Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Пайцза
Өкілеттілік белгісі.
Қытайда немесе Моңғол империясында кез келген үлкен шенді шенеунік, әскери басшы, салық жинаушы, маңызды тапсырмамен келген елші пайцза алды, ол оның өкілеттілігінің белгісі болды. Өкілеттіліктің деңгейіне байланысты пайцза материалы да қымбаттай түсетін, тіпті таза алтынға дейін жетті. Пайцза көбінесе иесінің міндеттері мен құқықтарын толық сипаттайтын қағаз құжатымен бірге жүрді.