ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

К әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Кереге

Қазақ үйдің ағаштан жасалған тор тәрізді негізі.

Кереге көбінесе әртүрлі ағаштан жасалады, өйткені олар икемді және жеңіл. Керегені қазыққа және уыққа бекітеді, сыртын киіз немесе басқа маталармен қаптайды. Мұндай құрылым киіз үйді қатты жел мен қарлы борандардан сақтайды, себебі кереге желдің соққысына қарсы серпімділік көрсетеді, бірақ сынбайды. Жылы, бірақ тым ыстық емес күндерде киіз үй қаптамаларының бір бөлігін көтеруге болады, сонда кереге торы терезе ретінде күн сәулесін өткізеді.

Киіз үйдің ұлттық безендірілуі. Қазақ ою-өрнектерінің көне тоқу/Alamy

Киіз үйдің ұлттық безендірілуі. Қазақ ою-өрнектерінің көне тоқу/Alamy