ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Й әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Йомендер

Ортағасырлық Англияда өз жеріне ие болып, тәуелсіз өмір сүрген еркін шаруаларды осылай атаған.

«Йомен» деген сөз «жақсы адамдар» дегенді білдіреді. Олар өз жерін өңдеп, қару ұстай алатын құқыққа ие болған және көбіне ешкімге қызмет етпеген. Әскерде садақшылар ретінде қызмет еткен, себебі олардың қаражаттары жақсы қару-жарақ немесе ат сатып алуға жетпейтін. Йомендер аристократия мен тәуелді шаруалардың ортасында тап ретінде саналған, сондықтан олар Англияның орта таптарының негізін қалаған. Кейінгі дәуірлерде йомендер тек жер өңдеумен шектелмей, қолөнер, өнер, сауда немесе дін жолына түсуі мүмкін еді. Уильям Шекспир мен Исаак Ньютон сияқты ұлы тұлғалар йомендерден шыққан.

Джон Эверетт Милле. Гвардия йомені (бифитер, капрал Джон Чарльз Монтегю). 1876 жыл/Alamy

Көшірілді