ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

А, Ә, Б, В әріптері

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Алаш

Қазақтардың рух көтеретін ұраны, бабаның есімі және еліміздегі алғашқы партияның аты

Алаш бұл күллі қазақ руларының атасы саналады. «Алаш» сөзі әскери рухты ұран ретінде кемі 15 ғасырға дейін қолданылып, кейіннен ақырындап мұқым қазақтың одағы деген мағынаға үйлесе бастады. 1917 жылдан 1920 жылға дейін «Алаш» деген кейін партия болған ұлт-азаттық қозғалыс болды. Партия «Алаш орда» деген қазақ мемлекетін құрамыз деп мәлімдеді, бірақ билікке большевиктер келген соң жұмысын тоқтатып, оның басшылары мен қайреткерлері ату жазасына ұшырады.

Алаш партиясының Семейдегі өкілдері, 1918 ж. Әлихан Бөкейханов ортада отыр/Wikimedia Commons

Алаш партиясының Семейдегі өкілдері, 1918 ж. Әлихан Бөкейханов ортада отыр/Wikimedia Commons

Әулие

Әулие ақсақал, данагөй және пайғамбар

Бұл сөз араб тілінен құдайдан қорыққан, тура жолдан таймай, күнәдан аулақ адам деген мағына береді. 10 ғасырдан бастап бұл терминді сопылар (суфизм өкілдері, исламның акетика-мистикалық бағыты) жаппай қолдана бастады және оның мәні де өзгерді. Сопылар әлемде әулиелердің нақты саны бар деп есептейтін (әртүрлі дәстүр бойынша 356-дан 500-ге дейін) және олардың істеген құлшылығы, дұғасы адамзаттың өмір сүруіне қажет деп санайды. Бір әулие қайтыс болғанда, оның орнын басқасы басады, сол мезетте жаңа әулиеге аспаннан нұр жауып, ерекше бата беріледі.

«Мистик Ахмад Ғазалидің шәкіртпен сұхбаты» - «Мәжіліс әл-ушшак» («Ғашықтар жиналысы») қолжазбасынан алынған парсы миниатюрасы 1552 жыл/Oxford University

«Мистик Ахмад Ғазалидің шәкіртпен сұхбаты» - «Мәжіліс әл-ушшак» («Ғашықтар жиналысы») қолжазбасынан алынған парсы миниатюрасы 1552 жыл/Oxford University

Бумын қаған

552 жылы Түркі қағанатын құрушы, Ашина тайпасының көсемі

Қытайлармен одақтасқан Бумын қаған түркілерді басып алып, билігін жүргізген жужандар тайпасын жермен-жексен етті. Қаған Қытай ханшайымына үйленіп, Тынық мұхитынан Қара теңізге дейін созылып жатқан түркі мемлекетінің негізін қалады. Дәл осы Бумын қағанның кезінен бастап түркілерді алғаш рет «түркілер» деп атай бастаған.

Ыстамбұлдағы Бумын қағанның бюсті/Alamy

Ыстамбұлдағы Бумын қағанның бюсті/Alamy

Вальпургий түні

1 мамырдың түні — көне германдардың көктем мерекесі

Бұл түнде ұйықтамай, от жағып, билеп, қуанышты көңіл күйде жүру керек деген түсінік болған. Әлбетте, христиан шіркеуі бұл мерекені жындарға табыну деп айыптап, тойлауға қарсы болған. Мереке туралы мыстандар мен сиқыршылар сайтанға табынатын рәсім ретінде айта бастаған. Алайда Вальпургия — бұл католиктердің әулиесі, оның еске алу 1 мамырға сәйкес келеді. Ал оның есімі қара күштердің синониміне айналуы — тарихта көп кездесетін нонсенстердің бірі.

 Ырду-дырду тойдағы жын мен перілер ойнағы.  17 ғасыр/Getty Images

Ырду-дырду тойдағы жын мен перілер ойнағы. 17 ғасыр/Getty Images