Тарихшы-медиевист Олег Воскобойниковтың дәрістері орта ғасырлардағы адамдардың дүниетанымы, махаббат пен отбасы, еркектер жайлаған әлемдегі әйелдердің орны, көбіне соғыстан зардап шегетін күнделікті күйбең тірлік, ортағасырлардағы еуропалықтар кімді бөтен санағаны туралы баяндайды. Үшінші дәрісте Олег Воскобойников жолдар, еңбек пен қоңырау сыңғырының ортағасырлық өмір ырғағын қалай реттегені және біз орта ғасырды неліктен ғылыммен байланыстырмайтынымыз туралы әңгімелейді.
Күнделікті нәрседен қатты не жалықтыруы мүмкін? Ортағасырдағы тарихшылар өткен күннің немесе өз заманының оқиғаларын өздеріне және мәңгілікке арнап қағазға тіркей отырып, тура қазіргі біздің баспасөз сияқты, жасалған іс-әрекетке, ерлікке, апатқа қызығушылық танытты. Кескіндеме мен пластика Қайта өрлеу дәуірінің қарсаңында ғана табиғатқа және адамның шынайы өмірін бейнелеуге бет бұрды. Бірақ осы екі сала да күнделікті өмірді таңдаулы түрде және өзіне тән жолмен дәріптейді. Өнердің табиғаты да осындай. Үйреншікті дағдылы күндер ғибратсыз әрі поэтикасы жоқ сияқты көрінетін. Адамдардың басым көпшілігі ғасырлар бойы қалам немесе қылқалам ұстаған шығармашыл жандардың қызығушылығынан тыс қалып отырды. Сондықтан тарихшылар 1969 жылы Америка президенті Ричард Никсон айтқан популистік сөзді қолдап оларды «үнсіз қалған көпшілік» деп атайтын болды. Орта ғасырлардың бүкіл әдебиетінде тек исланд тектік сагасы ғана ауыл тұрғыны — бондтыңi
Сонда да көптеген күнделікті тәжірибе, тіршіліктің материалдық жағдайы және одан туындайтын ортағасырдағы адамдардың өздері және айналасындағы дүниетанымы бізге белгілі және назар аударуға тұрарлық. Ең қарапайым нәрседен бастайық. Адам болмысының негізінде тамырдың соғуынан бастап жыл мезгілдерінің бұлжымай ауысуына, адам тал бесіктен жер бесікке дейін бір ырғақ жатыр. Өткір парадоксты ұнататын ойшыл Элиас Канетти «Бастапқы ырғақ — аяқ соғысының ырғағы» деп жазды. Тыңдап көрелік.
Жолдар
Саудагерлер мен қасиетті жерге бара жатқан тақуалар ұзақ жолды еңсеру үшін атты, қашырды әрі есекті көлік етті. Кемемен жүзді және жаяу да жүрді. Саяхатшы мен оның жүретін жолының арасындағы қатынас біздікінен әлдеқайда жеке және табиғи сипатта. Біз жұмысқа асықпай, сейіл құрып жүрсек те, жол бір дәрежеде бізді біріктіреді және ажыратады. Ол — межелі жерлер арасындағы километраж, картадағы сызық, ал соңғы жылдары тіпті навигатор экранындағы көрсеткіш ғана. Орта ғасырларда жолдың бәрі ыңғайсыз және қауіпті болды. Бірақ оның қай-қайсысы да бірінен соң бірі көкжиекте пайда болатын орындар, локустар тізбегі. Жолда кездесетін әр ауыл, әрбір жол айрығы, монастырь, көпір, шағын қала немесе төбе — кездесу орны, оқиға.
Әдеткі ортағасырдағы жол жаяу жүргіншіге, әрі кем дегенде ат көлікке арналған. Өйткені салт аттылар, мәселен, патша жасағы қажет болған жағдайда жазық даланы тікелей басып өтері анық. Ал қарапайым адам қалыпты адымдап, айналасындағыларды өз көзімен көріп, оны жан-тәнімен сезініп танып-біледі. Қызметкердің де, саяхатшының да, салт аттының да аяғы мен өкпесі мықты болады (ат — автомобиль емес). Бірыңғай өлшем жүйесі болмаған кезде қашықтық күндіз жаяу немесе сирек жағдайда атпен жүріп өтетін шамамен өлшенді, ол 20–40 километр аралығында болды. Орта ғасыр заманының соңғы жүз жылдықтарында тәуап ететін орындарға апаратын жолдар іс жүзінде бүкіл Еуропаны кесіп өтті және жаяу жүргінші жолдарының оның тарихында атқарған рөлі зор.
Бұған қоса, апостол Иаковтың1
Уақыт
Күндізгі уақыт жыл бойында тең емес аралықтарға бөлінді. Монастырь күні дұға оқитын «сағаттарға» бөлінді, онда бір мезгілде күндізгі яһудилік тәжірибе мен римдіктердің түнгі үш сағаттық «күзеті» — түнгі дұға (vigiliae) оқу мұра ретінде қабылданған. Алғашқы христиандар Псалом жарлығын ұстанды: «Әділ шешімдерің үшін Сені жеті рет дәріптеймін». Жалпы дұға оқу үшін ең дұрысы әр үш сағат сайын және түнде римдіктердің күзетшілері ауысқан кезде тұру керек еді. Бірақ бұл жаттығу жалпы үрей тудырған қараңғылықты жеңу болған жоқ. Жерорта теңізі әлемінде пайда болған христиан діні солтүстікке жетті, ал солтүстіктің адамдары жазда түннің ақ түн, ал қыста күннің қараңғы дерлік болатынына үйренген.
Ортағасырдағы шіркеу дінге сенушілерге уақыт — Құдайдың жаратылысы екенін, сондықтан Шіркеу жердегі тіршілікте оны басқаруға тиіс екенін анық білдірді. Антика дәуірінен мұраға қалған апта христиандық ой-пікірге сәйкес қайта ойластырылды. Біз білетіндей, Исаның өзі сенбі2
Ислам елдерінде азаншының дауысы намаз уақытын ескертетін сияқты, бастапқыда металл ұрғыштар, содан кейін қоңырау адамдардың Шіркеу билеген заманда өмір сүретінін еске салды. Саудагерлер мен қолөнершілер айтарлықтай күшейіп, мүддесі көктен жерге түскенде, олардың уақыты шын мәнінде діннің ырғағына қайшы келген кезде, олар да қоңырауды пайдаланды. Бірақ бұл жолы қоңырау сыңғыры дұға оқитын сағатты емес, ақы төленетін жұмыс уақытын өлшейтін. Бұл төңкеріс Орта ғасыр заманының соңында ғана болды. 13 ғасырдың аяғында мұнара сағаты пайда болды, оны әдетте қала қауымдастықтары сатып алатын. Ағылшын тіліндегі clock сөзінің ортаңғы латын тіліндегі clocca — «колокол», «қоңырау» деген сөзден шыққаны кездейсоқ емес, онысы өз кезегінде көне ирланд тілінен алынған. Орта ғасырдағы ғалымдарға белгілі минуттар тіпті іскер азаматтарды да ұзақ уақыт қызықтырмаған сияқты, сондықтан минут тілі 15 ғасырдың аяғында ғана, ал секунд тілі бір ғасырдан кейін қолданыла бастады. Бір қызығы, біздің өмірімізде механикалық сағат сақталып қалды, ал ортағасырлық цех қоңырауының «мұрагері» — фабрика дабылының гуілдеуі тарихтың еншісінде. Тек шіркеу қоңырауының соғуы, көбінесе сағат электроникасы арқылы бағдарламаланған болса да, бүгінгі Батыста жедел жәрдем сиренасының гуіліндегідей үйреншікті дыбыс.
Еңбек
Еңбек туралы бірауыз сөз қозғасақ. Оның жағдайы да, нәтижесі мен қоғам өміріндегі маңызы да әр дәуірде және әлемнің түкпір-түкпірінде бір-бірінен қатты ерекшеленетінін бәріміз жақсы түсінеміз. Бірақ сонымен бірге бүгінгі күні еуропалық өркениетте азды-көпті жалпы қабылданған еңбек ұғымының өзі Жаңа дәуірдің басында пайда болғанын және сондықтан оны Орта ғасырдан қалған мұраның ең қызықты көріністерінің бірі деп есептеуге болатынын нақтылау керек. Шынында да дәл 15 ғасырдан бастап бірқатар елде бізге үйреншікті феномен — жалақы төлеу дәстүрі тарала бастады. Сонымен қатар әртүрлі еуропалық тілдердегі еңбек сөзі әртүрлі даму кезеңінен өтіп, адамдардың іс жүзінде шұғылданып жатқан кәсібі туралы әртүрлі идеяларын сіңірді.
Жаратылыстың бастауы кітабының алғашқы беттері христиандардың санасына «еңбек — бастапқы күнә үшін берілген жаза» деген идеяны заңнамалық дерлік деңгейде орнатты. Дегенмен монах жарғылары мен оларға берілген көптеген түсініктеме маңызды өзгеріс болғанын көрсетті. Қол күшінің еңбегі рухани иерархияның басында тұрған монахқа лайық, демек әр еңбеккер дұрыс жолмен келе жатыр. Цистерциандар — 11 ғасырдың аяғында негізі қаланған монахтық ордені, аскеттердің аскетіi
Шын мәнінде «еңбек ақталды», бұдан былай ол жаза әрі құлдар мен зұлымдардың жазмышы деп есептелмей, жақсы игі кәсіпке айналды. 16 ғасырдағы протестантизм3
Біздегі оқулықтар құл иеленушілік шаруашылықтың феодалдық жер иеленушілікке ауысқаны туралы әңгімелегенде, көп жағдайда «өндірістік күштердің» дамуының адамды жалықтыратын схемалары мен «заңдылықтарын» жамылып, шындықтан бұлтарып кетеді. Феодализм кезінде тұрмыстық құлдық та, құл базарлары да жойылған жоқ, тек латын тіліндегі servus сөзіне («құл») sclavus, «славян» этнонимі қосылып, бұл сөзден қазіргі Батыс Еуропа тілдеріндегі тиісті термин пайда болды, өйткені славяндар жиі-жиі, әсіресе өздерінің саяси бірлестіктері пайда болып, нығайғанға дейін құлдыққа сатылатын. Солай болғанымен, құл еңбегі Антика дәуірінің соңында болмыстың жасампаз негізі болудан қалды.
Ауылда да, қалада да ортағасырлық аграрлық әлем ғасырлар бойы өмір сүрді дегеннен гөрі аман қалудың қамын жасады деуге болады. Ол өзінің тіршілігіне қажетті кеңістікті сақтап қалу үшін айналадағы табиғатпен күресті: Батыстағы бізге үйреншікті «берг» (тау немесе төбе), «дорф» (ауыл), «форд» («аяқ өткел»), италиялық «вилланова» және француздық «вильнёв» пен «шатонёф» — «жаңа қала», «жаңа ауыл», «жаңа қамал» осының жемісі. Ақырында, іс жүзінде теңізден тартып алынған Фландрия мен Зеландиядағы польдерді еске түсірейік. Осының барлығы адамның орманнан, судан немесе ми батпақтан тартып алған, игеріп, құрылыс салған жері туралы естеліктер.
Сыртқы көрінісіндегі барлық аймақтық ерекшеліктерін ескергенде, бүгінде біз білетін ауыл — адамдардың орта ғасырда ашқан жаңалығы. Мәселе біздің жадымыздың сезімталдығын реттеуде ғана. Неге? Жер — Орта ғасырлардағы бар нәрсенің негізі. Бұл негізгі материалдық құндылық, экономикалық және әлеуметтік қатынастар сонда құрылады. Сондықтан оны өңдеу техникасындағы кез келген өзгерістің тарихи маңызы зор болды, ол күнде қайталанып жасалатын істе көп нәрсені өзгертті. Ұшында қайырмасы мен темір тісі бар асимметриялы доңғалақты соқа қарапайым соқаны ауыстырып, 1000 жылға дейін шаруа еңбегінің тиімділігін күрт арттырды. Осы төрт дөңгелекті «каррука» салмағы ауыр шөгінді, тасты, құрғақ топырақты игеруге жол ашты, демек шаруа мен сеньор шаруашылықты кеңейтіп дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Оның қайырмасы жерді аударып, атыз жасады және солтүстіктің ылғалды климатындағы маңызды нәрсе — дренажды жақсартты және соқашының күші мен уақытын үнемдеді. Атыз тереңдей түсті, жер әлдеқайда борпылдақ болды, демек дәстүрлі тыңайтқыштарға: үй шаруашылығының қалдықтарына, көңге, күлге қаныққан топырақтан құнарлы болды. Тұқым жел мен құстардан жақсырақ қорғалғандықтан, нәтижесінде астық өнімі бітік шықты. Бұған алғаш рет 11 ғасырдың аяғында «Байё кілемі» картинасында бейнеленген қамыт мен тағадан бастап жарма пен тырмаға дейін жегу әбзелі мен жалпы тарту күшін пайдаланудағы ілгерілеу қосылды.
Жасампаздық
Орта ғасыр — ол қандай да бір ашылған жаңалықпен, бұған қоса техникалық немесе басқа прогреспен байланыстыратын дәуір емес. Біз — ортағасырлық емеспіз! Біз ғарышқа «белка-стрелка» мен Гагаринді ұшырдық, Армстронгты Айға қондырдық, Енисей мен Гудзонды жаптық, бу машинаға міндік, тікен сымды ойлап таптық және атомды бөлшектеп, ядролық оқтұмсықты ойлап таптық. Біз — обаны да, тырысқақ ауруын да жеңдік, дегенмен әзірге қатерлі ісікке қарсы қолымыздан келетін қайран жоқ. Ковидке қатысты барлығы анық дей алмаймыз. Ортағасырдағы әлемді «қайта өрлеуді» де, «ағартуды» да басынан өткермеген үмітсіз Арканар5
Айтар болсақ, ең заманауи батыс өркениеті технологияның күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсініп, патенттер жүйесін, яғни ғылыми институттар немесе әуесқой өнертапқыштар ашқан жаңалықтарды бекіту және сынақтан өткізу жүйесін әзірледі. Бірақ бүгіннің өзінде олардың барлығы бірдей іске аса бермейді. Ашылған жаңалықтың және ол адам өмірінің үйреншікті бөлігіне айналатын кездің арасында жылдар, ондаған жылдар, тіпті ғасырлар өтуі мүмкін. Тарихшылардың арасында үйреншікті түрде айтылатындай, ойлап тапқан нәрсені іске асыру немесе құралды, техниканы немесе тәжірибені қандай да бір модернизациялау, жетілдіру үшін нақты тарихи ортаның осы жаңалықты қабыл алуға бейім болуы, мәдени климат, ұжымдық ақыл-ойдың дайын болуы немесе осы ашылған жаңалыққа қатысты қандай да бір сыртқы қажеттілік қажет.
Айталық, неліктен антика заманының ойы батылдығына қарамастан эллинизм дәуірінде ашылған дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қабыл алмады? Айналып жатқан планетада өмір сүру жайсыз болатын ба еді? Неліктен ежелгі адамдарда болған диірмен қажет етілмей, Еуропаға тән көкжиек сызығындағы үйреншікті тік доминантаға, яғни біз 17 ғасырдағы голланд суретшілерінің туындыларынан және тіпті Монмартрдан білетін доминантаға айналуы үшін шамамен мың жыл өтуі керек болды? Құл еңбегінің салыстырмалы түрде арзан болғанынан ба? Бірақ құлдырау дәуірінде оны техниканың көмегімен үнемдеу бірдеңені сақтап қалуға мүмкіндік беретін еді. Оның үстіне, римдіктердің инженерлік қабілеті тамаша еді.
Мың жыл бұрын викингтер Солтүстік Америкаға6
Біз үшін ең үйреншікті кез келген құбылысты, затты немесе тәжірибені алып қарасақ, оның генеалогиясы — шатысып кеткен жұмбақ, ал оның өзегі Орта ғасырлардан болып шығады. 13 ғасырдың басында адамдар ерекше тәсілмен жылтыратылған әйнектің заттарды үлкейтіп көрсететін бірегей қасиеті бар екенін білді, тағы жүз жылдан кейін бір италиялық уағызшы бәріміз білетін көзілдірік туралы «өнердің кереметі», яғни таңғажайып, бірақ өмірде бар нәрсе деп әңгімеледі. Әуешары ойлап табылған заманға дейін әлі алыс болды, бірақ Леонардоның конструкторлық тәжірибелері Орта ғасырда адамдардың аспанға ұшу туралы армандағанын анық көрсетеді. Португалдар мен испандар жаңа жерлерді ашқанға дейін кеме жасау ісі мен теңізде жүзу техникасы жылдам ілгеріледі. 12 ғасырдың аяғында ағылшын Александр Неккам көлденең тоқыма станогын сипаттады. Ол тоқымашының жұмысын тездетіп, жеңілдетті, онысы бұдан былай атқа мінген шабандоздай станокқа отырып алып, педаль жетегін аяғымен басып, оны басқаратын болды.