Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Үббе (су перісі)
Қазақтың су перісі. Әдетте үлкен жылан бейнесінде көрінеді.
Үббе суға түсушілерді аңдып, әсіресе күн батқаннан кейін шабуыл жасайды. Одан құтылу үшін сені толық суға тартып әкетпей тұрып: «Үббе, мені босат!» деп дауыстау керек. Басқа бір қорғану тәсілі мынадай — жағалауға су толтырылған құмыра немесе шелекті қалдырып, оның ішіне пышақ салу керек. Осылайша ниеті жаман пері келгенде пышаққа шаншылып, кері қайтады.