Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Дөп сөз (Λακωνία)
Ойларды қысқа әрі дәл жеткізу қабілеті. Ежелгі гректер бұл қасиетті Лакония тұрғындарына тән деп санаған.
Лаконияның орталығы Спарта еді, онда өмірдің қарапайым және қатал тәртібі әлі күнге дейін «спартандық» әдет-ғұрыптар мен тәрбие тәсілдерімен есте қалған. Дөп сөз — артық сөзден бас тарту, сөйлеу өнерін басы артық нәрсе деп қабылдау. Спартандық дөп сөз айтатындардың ең әйгілі мысалы — Македон патшасы II Филипп Спартаға өз армиясының қалаға кіріп, барлық егін мен мүлікті жоюға, тұрғындарды өлтіруге немесе құлға айналдыруға уәде берген хат жібергенде, спартандықтар «егер» деген бір сөзбен жауап берген екен.