ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

И әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Ифа

Батыс Африкада йоруба, фон және эве халықтары арасында кең таралған бал ашу жүйесі.

2008 жылдан бастап ифа ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енген. Болжау үшін арнайы тақта, ұнтақ және ерекше дайындалған жаңғақтар пайдаланылады. Батыс Африкада ифа рәсімін тек арнайы дайындалған және оқытылған діндарлар жүргізе алады, сондықтан дүкендерде сатылатын ифа жиынтықтары көбіне тек ескерткіш ретінде сатылады. Оның еш рәсімдік мәні жоқ.

Ифа сәуегейлік тақтасы (Опон Ифа). 16-17 ғасырлар/Alamy

Көшірілді