Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Қаған
Көшпелі иерархиядағы «хандардың ханы», ең жоғарғы билеуші.
Қаған атауы біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығының ортасында қытайлық жылнамашылар жазған деректерде кездеседі. Бұл бастапқыда моңғол термині болып, кейіннен түріктерге өткен.
Қаған — басқа жергілікті хандар бағынатын жоғарғы билеуші. Қағандар басқарған үш негізгі мемлекет болған: Хазар, Авар және Түрік қағанаттары. Кейбір зерттеушілер Русь қағанатының да болғандығын айтады, өйткені «қаған» деген атаумен кейде орыс княздары аталған. Мысалы, Киев митрополиті Иларион Ярослав Мудрыйды солай атаған. Алайда басқа ғалымдар бұл нұсқаны қате деп санайды, олар «қаған» бұл жағдайда тек бір билеушіге құрметпен қарайтын, түркілік элементтермен байытылған тілдегі сыпайылық сөзі деп есептейді.