ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Т әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Тамға

Түркі тайпаларының тектік белгісі, ата-бабаның мүлкін белгілейтін мөр.

Тамғаның ең кең таралған жері — малды таңбалау және тайпа жерлерінің шегарасын белгілейтін межелік бағандар мен тастарға соғу. Қазақтардан басқа, тамғаны тағы он шақты халық — осетиндер, татарлар, ноғайлар, бұлғарлар, абхаздар және т.б. пайдаланады.

Бөкей ордасының ел таңбасы. Шамамен 1807 жыл/Wikimedia Commons

Көшірілді