ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Н әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Наркескен

Қазақтың қайқы қылышы.

Қазақтың наркескен қылышының прототипі 8–9 ғасырларда шығыстың ең танымал қаруы болған арабтың исфаған қылышы болды. Бастапқыда далалықтар сол жақта жасалған және өте қымбат исфағанды қолданған, бірақ кейін Казақ хандығының ұсталары иілгіш, өткір және мықты қылыштарды жасап үйренді, олар «наркескен» деп аталды. Дәстүр бойынша наркескен тек бір ғана иесіне қызмет етуі керек еді: қылышты бір рет шайқаста пайдаланғаннан кейін оны сатуға немесе сыйлауға болмайды. Алайда батыр қылышты ұлына, бауырына немесе немересіне мұраға қалдыра алады.

Қола қылыш. Қытай. Шамамен 220-280 жылдар. Чернуски мұражайы, Париж /Alamy

Көшірілді