ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Г, Ғ, Д, Е әріптері

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Гандхари

Үндістандық ханшайым, «Махабхарата» эпосының батыр кейіпкері.

Ол зағип патшаға тұрмысқа шыққан кезде, ешқашан көз байлауын шешпеуге ант береді. Бұл шешім патшаны қапаландырды, себебі оған өз көзі болып көмектесетін жар қажет еді.

Гандхари Үндістанның ең қалаулы қалыңдықтарының бірі болған. Жорамал бойынша, ол патшасына жүз батыр ұл сыйлауы керек болған. Ақыры, Гандхари бұл болжамды артығымен орындап, жүз ұл мен бір қызды дүниеге әкелді.

Ғақлия

Тәрбиелік трактат. Танымал ғақлия – Абайдың «Қара сөздері».

Ғақлия — дидактикалық жанрдағы трактат, дұрыс мінез-құлық пен адамгершілік қағидаттарын үйрететін шығармалар жиынтығы. Абайдың әйгілі «Қара сөздері» осы жанрға жатады. Мұндай шығармалар көбінесе өлең түрінде немесе прозада жазылып, ақыл-өсиет пен тәрбие береді. Кей кезде олар аллегориялар немесе мысалдар арқылы жазылады. Мысалы, Абайдың «Қара сөздерінде» моральдық ережелер көбі мысалдар шешім мен пайымдау арқылы көрсетіледі. Жанрдың атауы араб тілінен шыққанымен, кез келген ғибратты новеллалар мен жасөспірімдерге арналған ақыл-кеңес жинақтарын «ғақлия» деп атауға болады. Тіпті ежелгі мысырлықтардың иероглифтері мен месопотамдық сына жазулары да осы жанрға сәйкес келеді.

Дарик

Ежелдегі ең атақты монета, оны парсылар шығарған.

Парсының даригі — ең беделді алтын монеталардың бірі, ежелгі әлемде ерекше құрметке ие болды. Оның құрамында 97% таза алтын болғандықтан, дарик ұзақ уақыт бойы жаһандық саудада маңызды валюталық бірлікке айналды. Бұл монетаның атауы б.з.д. 6 ғасырда оны алғаш шығара бастаған патша Дарийдің құрметіне қойылған. Салмағы шамамен сегіз грамм болатын дөңгелек дарикте тізерлеп тұрған садақшы бейнесіндегі патша бейнеленген, ал монетаның екінші жағында ешқандай сурет немесе жазу болмаған, тек тікбұрышты ойық ғана болды. Алтынның тазалығы мен монетаның тартымдылығы соншалық, көптеген алыс елдерде ірі сауда келісімдері дариктермен төленген.

Ер-тоқым

Ат әбзелдерінің толық жиынтығы.

«Ер-тоқым» сөзі екі бөліктен тұрса да, толық жиынтыққа тағы да көптеген бөлшектер кіреді: тебен, ноқта, төсайыл, құйысқан, тартпа, үзеңгі және қамшы. Жоғары сапалы ер-тоқым ұзақ уақыт жасалады және оның құны тұтас жылқы табынына тең болуы мүмкін, себебі ол қымбат тастармен әшекейленіп, ойылған өрнекті былғарыдан жасалады және күміс шекімемен безендіріледі.

Көшірілді