ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

О әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Отырар

Ежелгі Орталық Азияның ең ірі қалаларының бірі.

1-ші ғасырдан 13-ғасырдың басына дейін Отырар Шығыс пен Батысты байланыстыратын маңызды орталық болды. Кішкене оазистен басталып, өзінің гүлдену шыңында 200 000 тұрғыны бар қалаға айналды, ол маңызды мәдениет, ғылым және сауда орталығы болды. Шыңғыс хан мен оның мұрагерлерінің жорықтарынан кейін Отырар қирап тынды. Қаланың қирандысында қалған халық 19 ғасырға дейін сонда өмір сүрді. Қазіргі уақытта Отырар археологиялық зерттеу аймағы, қала орны заңмен қорғалады.

Отырар қирандысындағы Шахристан қақпасы/Getty Images

Көшірілді