар болып саналатын. Ким Ир Сен тұсында мұндай рұқсат қағазын пойызға не қалааралық автобусқа билет алғанда да көрсету керек-тін.iiбұл ереже әлі де күшінде, алайда 1990 жылдардан бері іс жүзінде орындалып жатқан жоқ

Солтүстік кореялықтар Пхеньянға жұмысқа жол тартты. 2012 жыл / AFP

Солтүстік кореялықтар Пхеньянға жұмысқа жол тартты. 2012 жыл / AFP

Шекара аймақтарына немесе Пхеньянға баратындарға қатысты арнайы, әлдеқайда қатаң ережелер қолданылатын. Бұл аудандарға кіру үшін астанадан, тікелей Ішкі істер министрлігінен рұқсат алу қажет оны алудың өзі оңай емес.

Карточкалар жүйесі

Солтүстік Кореяда Ким Ир Сеннің кезінде орнаған қоғамдық тәртіптің бір айрықша тұсы жүйенің сауда-саттыққа күдікпен қарауы. Ким Ир Сеннің өзі қалыпты коммерциялық саудаға қарағанда қажеттінің көбін карточкаға сай тарату әлдеқайда әділ болады деп бірнеше рет айтқан-ды. Солтүстік Корея мемлекетінің қалыптасуында дәстүрлі шаруа дүниетанымының қандай рөл атқарғанын еске алсақ, қоғамның алыс-берісті тәуір көрмегені ғажап емес: шаруалар коммерция саласын, сонда жүргендерді ертеден-ақ жақтырмайтын, ал бәріне тең бөлу тәртібін нағыз әділ жүйе деп білген.

Көп адам «карточка жүйесі» тіркесін естісе, сол жүйені құптай, қуана көңіл білдірмейтіні рас. Карточка жүйесінің болуын әдеттен тыс ауытқу, кедейшілік, соғыс және басқа да ауыртпалықтардың нышаны деп біледі. Карточка жүйесімен шамамен қырық жылға жуық өмір сүрген солтүстіккореялықтар сол жүйені бірден жамандай жөнелмейді, өйткені бұрынғы Кеңес Одағы тұрғындарына қарағанда корейлер оған өзгеше қарайды. Солтүстіккореялықтар карточка жүйесін тұтынушы еркіндігін шектеу деп емес, әлеуметтік қамсыздандырудың ерекше бір түрі деп түсінген.

Тамақ пен сусын сататын киоск. Пхеньян, Солтүстік Корея / Alamy

Тамақ пен сусын сататын киоск. Пхеньян, Солтүстік Корея / Alamy

Карточкалар жүйесі аясында таратылатын тауарлардың бағасын мемлекет жақсылап субсидиялайтын. КХДР тұрғындары карточка жүйесіне үкімет пен қоғам арасындағы жасалған кесімді шарттың ең маңызды бөлігі деп қараған. Ким Ир Сеннің кезінде есейген солтүстіккореялықтар мемлекет қоғамның кез келген мүшесін мерзімді түрде әрі болмашы ақыға негізгі өнімдер мен тұтынушы тауарлары жиынтығымен қамтамасыз етуге міндетті дегенге сеніп баққан. Өз кезегінде, осындай игіліктерді алушы азамат мемлекетке жұмыс істеуі тиіс-тін.

Сонымен Ким Ир Сеннің тұсында мемлекет қоғамның барлық мүшелеріне белгілі бір өнімдер мен тұтынушы тауарларының жиынтығын кепілді түрде әрі болмашы ақыға беруі тиіс еді. Қолда бар ақшаға нарықта сатып алуға болатын тауар саны аз болғандықтан, жұмысшының жалақысын азын-аулақ қажетті заттар, мысалы, кітап, кеңсе тауарларын алуға, болмаса анда-санда киноға билет алуға жұмсайтын ақша деп түсіну керек еді (жұрт солай түсінген де). Осындай ұстанымның бір жарқын мысалы армия: әскерде борышын өтеген солдат елге қызмет етеді, есесіне өмірге қажеттінің бәрін тегін алады, оның үстіне оған жеке шығындарға жұмсауға азын-аулақ ақша да төлеп тұрады.

Көшедегі тамақ пен сусын сатушысы / Alamy

Көшедегі тамақ пен сусын сатушысы / Alamy

Ким Ир Сен тұсындағы Солтүстік Кореяда жұртқа қажеттінің барлығын дерлік, соның ішінде ең маңыздысы астықты да карточкамен тарататын. Сол шақта (жалпы, қазір де) КХДР халқының басым бөлігі егіншілікпен айналысатын халықтарға тән дәстүрлі тамақтану салтын ұстанған: дәнді дақылдар негізгі қорек көзі болған, ал тұздалған не дәмдеуіштер қосып сақтаған көкөністерді қосалқы тамақ деп тұтынатын.

Шын мәнінде, Ким Ир Сеннің кезінде елде бөлек, яғни бір-біріне тәуелді емес бірнеше тарату жүйесі жұмыс істеген. Әуелгісі бір орталықтан басқарылатын жалпыұлттық мемлекеттік тарату жүйесі, ол тек күріш, жүгері, бидай сынды дәнді дақылдар мен ұн және макарон өнімдерін ғана таратумен айналысқан («пэгып» жүйесі). Бұл жүйеден бөлек жергілікті тарату жүйелері болған, олар уезд немесе қала (провинция) әкімшілігіне бағынып, қалған азық-түлік өнімдерін (астықтан басқасын!), сондай-ақ күнделікті тауарларды таратуға жауапты еді («конгып» жүйесі).

Жергілікті ауыл шаруашылығы. Солтүстік Корея. 2012 жыл/Ng Han Guan, Keystone

Жергілікті ауыл шаруашылығы. Солтүстік Корея. 2012 жыл/Ng Han Guan, Keystone

Астықты карточкамен беру жүйесі алғаш рет 1946 жылы енгізілген, ол бастапқыда тек мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлеріне арналған еді. Кеңес Одағы елшілігінің мәліметтері бойынша, 1950 жылдардың ортасына таман елде дәнді дақылдарды 33,4 миллион адам, яғни халықтың басым бөлігі карточкамен алатын. Солтүстік Кореяда ұжымдастыру науқаны аяқталған соң, 1957 жылдың желтоқсанында астықты еркін саудаға шығаруға тыйым салынды: бұдан былай астықты тек карточка жүйесі арқылы тарататын болды, оны жеке саудаға шығару қылмыс деп танылды. Бұл тыйым 1980 жылдардың соңына дейін сақталған.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, мемлекет карточкамен берілетін астық пен жарманың бағасын көтермей, өте арзан ұстап тұрған. Біраз жылдар бойы карточкамен алатын күріштің бір килограмы 0,08 вон тұрды.iсол аралықта орташа айлық жалақы шамамен 50-ден 100 вонға дейін өсті

Көше сатушылары/Alamy

Көше сатушылары/Alamy

КХДР-дың әрбір тұрғыны кесімді мөлшерде (және, қайталап айтамын, тіпті тегін десек артық айтқан емес) астық алып тұруға құқылы еді, сол астықты тарату жүйесіндегі (пегып) нормалар бүкіл елге ортақ болған. Алушыға тиесілі астық мөлшері сол адамның жұмысына байланысты еді. Ең үлкен паёкты (тәулігіне 900 грамм астық) ауыр жұмысқа жегілгендерiболат балқытушылар, шахтерлер, ағаш шабатындар алатын. Жұмысшылар мен қызметкерлердің көбісі күніне 700 грамм астық алып тұра алатын. Студенттер мен жоғары сынып оқушылары күніне 500600 грамм, ал бастауыш сынып оқушылары жасына қарай 300400 грамм алып тұрды. Зейнеткерлерге де 300 грамм астық берілетін. Айтпақшы, сөз жүзінде бұл нормалар әлі де күшінде, ал іс жүзінде кейінгі отыз жылда мұндай паёктарды халықтың бірен-сараны ғана алады.

Қалаларда астықтың кесімді мөлшерін айына екі рет тарататын. Белгіленген күні бір үйдің өкілі (әдетте әйел) тіркеуде тұрған астық тарату орталығына барады. Сонда жеке куәлігін көрсетіп, карточкаларын беріп, болмашы ақы төлеп, үйдегілеріне берген астықты алып кететін, сол алған мөлшерді екі аптаға жеткізу керек.

Үгіт-насихат плакаты: «Қояндарды көбірек өсіріңіз, біздің сарбаздарымыз тамақтан ләззат алсын десеңіз!»/Wikimedia commons

Үгіт-насихат плакаты: «Қояндарды көбірек өсіріңіз, біздің сарбаздарымыз тамақтан ләззат алсын десеңіз!»/Wikimedia commons

Шын мәнінде, шаруалар да азықты карточкамен алып отырды. Ауылдағыларға берілетін астық мөлшері қаладағымен бірдей еді, бірақ оларға паёкты айына екі рет емес, жылына бір рет, күзде егін жиналғаннан кейін ғана тарататын.

Өзгелердің осы жақтағыларды «бейшара солтүстіккореялықтар, жегені күріш қана» деп мүсіркейтіні бар. Осы сөздерді солтүстіккореялықтар естісе, бас шайқап, езу тартар еді; неге десеңіз, Ким Ир Сен тұсында, тіпті Ким Ир Сенге дейін және одан кейінгі кезеңде күріш Солтүстік Кореяның ауқаттылары, элитасы ғана жейтін тағам деп саналған, қарапайым халық оны анда-санда бір жеп қарық болатын. Айтпақшы, Оңтүстік Кореяда да солай болған: мұнда күріш жетпісінші жылдардан бертін ғана жұрттың күнделікті азығына айналды.

Ким Ир Сен билік құрған кездегі Солтүстік Кореяда әдеттегі кесімді астық жиынтығына дәнді дақылдардың бірнеше түрі кіретін. Таратылатын астық мөлшері бәріне бірдей болғанымен, сондағы күріш пен басқа (аса бағалы саналмайтын) дақылдардың арасалмағы әрқалай еді: ауқаттылар тұратын аудандарда таратылатын паёктың құрамында күріш әлдеқайда көп еді. Жұрттың әл-ауқаты біршама түзелген жетпісінші жылдары Пхеньянда таратылған астықтың құрамындағы күріштің үлесі 6070%-ға жететін, ал елдің шалғай аудандарында карточкамен таратылған паёк негізінен жүгері мен арпадан тұрған. Алыстағы ауылдарда таратылған астық рационының құрамындағы күріштің мөлшері көп болса 1015% еді.

Ким Ир Сен құс фабрикасында. 1967 жыл/Getty Images

Ким Ир Сен құс фабрикасында. 1967 жыл/Getty Images

Күніне 700 грамм дәнді дақыл алған адам тойып тамақтанатындай көрінуі мүмкін, алайда бұл ретте халыққа азық-түліктің қалған түрлерін аз мөлшерде бергенін ескерген жөн,iмысалы, еттен жылына бірнеше килограмм ғана беретін ал нарықтан барып сатып алуға бәрінің шамасы жетпейтін. Дегенмен сол кезде КХДР-да шынымен ешкім аш болмады, ал енді тамақтан таршылық көрмей, қарын томпитқандар қатарына тек шенеуніктерді ғана жатқызамыз.iбүйірі шыққан адам табысты азамат санатында еді

Алайда 1970 жылдары КХДР-дағы экономикалық жағдай нашарлай бастап еді, халыққа тарататын паёк та жұтаңдады. Өкімет 1973 жылы «халықаралық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты» деген хабар таратып, карточкамен берілетін астық мөлшерін азайтты: екі аптада бір рет екі тәуліктік паёкты стратегиялық қор жинауға жіберетін болды. 1989 жылы астық мөлшерін тағы да қысқартты (10 пайызға), 1992 жылы тағы 10%-ға азайтты. Бірақ сол кезде Ким Ир Сен құрған жүйе құлдырай бастаған еді.

Астықтан басқасы

Азық-түліктің «қосымша» және тұтыну тауарларының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету жүйесінің құрылымы біршама күрделі еді. Ким Ир Сен осы тауарларды бүкіл елге ортақ жүйемен, яғни бәріне карточкамен таратса жақсы болар еді деп ниет білдіргенімен, Солтүстік Корея үкіметі бұл бастаманы іске асыра алмады. Мәселен, қышқыл соя тұздығы, қырыққабат, басқа да көкөністер, сондай-ақ балық пен ет өнімдерін жергілікті билік органдары қала немесе округ деңгейінде (біздіңше, аудан деңгейінде) таратқан. Сол сияқты, киім-кешек пен аяқ киім, сабын, тіс тазалайтын ұнтақ т.б. күнделікті сұранысқа ие тауарларды таратуға да жергілікті билік органдары жауапты болған.

Пхеньянның № 1 әмбебап дүкені / Wikimedia commons

Пхеньянның № 1 әмбебап дүкені / Wikimedia commons

Осы өнімдер мен тауарларды үлестіру нормалары әр ауданда әртүрлі болған әрі уақыт өте келе өзгеріп тұратын. Биыл округтегі әр тұрғынның үлесіне қанша жұп шұлық немесе неше литр соя тұздығының келетіні жергілікті билік органдарының орталықтан алған квотасына байланысты болды. Жергілікті басшылық бағы жанып, Пхеньяннан ондаған тонна тоңазыған минтай балығына квота алса балықты карточкамен көптеп бере бастайтын, квота бұйырмаса, халық мүлде балық жемейтін (немесе шұлықсыз қалатын), керек десе осыларды нарықтан сатып алуға мәжбүр болды.

Аймақтың географиялық жағдайы да ескерілетін. Мысалы, округте құс фабрикасы болса, онда тұрғындарға карточкамен жұмыртқа тарататын. Теңіз жағасындағы округтерде жұрт балықтан таршылық көрмеген, ал жағалаудан біраз шақырым алшақ жатқан жерлерде тұрғындар балыққа зәру еді. Етті (тек шошқа еті) жылына 4-5 рет, мереке күндері, адам басына шамамен жарты килограмм беретін.

Пхеньяндағы ұлттық мерекелердің суреті, Солтүстік Корея. 1961 жыл/Getty Images

Пхеньяндағы ұлттық мерекелердің суреті, Солтүстік Корея. 1961 жыл/Getty Images

Әр отбасына ұмыт болған совет-орыс терминологиясымен айтқанда, «алу кітаптарын» табыстайтын. Солтүстік Кореяда бір үйде осындай бірнеше кітапша болған,iдәлірек айтқанда, кітапша емес, қалың қағаздан жасалған карточкалар еді өйткені әр дүкен өзінің алу кітапшасын шығаратын. Сол кітапшаға азаматтың жергілікті карточка жүйесі арқылы нормаланған азық-түлік пен тұтынушы тауарлардан не алғаны тіркеліп, тексеріліп отыратын.

Бұдан бөлек, солтүстіккореялықтарға кейде тұрғылықты жері бойынша арнаулы купондар берілетін. Мұндай купон көмегімен үкіметке қарасты дүкендерден кейбір қымбат тауарларды сатып алуға болатын (орталықтандырылған және жергілікті карточкамен тарату жүйесіне енген тауарлардың бәрін субсидиялайтын, яғни бағасы арзан болатын).

Азаматқа тұрғылықты жері бойынша берілетін купондарды сол жақтағы дүкенге сирек тауарларiмысалы, қолшатырлар немесе былғары аяқ киім келіп түскен кезде тарататын.iКим Ир Сен тұсында солтүстіккореялықтардың көпшілігі матадан тоқылған, табаны резеңке аяқ киім киетін Осындай дефицит тауарлар анда-санда бір келетіндіктен, оларды қалыпты тарату жүйесіне қосудың қажеті болмады.

Сатушы Бейжіңдегі маркалар нарығында КХДР ескерткіштік банкноталарын сұрыптауда / imago / Xinhua / Alamy

Сатушы Бейжіңдегі маркалар нарығында КХДР ескерткіштік банкноталарын сұрыптауда / imago / Xinhua / Alamy

Әрине, шенеуніктерге арналған, былайғы жұрт біле бермейтін тарату пунктері де жұмыс істеген. Төменгі деңгейдегі элита өкілдері дефицит тауарды (мысалы, былғары аяқ киімді) «№65 тарату орталықтары» деген жерден сатып алатын. Жоғары лауазымды шенеуніктерге қосымша азық-түлікті тікелей үйге жеткізіп беретін. Мұндағы министрдің орынбасары да, Орталық Комитет инструкторы да алатын азық мөлшері белгіленген нормадан аспайтын, сол норма тиісті деңгейдегі шенеуніктердің бәріне бірдей еді. Атап айтқанда, басшылық лауазымдағы ерлерге фильтрі бар темекі беретін, ал қарапайым азаматтар папирос тартатын. Халық елдегі тарату жүйесінде алалық болғанын білгенімен, шенеуніктердің осы іспетті артықшылықтарға ие болғанына аса наразы болмаған.

Марқұм көшбасшылардың портреттері Ким Ир Сен (сол жақта) және Ким Чен Ир (оң жақта). Пхеньян орталығы / Alamy

Марқұм көшбасшылардың портреттері Ким Ир Сен (сол жақта) және Ким Чен Ир (оң жақта). Пхеньян орталығы / Alamy

Ынталандыру сипатындағы таратудың ерекше бір түрі «Ұлы Көсем берген сыйлықтар», яғни Ким Ир Сеннің тартуы. ii1980 жылдардан бастап оларға қоса «Сүйікті Басшы берген сыйлықтар», яғни Ким Чен Ир атынан сыйлық беретін болды Әдетте осы санаттағы сыйлықтарға қарапайым жұрттың қалтасы көтермейтін қымбат тауарлар импортталған жемістер, телевизор, сағат жатқан. «Ұлы Көсемнің сыйлықтарын» өндірісте өзгелерден ерек шыққан, көзге түскен жұмысшыға, кейде тіпті белгілі бір кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне немесе тұтас бір қала тұрғындарына да беретін. Осылайша сол қаланың не кәсіпорынның ерекше мәртебеге ие болғанын көрсететін.

Мысалы, 1982 жылдың сәуірінде Қытаймен шекаралас Хверён қаласында, бұл қала Ким Чен Ирдің анасы, Ким Ир Сеннің жұбайы Ким Чжон Суктың туған жері болғандықтан, осы тұлғаның мерейтойын атап өтуге дайындық жүрген. Осыған орай қаланың барлық отбасыларына «Ұлы Көсемнің атынан» деп «Ракета» және «Слава» атты совет сағаттарын сыйлаған, ал сол жылы желтоқсанда, Халықтың Анасы Ким Чжон Суктың туған күні құрметіне қаланың барлық тұрғындарына шетелден алдырған көрпе таратып берген. Биліктің осындай жомарттық танытқанына, мерейі асқанына жұрт қатты ырза болды, сол жақсылықты әлі күнге дейін ұмытпаған.