ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Е әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу – жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Ер-тоқым

Ат әбзелдерінің толық жиынтығы

«Ер-тоқым» сөзі екі бөліктен тұрса да, толық жиынтыққа тағы да көптеген бөлшектер кіреді: тебен, ноқта, төсайыл, құйысқан, тартпа, үзеңгі және қамшы. Жоғары сапалы ер-тоқым ұзақ уақыт жасалады және оның құны тұтас жылқы табынына тең болуы мүмкін, себебі ол қымбат тастармен әшекейленіп, ойылған өрнекті былғарыдан жасалады және күміс шекімемен безендіріледі.

Цамбагарав Уул ұлттық саябағындағы көшпендінің жылқысы/Lucy Calder/Алами

Көшірілді