ТАРИХИ ФАКТІЛЕР ӘЛІППЕСІ

Ж әрпі

Тарихи әліппе/Qalam редакциясы

Біздің бабаларымыз өмір сүрген, қазір өзіміз тұратын әлем туралы жаңа нәрсе білу — жаныңды ләззатқа бөлейді. Оқырмандарымызды да бір қуантып тастау үшін Qalam редакциясы Citix @citix.me технологиялық компаниясымен бірігіп, жаңа жоба дайындады. Бұл жобада тарихи әліппеге тізілген маңызды әрі қызықты фактілер бар. Енді сіздер оларды қаладағы Citix смартбордтарынан көре аласыздар, ал ол туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің сайтқа өтіңіз.

Жошы

Шыңғыс ханның мұрагері және Жошы ұлысының билеушісі

Ол Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған тұңғыш ұлы болды. Жошы әкесі тірі кезінде-ақ талантты қолбасшы және шебер билеуші ретінде танылып, әкесінің билігіне көптеген орда жерлерін бағындырған.

Жошының өмірбаянының көлеңкелі тұстары да болған: оның інісі Шағатай Жошының Шыңғыс ханның биологиялық баласы емес екені туралы өсек таратқан, себебі Жошы Бөрте меркіттер тұтқынында болғаннан кейін дүниеге келген. Дегенмен Шыңғыс хан бас қатырмаған сияқты: империяны толықтай Жошыға мұра етуге ниетті болған деп санайтындар бар, бірақ баласының билікті сақтап қалуы қаншалықты қиын болатынын да түсінген. Жошыға империяның басым бөлігі берілгенімен, ол тек бір бөлігі еді. Жошы ұлысы кейіннен Алтын Орда деп аталды.

Бату хан/ашық дереккөзден алынған

Көшірілді