SPARKS – SCHEHERAZADE

Батыстан шығысқа қарай: дыбыс географиясы

SPARKS америкалық дуэті, Рон Мэйл және Рассел Мэйл. 1974 жыл/Tony Gale/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Күрделі сатиралық глэм-роктың америкалық құдайлары, ағайынды Маэлдер жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлемді қызықтырды және арақашықтыққа қарамастан, олардың елірген қиялдары шығысқа дейін жетті. Олардың ерте шыққан үздік альбомдары «Kimono My House» деп аталғанын еске салсақ та жетіп жатыр. Кейіннен олар гонконгтық режиссер Цуй Харк туралы немесе «The Japanese have come and they bought my number one» атты ирониялық электропоп әндер шырқады. Sparks өздерінің нәзік және шапшаң ойынымен өмір бойы төл сүйкімділігінен айырылған жоқ, ал олардың авантюр-поп өнері осыдан жарты ғасыр бұрын бәсекелеске ие болса, қазір оларға тең келетіндер жоқтың қасы. Шехерезада туралы әнді Рассел Маэл Шахрияр шахтың атынан шырқайды (ертегіші әйелдің партиясын Амелия Кон есімді бойжеткен шырқайды) — бұл Sparks және шеберлердің өзі дендеп енетін сағым әлем мен түпсіз қараңғылық туралы хикая. «Scheherazade» — бақытымызға орай, әлі күнге дейін «Balls» пластинкасындағы ең үздік туынды.

Көшірілді