ИТАЛИЯЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ХИКАЯЛАРЫ

Ортағасырлық кәсіпкерлердің тарихы

ИТАЛИЯЛЫҚТАРДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ХИКАЯЛАРЫ

Үндістанға бара жатқан Марко Поло керуені /Wikimedia Commons

Еуропалықтарды ежелден бері Шығыстың байлығы қызықтырды. Жібек, мақта, дәмдеуіштер, асыл тастар мен металдар орта ғасырлық Батыста ерекше бағаланған шығыс тауарларының бір парасы. Алайда сол кездегі көліктің даму деңгейін ескерсек, оларды Еуропаға жеткізу қиын болды. Шығысқа сапар айларға, тіпті жылдарға созылды және өте қауіпті іс болып көрінді. Бірақ пайда табу үшін жердің қай түкпіріне болсын аттануға әзір тұратындар жетерлік. Ендеше, бұрынғының осындай ержүрек кәсіпкерлері туралы сөз қозғайтын боламыз.

Мазмұн

Бірінші мыңжылдықта Еуропаның Шығыспен саудасы византиялықтар мен арабтардың қолында болды. Бірақ 11 ғасырдан бастап сауда сахнасына Италиядан шыққан көпестер келе бастады. Италияның сауда республикалары саналған бірінші кезекте Венеция мен Генуя крестшілер Таяу Шығысқа әбден нықтап бекінген кез — Алғашқы Крест жорығынанiБатыс рыцарьларының Киелі жерді қайта жаулап алу үшін алғашқы крест жорығын Рим Папасы ІІ Урбан бастады. Жорық 1096 жылы басталып, Иерусалим Корольдігі құрылып, 1099 жылы аяқталдыкейін басталады. Осының арқасында италиялық көпестер Жібек жолының батыс жағын қоса алғанда азиялық нарыққа тікелей араласты.

Б.З. І ғасырындағы Жібек жолы картасы/Wikimedia Commons

Б.З. І ғасырындағы Жібек жолы картасы/Wikimedia Commons

Алайда уақыт өте келе Қасиетті жер сауда үшін жарамсыз болып шықты. Крестшілер мен айналасындағы мұсылман державалардың 12 ғасырдың екінші жартысынан бастап өзара соғыс жайы басылмай, қақтығыс оты тұтанып тұрды, сондықтан олардың иеліктері тұрақты түрде қысқара бастады. 1291 жылы жағалаудағы соңғы қалалар құлады. Мысыр мен Сирияны біріктірген мәмлүктерiiМәмлүктер, тікелей аударғанда «құлдар» — арғы тегі түркілерден тарайтын құлдардан құралған Мысырдағы әскери топхристиан көпестерінің алымдарын олардың тауарларының құнынан 20%, тіпті 30%-ға дейін көтерді. Қала берді Рим папасы шіркеуден аластатылудан қауіптеніп, христиандыққа қарсы дұшпандармен сауда-саттық жасауға тыйым салды.

Италияда кейбір тарихшылар «коммерциялық революция» деп атайтын процесс қызу жүріп жатты.

Сауда көлемінің ұлғаюымен бірге экономикалық өмірдің бізге бүгінге дейін таныс жаңа құбылыстары пайда болды. Мысалы, ол қатарда алғашқы биржалар мен банктер бар. Ақша және тауарды қатар алып, саяхаттап үйренген италиялық көпестер үшін тәуекелдер мен ықтимал шығындарды азайту маңызды болды, осының нәтижесінде алғашқы акционерлік қоғамдар мен сақтандыру пайда болды. Адамдардың санасы да өзгерді. Мәселен бұрын шіркеу өсімқорлықты тек еврейлер мен кәпірлер ғана істеуге рұқсат етілген өлімге бастайтын күнә деп санаса, енді өсімге түсіністікпен қарай бастады.iБірақ ол бәрібір күнә болып саналды. Мәселен, әйгілі банкир және Флоренцияның іс жүзінде билеушісі Косимо Медичи Қарт 15 ғасырда өз кәсібіне байланысты ар-ождан азабын тартты

Банк кәсібін бейнелейтін Венециандық-Болон мектебінің миниатюрасы. Патриархалдық семинария, Венеция. 15 ғасыр/Bridgeman / Aci

Банк кәсібін бейнелейтін Венециандық-Болон мектебінің миниатюрасы. Патриархалдық семинария, Венеция. 15 ғасыр/Bridgeman / Aci

Бұл мақалада «италиялықтар», «италиялық саудагерлер» деген жалпылама және біршама шартты атауларды жиі қолданатын боламыз. Бірақ орта ғасырлардағы Италия біртұтас мемлекет болған жоқ, оның тұрғындары өздерін біртұтас ұлт ретінде мойындаулары екіталай еді. Италия өзара текетіресіп тұратын ондаған мемлекеттерге: корольдіктер, республикалар, қалалар мен епископтарға бөлінді. Апеннин түбегінің екі ірі сауда республикасы Венеция мен ГенуяныңiБасқа маңызды сауда қалалары қатарында, мысалы, Пиза, Флоренция және Амальфи барқарым-қатынасы үнемі шиеленіске толы еді әрі олардың арасында ара-тұра соғыс өрті тұтанып тұрды. Алайда бұл аталған қала-мемлекеттердің азаматтарын ортақ ештеңе байланыстырмады дегенді білдірмейді. Олардың ортақ мәдениеті, ортақ құқықтық жүйесі болды, әрі олар бір-бірімен ағайындас диалектілерде сөйледі. Үйден жырақта жүргенде олар өз мүдделерінің ортақтығын түсініп, бір-бірімен жиі келісімге келді.

Қысқасы, Италия қалаларының экономикалық өмірі өркендеп, көпестер жаңа сауда жолдары мен жаңа нарық іздеуге кірісті. Осылайша Қасиетті жердегі соңғы Крест жорықтарына қатысқан мемлекеттер құлағанға дейін венециялықтар мен генуэзиялықтар Ұлы Жібек жолының солтүстік-батыс тармағы тұйықталатын Қара теңіз жағалауына бекіп үлгерді. 14 ғасырда сауда республикаларының негізгі мүдделері сол жерге ауысты.

Моңғол әлемі

Моңғол шапқыншылығының нәтижесінде 13 ғасырда Еуразияның едәуір бөлігін біріктірген Шыңғыс хан ұрпақтарының атынан ат үркитін алпауыт мемлекеті пайда болды. Әрине, моңғолдар көптеген сауда орталығын қиратып, тұтас аймақтардың экономикалық өміріне уақытша тоқтау салды. Бірақ бірнеше онжылдықтардан кейін бәрі тыншыған соң, олар тұтас Азияны біріктіретін сенімді байланыс жүйесін құрды. Сонымен қатар кейде Pax Tatarica немесе Pax Mongolica, яғни Татар немесе Моңғол әлемі деп аталатын бұл кеңістіктерде бір ғасырға жуық бейбітшілік орнады. Сауда жолдары қатаң күзетілді, ал адамдар ортағасырлық талапқа сәйкес өздерін қауіпсіз сезіне алатын. Сондықтан елшілер, миссионерлер мен саудагерлер дереу Шығысқа қарай аттана бастады. Ол қатарда папаның елшісі Джованни Плано Карпини мен венециялық көпес Марко Поло сынды ең танымал саяхатшылар да бар.

Марко Полоның саяхаты. Саяхатшының көзі тірісінде (шамамен 1254-1324 ж. 8 қаңтар) жарияланған «Марко Полоның саяхаты» («Il milione») кітабынан алынған миниатюра/Wikimedia commons

Марко Полоның саяхаты. Саяхатшының көзі тірісінде (шамамен 1254-1324 ж. 8 қаңтар) жарияланған «Марко Полоның саяхаты» («Il milione») кітабынан алынған миниатюра/Wikimedia commons

Италиялық көпестерге Шыңғыс мемлекетіндегі төмен сауда баж салығы ерекше жақты. Бізге жеткен құжаттарға сенсек, Алтын Орда хандары саудагерлерден тауар құнының 3 пайызынан, кейде 5 пайызынанiКөпестер тіпті мұндай алым-салықтан да жалтарып үлгеретін артық құн алмаған.

3% — Алтын Ордадағы саудагерлер үшін салық бажының мөлшері.

Қытай және Үндістаннан түскен пайда расында көл-көсір еді. Мұндай операцияларды сәтті жүзеге асыра алатын кез келген адам жүздеген пайызға татитын пайда таба алды.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Адал көпестің жолы

Егер сіз ғайыптан тайып әлдеқандай италиялық қаланың азаматы болсаңыз және сансыз байлығымен көз тартар Шығысқа аттанғыңыз келсе не істеу керек? Мұнда сізге арнайы әдебиет көмекке келеді. Бізге саудагерлерге арналған ортағасырлық нұсқаулықтар жақсы таныс. Олардың ішіндегі ең танымалы Pratica della mercatura, яғни «Сауда тәжірибесі» деп аталады. Оны флоренциялық көпес және банкир Франческо Бальдуччи Пеголотти жазған. Бұл кітап шамамен 1340 жылы жазылған және 14 ғасырдың бірінші жартысындағы шындықты көрсетеді. Пеголотти халықаралық сауда туралы көптеген маңызды ақпаратты алға тартады. Атап айтқанда ол әр жерде саудаға қанша баж төленетіні, қандай валюта мен салмақ өлшемі қолданылатыны туралы баяндайды, сондай-ақ баршаға белгілі әлемнің әртүрлі бөліктерінде қандай тауарды сатып алуға және сатуға болатыны туралы кеңес береді. Бірақ «Тәжірибенің» ең қызық бөлігі саяхатта адам өзін қалай ұстауы керек деген сауалға жауап болса керек.

Батыс Азия. Каталондық атластың репродукциясы. /Wikimedia Commons

Батыс Азия. Каталондық атластың репродукциясы. /Wikimedia Commons

Бұл тұста атап өтерлігі Пеголоттидің еңбегіне тарихшылар ұзақ уақыт өте сақ қарады. Ол өзінен бұрынғы авторлардың жұмысын жөн-жосықсыз жинақтап, екінші тараптан шындыққа жанаспайтын ақпараттар жинады деп күдікке ілінді. Алайда флоренциялықтың жұмысы ішінара бұрынғы туындыларға ат басын бұрып отырса да, ол келтірген көптеген дерек құжаттармен және тәуелсіз дәлелдермен расталған.iҚосымша ақпарат алу үшін: Bischoff J. P. Pegolotti: An Honest Merchant? // Journal of European Economic History 6 , No. 1. 1977. Р. 103–108

Пеголотти Италиядан Қытайға Қара теңіз аймағы мен Орталық Азия арқылы қалай жетуге болатынын толық баяндайды. Бірақ бармас бұрын шығыс тауарларына айырбастауға келетін еуропалық тауар сатып алуға тиіссіз. Мұнда сол кездегі кәсіпкерлер ақша арқылы да, бұрыннан келе жатқан бартерлік айырбас арқылы да сауда жасай алатын.

Қытай кедейлеріне көмек. «Ұлы хан кітабынан» миниатюра (шамамен 1330 ж.), Рим Папасы XXII Иоаннның тапсырысы бойынша доминикандық Жан де Кора (де Кори) жазған болуы мүмкін. 1410-1412 жылдар аралығы/Wikimedia commons

Қытай кедейлеріне көмек. «Ұлы хан кітабынан» миниатюра (шамамен 1330 ж.), Рим Папасы XXII Иоаннның тапсырысы бойынша доминикандық Жан де Кора (де Кори) жазған болуы мүмкін. 1410-1412 жылдар аралығы/Wikimedia commons

Пеголотти жұқа және қатқыл шұға мата сатып алуға кеңес береді. Өйткені шығыс мақтасы мен жібек маталары Еуропада қалай бағаланса, жүн маталар да Қытайда дәл сондай сұранысқа ие. Шұға мата еуропалықтар Азияға жеткізген жалғыз тауар емес. Мысалы, 1338 жылы венециялықтар Орталық Азия арқылы Делиге өте құнды технологиялық жаңалық — механикалық мұнара сағат жіберді. Еуропалық қоңыраулар, сондай-ақ кейбір қару түрлері, айталық, италиялық арбалатт Шығыста да сұранысқа ие болды.

Кафа мен Тана: Шығысқа бастайтын қақпа

Сонымен, тауарды сатып алған соң, кемеге мініп, Қырымға қарай жүзу керек. Мұнда ерте заманнан бері екі қуатты италиялық теңіз республикалары — Генуя мен Венеция Шығыспен тиімді сауданы бақылау үшін бәсекелесті. 12 ғасырдың соңында венециялықтар Донның сағасына қоныс теуіп, Тана факториясыныңiiФакто́рия — басқа мемлекет немесе колонияның аумағында шетелдік көпестер құрған сауда аумағынегізін қалады (қазіргі Азов немесе түркілер атағандай Азак). Кейінірек генуезиялықтар да Танада орныға бастады. Ал 1226 жылы Қырымның алтын ордалық билеушісі генуездіктерге Кафадаiқазіргі Феодосиясауда бекетін құруға рұқсат берді, ол сол кездегі әлемнің ең ірі айлақ шаһарының біріне айналды.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Италиялық саудагерлер ұзақ уақыт бойы Алтын Орда хандарымен және олардың өкілдері саналатын достарымен қарым-қатынаста болғанына қарамастан, әртүрлі қиындықтар да болып тұрды. Мысалы, 1343 жылы шамамен Пеголотти төл нұсқаулығын жазып жатқан кезде Жәнібектің әскерлері Тананы толықтай жойып жіберді. Бұл шабуылға түрткі болған оқиғаны венециялық шежірешілерден бастап VI Иоанн Кантакузинге дейінгі көптеген замандастар әртүрлі баяндайды.

Оқиға былай болған деседі: бір венециялық Қожа ОмарiChoacaamar венециялық транкскрипциясыесімді алтын ордалық ақсүйекпен сөзге келіп қалады. Ол әлгіні жұдырықпен не қамшымен ұрса керек; италиялық та жойқын соққыға қарап тұрмай, бұл жанжалдың соңы өліммен аяқталған екен. Қожа Омардың өлімі үшін кек алмақ болған хан әскері Тананы басып алып, италиялықтарды өз жерінен қуып шығып, көптеген көпес тұтқынға түсіп, ұзақ уақыт басына сауға сұрайды. Бұл шиеленіскен дағдарыстың күрмеулі жібін шешу көп қажыр-қайратты талап етті. Жәнібек әскерлері генуезиялық Кафаны тағы бірнеше жыл қоршады. Бірақ ол анау айтқандай нәтижелі болған жоқ. Әскерде оба індеті басталып, хан кері шегінуге мәжбүр болды. Оба Кафадан әрі қарай тұтас Батыс Еуропаға тарады. Бұл індет тарихта «қара өлім» деген атаумен белгілі. Түрлі есеп-қисапқа иек артсақ, обадан Батыс Еуропа халқының үштен жарты бөлігі көз жұмған.

Әрине, әрбір оқиға мұндай зардапқа әкелген жоқ, бірақ еуропалықтар Шығыста үнемі бір келеңсіздіктерге тап болып жүрді. Венециялықтар Тана «жердің шетінде, жауымыздың азуында кетті»i«Ad confinia mundi et in faucibus inimicorum nostrorum». XIV–XV ғасырлардағы Танадағы (Азов) венециялық фактория тұрғындары Modus vivendi. Карпов С. П. // Российская история. № 3. 2016 – б. 27-32деп жазған. Одан әрі шығысқа сапар шеккенде кейбір италиялықтар денсаулығында кінәрат болмаса да, жергілікті нотариядан өсиет хат алғанда жөн көрген.

Сонымен, Пеголоттидің нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, сіз Италиядан Донның сағасына келдіңіз. Мұнда міндетті түрде аудармашыiТүпнұсқада Turcimanni, араб тілінен аударғанда ترجمان‎ [targumaːn], яғни аудармашымен «құман» тілін яғни Алтын Орданың басым көбі сөйлеген түркі тілінің диалектісін жетік білетін кем дегенде екі қызметші жалдау керек. Ешқашан аудармашыдан ақша аямау керек, жақсы аудармашы көл-көсір пайда әкелсе, жаман аудармашы шығынға батырады деп ескертеді Пеголотти. Тағы бір міндетті шарт — ұзын сақал өсіру және ешқашан қырынбау. Пеголотти және оған пікір қосушылар бұл мәселеге түсінік бермеген. Шамасы автор мұсылмандар тұратын Орталық Азияда сақалсыз жүруге болмайтынын, ал сақалы бар адамның мейлінше құрметті көрінетінін ескерткісі келген сыңайлы.

Фурусия қолжазбасынан алынған миниатюра. Мамлүктердің найзамен жаттығуы. Шамамен 1500 жыл / Wikimedia Commons

Фурусия қолжазбасынан алынған миниатюра. Мамлүктердің найзамен жаттығуы. Шамамен 1500 жыл / Wikimedia Commons

Танада әйел алған жөн екені айтылады. Флоренциялық әйелсіз де жүре беруге болады деп санайды, бірақ ол саяхатшының сапарына жан бітіретіні, ал оның жанында «құман» тілін білетін әйел болса, саудагер көбірек құрметке ие болатыны айтылады. Көптеген көпес үйлерінде заңды әйелдері күтіп отырғанына қарамастан, қастарына әйел серіктес алып жүретін болған. Қытайға бастар жол тым ұзақ. Баратын жолдың өзі Пеголоттидің айтуынша 284 күнді құрайды…

Алайда кейде көпестер шығыс әйелдеріне шектен тыс көз тіккендіктен, келеңсіз жағдайларға жиі ұшыраған. Мысалы, 1362 жылы Түркістанда көпес Франческино ди Нодеро Франческина деп атаған әйел серігіне 1500 безантiСалмағы шамамен 4 грамм болатын алтын монета жұмсаған. Оның көп ақша жұмсағаны сонша, кейін қарызын өтей алмай, амалсыз жолда тоналғанын айтқан. Өкінішке орай, Франческино үшін бұл нұсқаны жоққа шығарған куәгерлер табылып, соры қайнаған италиялық «көңілдес-көпеске» шындықты мойындауына тура келді.

284 күн Генуядан Қытайға орта ғасырларға саяхат жасады.

Отбасы жылуына мұқтаждық Шығыста ұзақ уақыт өмір сүрген көпестерге бірге өмір сүрудің әртүрлі формаларына жүгінуге түрткі болды. Мәселен, сақталып қалған өсиеттерге қарағанда қайтыс болған адамның мұрасының негізгі бөлігі оның Италиядағы заңды әйеліне емес, онымен бірге жүрген «қызметші әйелге» тиесілі болған. Кейде италиялықтар жаңа ортаға толығымен сіңісіп, жергілікті жерден әйел алған. 14 ғасырдағы құжаттарда Танадан шыққан генуезиялық Антонио Чинаси және оның әйелі Күлмелек қыздары Беймелікті күйеуге бергені туралы деректер сақталған. Антонионың әйелінің де, қызының да есімі мұсылманша, олар тіпті шоқынбаған болуы да мүмкін. Алайда көбіне италиялықтар шоқындыру рәсімінен өткен татар қыздарына үйленген, мұндай жағдайда құжатта қалыңдықтың екі есімі де сақталатын болған. Мәселен венециялық Франческо Ольбано Хутлу есімді әйелге үйленген, ал ол шоқынғаннан кейін Елизавета атанған.

Доннан Каспий теңізіне дейін

Енді Қытай сапарына оралайық. Танада барлық қажет затыңызды алып болғаннан кейін сізді Қажы-Тарханға*(қазіргі Астрахан)iтүпнұсқа мәтінде Gintarchanбастайтын жол күтеді. Түйеге мінуге болады немесе өгіз арбамен де жетуге болады. Бірақ түйе екі есе тез жүретінін ескерген абзал. Пеголотти жолда азық-түлікке уайымдаудың қажеті жоқтығын жазады, етті жол бойындағы малшылардан сатып алуға болады. Ал нан және тұзды балықты Танада сатып алған дұрыс. Бұл сол кездегі италиялықтардың рационында балықтың қандай жоғары рөл ойнағанын көрсетеді.

Августин Франсуа Леметр (1797-1870). Француз гравюрі және литографы. Виктор-Мари-Феликс Данвен (1802-1842). Ресей, Астрахан. Еділдің жоғарғы бөлігіндегі қаланың панорамасы/Alamy

Августин Франсуа Леметр (1797-1870). Француз гравюрі және литографы. Виктор-Мари-Феликс Данвен (1802-1842). Ресей, Астрахан. Еділдің жоғарғы бөлігіндегі қаланың панорамасы/Alamy

Далада саудагер көптеген қарулы моңғолдарды кездестіреді, бірақ олардан қорқудың керегі жоқ. Пеголотти күндіз де, түнде де саудагерге және оның тауарларына ештеңе қауіп төндірмейтінін жазады. Әрине, «Сауда тәжірибесі» шамамен 1330 жылдардағы жағдайды, Pax Mongolica уақытын көрсетеді. Одан кейінгі онжылдықтарда Ордада хан тағы үшін ұзақ жылдарға жалғасқан күрес басталғанда Орталық Азия даласымен өтетін бұл жолдағы қауіп күшейе бастады.

Шыңғыс хан көрмесі/Wikimedia Commons

Шыңғыс хан көрмесі/Wikimedia Commons

Қажы-Тарханнан саудагердің жолы Еділ бойымен Алтын Орданың бас қаласы Сарайғаiмәтінде Saraдейін жалғасады. Алайда көпес Еділге суық уақытта келсе, онда ұзақ уақыт бөгеліп қалуы ықтимал. Құжаттарда Қажы-Тархан арқылы Делиге бет алған, бірақ ауа-райының қолайсыздығынан қыстауға мәжбүр болған венециялықтардың тарихы сақталған. Шығындарды өтеу үшін саудагерлер матаны Делиде күткеннен әлдеқайда төмен бағаға кесіп, сатуға мәжбүр болды.

Моңғол империясының (Алтын Орда) астанасы Сарай Бату қаласындағы көне монша/Alamy

Моңғол империясының (Алтын Орда) астанасы Сарай Бату қаласындағы көне монша/Alamy

Сарайдан СарайшыққаiiАлтын Орданың ірі қалаларының бірі, оның қирандылары қазіргі Атырауға жақын жерде орналасқанжетесіз. Пеголотти Еділ, Каспий теңізі және Жайық өзені бойындағы су жолымен жүруді ұсынады. Бұл қалтаға да салмақ салмайды.

Жайық өзенінің бойындағы ежелгі Сарайшық қалашығының әуеден көрінісі, Атырау, Қазақстан, Орталық Азия/Alamy

Жайық өзенінің бойындағы ежелгі Сарайшық қалашығының әуеден көрінісі, Атырау, Қазақстан, Орталық Азия/Alamy

Қазіргі адам үшін италиялық теңізшіні Еділ мен Каспийде елестету мүмкін емес. Бірақ венециялықтар мен генуезиялықтардың 14 ғасырда сауда жасап қана қоймай, тіпті қарақшылықпен айналысқанын да білеміз. Ғасырдың соңына қарай генуезиялықтар Доннан Еділге дейін бірнеше әскери кемелерді сүйреп апарды деген дерек те бар. Алайда кейде италиялықтар өздері қарақшылардың немесе жергілікті биліктің құрбанына айналған. Пеголотти жазған қауіпсіздік мәселесі екіұшты еді. Мысалы, 1333 жылы венециялық көпес Гасан МарчеллоiiТағы мұсылманша есімге жолығып отырмыз, бірақ асығыс қорытынды шығарудың керегі жоқ. 14 ғасырда Италияда текті отбасылардың балаларына шығыс есімдерін беру сәнге айналды.өзін Еділ бойында Өзбек ханның халқы тонап кеткенін айтып, шағымданған.

Азия жүрегінде

Сарайшыққа жеткен соң, Үргенішкеi Мәтінде Organci деп жазылған бағыт алған жөн, бұл жол шамамен 20 күнге созылған. Жол бойында керуен сарайларға тоқтап, бел жазуға болады. Бұл тұрақтап қалуға болатын үйлері, түйелерге арналған тұрақ және тауарға арналған қоймасы бар жабық кеңістіктер еді. Мұнда тек демалып қана қоймай, саудаласуға, бағалар мен баждардағы өзгерістер туралы білуге әрі әріптес-көпестерден соңғы жаңалықтарды естуге мүмкіндік аласыз. Орданың сауда орындарында археологтар тандыр пештерінің, су құбырларының және хамам моншалардыңiВоротынцев Л. В. XIII–XV ғғ халықаралық сауда жүйесіндегі «Татар» (Via Tatarica) сауда жолы. Алтын Орда шолушысы, №7. 2019 – б. 77-88.қалдықтарын тапқан.

Ескі Жібек жолындағы Таш Рабат керуен сарайы, Қырғызстан, Нарын, Таш Рабат/Alamy

Ескі Жібек жолындағы Таш Рабат керуен сарайы, Қырғызстан, Нарын, Таш Рабат/Alamy

Үргеніш сауда-саттыққа бай қала болды, негізінен тауарыңызды сонда сатсаңыз болады. Бірақ одан да көп пайдаға кенелгісі келетіндер үшін әрі қарай жол жүруге тура келді. Үргеніштен кейін әртүрлі жолға шығуға болады. Үндістанда сауда жасағысы келгендер оңтүстікке — Делиге, Қытайға барғысы келгендер одан әрі Шығысқа — Отырарға,iOltrarreкейін АлмалыққаiArmalec(қазіргі Бішкек) бет алып, ақыры Қытай шекарасына табан тірейтін. Пеголотти саяхаттың бұл бөлігі шамамен 155 күнге созылады дейді.

Қазақстандағы Отырар қирандысындағы Шахристан қақпасы/Alamy

Қазақстандағы Отырар қирандысындағы Шахристан қақпасы/Alamy

Қазір көпестердің ұзақ уақыт бойы жолда қалай жүргені туралы айту қиын. Бірақ ортағасырлық саяхатшылар мен пірәдәрлардың, мәселен, Көлннен шыққан рыцарь Арнольд фон Харффтың дерегінше, көпестермен саяхаттау қызық еді, себебі олар жақсы жолсерік бола алады.

Оның жазбаларында ұзақ жолға өзіңмен бірге матрас, қол жуғыш, шарап пен дәрі-дәрмек, мысалы, іш қату мен іш өтуге қарсы дәрілер алып жүру қажет.

Пеголоттидің пікірінше, егер хан ұзақ сапарда өліп, билік ауыстыру процесі басталса, көпестің жолы болмас еді. Мұндай алмағайып кезде саудагерді оңай тонап, оған түрлі қорлық пен қысым көрсетуге болады. Флоренциялықтың жазуынша, егер саудагер жолда көз жұмса, ол да бір қауіп. Мұндай жағдайда жергілікті билеуші оның тауарын өзіне меншіктейді. Егер қайтыс болған көпестің ағасы немесе жақын туысы табан астынан пайда болып, оның мұрагерлік құқын жарияласа, бұл шешімге қарсы шығуға болады. Егер адамның жанында ондай жақыны болмаса, Пеголотти шағын «лайфхак» айтады, яғни марқұмды жақыннан білетін серіктерінің бірі өзін оның ағасы ретінде көрсетсе болады. Бұл айла-шарғылардың пайдасы тиеді, десе де үнемі солай болды деген сөз емес. Солтүстік Иранның билеушісі қаза тапқан венециялық көпестің дүние-мүлкін тәркілеп, оның жиенін тұтқында ұстағаны Венецияда алаң тудырған еді.

Өзбекстан Жібек жолы Бұхараның тарихи орталығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кірген сурет/Alamy

Өзбекстан Жібек жолы Бұхараның тарихи орталығы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кірген сурет/Alamy

Қытайда не істеу керек

Қытайда италиялық көпестің тұрақтайтын жері ХанбалықiПеголотти Cambalec деп жазылған қаласы, яғни Бейжің болған. Онда Юан әулетінен шыққан моңғол билеушісінің сарайы орналасқан. Пеголотти Ханбалықты айналасы жүз миль болатын өте ауқымды қала деп сипаттайды. Мұның асыра сілтеу екені айдан анық, бірақ бұл Аспан асты еліне табан тіреген италиялықтардың қалай таңдай қаққанын көрсетеді. Еуропалық және Таяу Шығыс саяхатшылары Қытай халқының тығыз орналасқанына таңғалды, сонымен қатар саяхатты жылдам әрі оңай ететін жол жүйесі де оларды бейжай қалдырмады. 14 ғасырдағы бербер саяхатшысы Ибн Баттутаның айтуынша, Қытай саяхаттауға ең қолайлы және қауіпсіз ел, мұнда бір қаладан екінші қалаға жалғыз жүріп, өзіңізбен бірге қомақты ақша алып, ештеңеден қорықпай жүре беруге болады. Бұл Pax Mongolica арқасында мүмкін болған тұрақты қозғалыс пен қауіпсіздікке тағы бір дәлел.

Құбылай ханның 1274 жылы Шандуда ағайынды Поло және Маркомен кездесуі, шамамен 1500/Wikimedia Commons

Құбылай ханның 1274 жылы Шандуда ағайынды Поло және Маркомен кездесуі, шамамен 1500/Wikimedia Commons

Пеголотти Қытайға барған еуропалық көпес өзінің монетасын жергілікті қағаз ақшаға айырбастауға тиіс деп жазады. Жергілікті билеушінің мөрі басылған сары қағаз balisci деп аталады. Ол ақшаның күмістен артық-кемі жоқ, сондықтан онымен де төлем жасай беруге болады және бұл ақша өзінің металл баламасынан бір мысқал кем түспейді деп сендіреді автор. Жалпы Қытайда ойлап табылған қағаз ақша сол кездегі еуропалықтар үшін таңғажайып құбылыс болғаны сонша, бастапқы кезде оған сенбегендер де табылған.

1287 жылы басылған ағаш тақтасы бар Юан әулетінің банкнотасы/Wikimedia Commons

1287 жылы басылған ағаш тақтасы бар Юан әулетінің банкнотасы/Wikimedia Commons

Пеголотти Қытайдан cammocca деп аталатын жібектің ерекше түрін сатып алуға кеңес береді. Сірә, бұл қамқа немесе дамаст деп аталатын тоқылған суреті бар жібек кенеп. Сатып алуға болатын тағы бір құнды зат — nacchetti. Шамасы, бұл алтын жіптен тоқылған жібек мата болса керек. Осы қымбат кенептерді сатып алып, енді Еуропаға қайтуға дайындаласыз, бұл жол тағы да бір жылды құрайды…

Исаны қамшылау, Пьетро ди Бенедетто деи Франческа, шамамен 1453–1460, 15 ғасыр, терек тақтасындағы темпера, майлы бояу. Италия, Марке, Песаро-Урбино, Урбино, Марке ұлттық галереясы/Getty Images

Исаны қамшылау, Пьетро ди Бенедетто деи Франческа, шамамен 1453–1460, 15 ғасыр, терек тақтасындағы темпера, майлы бояу. Италия, Марке, Песаро-Урбино, Урбино, Марке ұлттық галереясы/Getty Images

Шығыспен сауданың құлдырауы

Пеголоттидің кітабында Италияның Орталық Азиямен және Қытаймен саудасы оның өркендеу кезеңінде қалай жүргенін сипаттайды. Алайда 1340 жылдарға қарай дағдарыс басталды: Венеция мен Генуя және Алтын Орда арасында ұзақ жылдарға созылған соғыс оты тұтанып, бұл жылдар бойы Еуропа мен Шығыс арасындағы сауда-саттыққа нүкте қойды. Ал оба індеті бүкіл әлемді шарпыды. Осыдан кейін көп ұзамай орыс жылнамаларында Ордада «Ұлы дүрбелең» деген атауға ие болған оқиға басталды: билеушілер үздіксіз ауысқан соң 1359 жылдан 1380 жылға дейін созылған әулет дағдарысы белең алды. Бұл жағдайда Қытаймен және Орталық Азиямен тауар айналымы айтарлықтай төмендеді: даладағы солығы басылмай тұрған тұрақсыздық пен ішкі алауыздық салдарынан ол жаққа бару өте қауіпті еді.

Шежіре. 16 ғасыр/Wikimedia Commons

Шежіре. 16 ғасыр/Wikimedia Commons

14 ғасырдың соңында біраз тыныштық орнады — Тоқтамыс хан Алтын Орданы шамамен жиырма жылға біріктірді. Бірақ 1395 жылы атынан ат үркитін орта азиялық жаулаушы Әмір Темір италиялық факториялардың тас-талқанын шығарды. Қымбат шығыс тауарларының саудасы толығымен жойылмаса да, айтарлықтай төмендеді.

Қытаймен тұрақты байланыстардың тоқтауы Қара теңіз бассейніндегі аймақтық сауданың дамуына түрткі болды. Мұнда құлдар негізгі тауарға айналды. Баршаға аян таптаурынға қарамастан, Орта ғасырлардағы адамдар құлдарды белсенді түрде сатып алып, сатып жіберіп отырған; құл саудасы антика дәуіріндегі саудадан бір мысқал кем түспеді. Құлдарға деген қажеттілік, әсіресе 14 ғасырдың екінші жартысында өршіп тұрған індет — «Қара өлім» обасы тұсында арта түсті. Ол кезде барлық жерде жұмысшы жетіспейтін. 1367 жылы атақты ақын Петрарка Генуя архиепископына жазған хатында Италияда «скифтер», яғни татар құлдары топан су басқандай қаптап кетті деп жазған.

Питер Брейгель үлкенінің «Өлім салтанаты»/Wikimedia Commons

Питер Брейгель үлкенінің «Өлім салтанаты»/Wikimedia Commons

Құл саудасында әлі де орасан табыс табу мүмкін болды, бірақ мұндай жорықтардан түсетін пайда жүздеген емес, ондаған пайызды құраған. Сонымен қатар италиялықтар «тірі игіліктерді» өндіруге белсенді қатысты: көпес Иосафат Барбаро 15 ғасырда венециялықтар татарлармен бірге құлдарды тұтқынға алу мақсатымен зихтерге қарсы жорықтар ұйымдастырды (Батыс Кавказ халықтары осылай аталды).

Уақыт өте келе бұл іскерлік мүмкіндік те көзден бұлбұл ұшты. Балқан, Таяу Шығыс және Қара теңіз аймағын жаңа қуатты күш, бірақ италиялық саудагерлерге бейбіт көзқарас танытпаған Осман империясының қол астына өтті. 1453 жылы Константинопольді басып алғаннан кейін түріктер венециялықтар мен генуезиялықтардың Қара теңізге шығуына толық тосқауыл қойды.

Белгісіз Венеция суретшісі  Зонкьо шайқасы (1499).  Британ музейі/Wikimedia Commons

Белгісіз Венеция суретшісі Зонкьо шайқасы (1499). Британ музейі/Wikimedia Commons

Генуяның құрлық арқылы шетелдегі иеліктермен байланыс орнату әрекеттері сәтсіз аяқталды және 1475 жылы сұлтан Мехмед ІІ Қырым мен Азов аймағындағы италиялық иеліктерді толықтай өзіне бағындырды. Көп ұзамай дәстүрлі азиялық сауда жолдары да құлдырады: 15 ғасырдың аяғында португалиялықтар Үндістанға тікелей теңіз жолын ашты, ал генуезиялық Христофор Колумб Испанияның туы астында Жаңа Дүниенің жағалауына келіп тоқтады.

Әлемдік саудаға терең әсер еткен Ұлы географиялық ашылулар дәуірі басталды. Осының аясында Италияның сауда шаһарлары бірте-бірте маңыздылығын жоғалтып, құлдырай бастады.

Егер италиялық көпестер Шығыста сауда жасамаса, біз өзіміз білетін Қайта Өрлеу дәуірінің кескіндеме өнерінен тыс қалатын едік. Себебі суретшілер бояу жасау үшін қолданған пигменттердің көпшілігі Орталық Азия мен Таяу Шығыста өндірілген. Мұндай бояудың ең танымал түрі — Орталық Азияда өндірілген көк тастан алынған зеңгір көк түс. Көк түстің пигменті тіпті «ультрамарин», яғни «теңіздің ар жағынан келген», «теңізден әкелінген» деген атауға ие болды. Кейбір басқа бояулар сол кезде Италияда «Венециялық тауарлар» деп аталды, ал оларды венециялық көпестер Шығыстан жеткізген. Міне, осылайша ортағасырлық ержүрек, іскер және моральдық тұрғыда екіұшты кәсіпкерлер адамзатқа Тициан мен Рафаэльдің жауһарлар туындыларын сыйға тартты.

Тициан. Вакх пен Ариадна. 1520-1523 жылдар аралығы/Wikimedia Commons

Тициан. Вакх пен Ариадна. 1520-1523 жылдар аралығы/Wikimedia Commons

Оқуға ұсынамыз:

Франкопан П. Шелковый путь: Дорога тканей, рабов, идей и религий. — М.: Эксмо, 2015.

Карпов С.П. История Таны (Азова) в XIII–XV вв. Том 1. Тана в XIII–XIV вв. — СПб.: Алетейя, 2024.

Хвальков Е.А. Генуэзская Каффа в XIII–XV вв. — СПб, Алетейя, 2024.

Лейн Ф. Золотой век Венецианской республики. Завоеватели, торговцы и первые банкиры Европы. — М.: Центрполиграф, 2017.

Pistarino G. La Capitale del Mediterraneo: Genova nel Medioevo. — Genova, 1993.

Heyd W. Geschichte des Levantehandels im Mittelalter. Vol. I–II. — Stuttgart, 1879.