Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.
Юкатан метеориті
66 миллион жыл бұрын Жерге түскен алып метеорит.
10 шақырымға жуық диаметрдегі алып метеорит Мексика жағалауына түсіп, салдары жаман болды. Мұның нәтижесінде пайда болған күннің суытуы динозаврлардың жойылуына және жылы қанды сүтқоректілердің, соның ішінде біздің ата-бабаларымыздың таралуына себеп болды. Метеорит құлаған кезде болған жарылыс екі миллион ядролық бомбаның бір уақытта жарылғанындай күшті болды. Кейінгі апаттар — орман өрттері мен шаңды бұлттар, Жерді бірнеше жыл бойы Күннен жапты, планетаның температурасы күндіз орта есеппен 30 градусқа, түнде 10 градусқа төмендеді — ежелгі кесірткелердің көпшілігі мұндай суықты көтере алмады. Осы жағдайда тек температураға аз тәуелді кішігірім жануарлар ғана тірі қалды. Климат қалыпқа келген соң, аман қалған жануарлар жойылған алыптардың орнын толтырып, экологиядағы өз орнына ие болды. Осылайша Юкатан метеоритінің (оны Чикшулуб метеориті деп те атайды) арқасында планетамызда адамзат пайда болды деп айтуға болады.