Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Чардаш
Гайдуктер деп аталатын көтерілісшілердің билерінен шыққан венгрлердің биі.
Гайдуктер Осман империясының құрамындағы славян және венгр шаруалары болатын. Османдар оларды жол торушылар мен қарақшылар деп есептеген, ал еуропалықтар батырлар және революционерлер ретінде таныған. 19 ғасырда гайдуктердің дәстүрлі биі чардаш заманға сай өзгеріп, сәнді билердің біріне айналды.