ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Ш әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Шежіре

Қазақтың шежіресі — әлемдегі ең нақты генеологиялық ақпараттардың бірі.

Әрбір қазақ өз атасын білуі міндетті. Балалар жеті атасын жаттап, кейбір ересектер өздерінің 25 атасын тізіп бере алады. Бұл дәстүрдің пайда болуының екі себебі бар деп есептеледі. Біріншіден, бұл көне Қытайдағы ер адамдар әулетінің ата-бабаларының рухын құрметтеу дәстүрінің сарқыншағы деседі. Бұл рухтар отбасын қорғаушы еді, бірақ олар да тірілерге тәуелді және құрбандық шалғанын, еске алғанын күтеді. Екіншіден, бұл дәстүр жақын туыстар арасындағы некелерден туындайтын аурулардың алдын алу мақсатында болған. Бүгінде шежіре кітаптарында миллиондаған есімдер жазылған.

Алматы маңындағы Хунс ауылындағы Тұсау кесу рәсімінен кейінгі отбасы/Shutterstock

Көшірілді