ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Я әрпі

ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи — 12 ғасырдың шайыры, философ, аскет және уағызшысы.

Қожа Ахмет Яссауи, есіміне қарап байқаған боларсыздар, Яссы қаласында (қазіргі Түркістанда) дүниеге келген. Ол Бұқарада білім алып, уағыз жүргізген. Яссауи Мұхаммед пайғамбардың рухани ұстанымдарының тікелей мұрагері саналған. Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбар бұл ұстанымдарды құрманың сүйегіне жазып тапсырған — бұл жемісті Мұхаммедтің ерекше ұзақ ғұмыр кешкен шәкірттерінің бірі төрт жүз жыл бойы сақтаған. Өмірінің соңында Яссауи Яссыға қайтып келіп, өзіне қылует салған және ол жерде күн көзін көрмей өмірінің соңына дейін отырған, өйткені ол өзін күнді көруге лайықтымын деп санамаған. Оның өлімінен екі жүз жылдан астам уақыт өткен соң, Яссауи қабірінің үстіне мавзолей салынды, ол Қазақстанның мәдени және архитектуралық қазыналарының бірі болып есептеледі.

Ахмет Йасауидің заманауи иллюстрациясы/Ahmad Yasawi by Ahmet Yesevi University/Wikimedia Commons

Ахмет Йасауидің заманауи иллюстрациясы/Ahmad Yasawi by Ahmet Yesevi University/Wikimedia Commons