ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Д әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Дарик

Ежелдегі ең атақты монета, оны парсылар шығарған

Парсының даригі — ең беделді алтын монеталардың бірі, ежелгі әлемде ерекше құрметке ие болды. Оның құрамында 97% таза алтын болғандықтан, дарик ұзақ уақыт бойы жаһандық саудада маңызды валюталық бірлікке айналды. Бұл монетаның атауы б.з.д. 6 ғасырда оны алғаш шығара бастаған патша Дарийдің құрметіне қойылған.

Салмағы шамамен сегіз грамм болатын дөңгелек дарикте тізерлеп тұрған садақшы бейнесіндегі патша бейнеленген, ал монетаның екінші жағында ешқандай сурет немесе жазу болмаған, тек тікбұрышты ойық ғана болды. Алтынның тазалығы мен монетаның тартымдылығы соншалық, көптеген алыс елдерде ірі сауда келісімдері дариктермен төленген.

Дарик, 5 век до н.э./Getty Images

Көшірілді