Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Ыбырай Алтынсарин
Қазақстанның алғашқы педагог-ағартушысы
1841 жылы ауқатты және құрметті отбасында дүниеге келген Ыбырай Алтынсарин бала кезінен зеректігімен, білімге құштарлығымен ерекшеленді. Тоғыз жасында өзінің өтінішімен мектеп-интернатқа оқуға барды. Бұндай мүмкіндік екінің біріне беріле бермейтін, ал қолы жеткен бай мен бидің балалары ол жерден құтылуға асық болатын. Орыс тілін және басқа пәндерді керемет меңгеріп, Ыбырай мектепті алтын медальмен аяқтады, хатшылық пен аудармашылық қызмет атқарды, кейін педагогикалық жолға түсті. Алтынсарин қазақ балалар үшін, соның ішінде қыздар үшін де, жалпы білім беру мектептерін ұйымдастырумен белсенді айналысты, хрестоматиялар, сөздіктер мен оқулықтарды аударды, қазақ әліпбиін орыс әліпбиі негізінде жасап, жетілдірді. Торғай облысының мектеп инспекторы болып тағайындалды. Алтынсарин өзінен кейін мүлде жаңа Қазақстан қалдырды, онда жалпы білім беру идеясы енді утопия емес, шындыққа айналды.