Одиссейдің атасы ұрлап кеткен ежелгі грек дулығасының қысқаша тарихы
Ежелгі грек батырлары — Илиада мен Одиссей кейіпкерлерін ойға алғанда көбіне оларды шошағы бар қола дулыға киген кейіпте елестетеміз: бізге мұны антика өнері мен әлемдік көркем сурет қазынасы осы бейнеде ұсынады. Шынтуайтында грек жауынгерлері қорғаныс қаруының түр-түрін киген. Мысалы, археологтар қабанның азу тістерінен жасалған дулығаларды жақсы біледі: олардың кейбірі жақсы сақталғаны сонша — таңғалмау мүмкін емес.
Троя соғысының тарихын жырлайтын поэма — «Илиадада» б.з.д. 13–12 ғасырлар тоғысында ахейлер материктік Грецияның Кіші Азиядағы Илион (біз оны Троя деп білеміз, бұл күндері Түркияға тиесілі) қаласын басып алады. Шығармада Гомер дәл осындай дулығаны сипаттаған. Міне, Одиссейдің қару-жарағы туралы үзінді:
Мерион көсемі Одиссейге садағы мен қорамсағын ұсынды,
Қылышын да қызғанбады.
Лаэрт батырдың басына қайысымен тартылған дулығасын кигізді.
Дулығаға тігілген жарқыраған азу тісі қабанның,
Ары-бері қозғалғанда көрген жанның зәре-құтын қашырды.
Киіз астарлы дулыға, оқ етпестей қалың-ды.
Есте жоқ ескі заманда әлгі айтқан қабан тісті дулыға,
Илион қамалынан Автоликтің айласымен ұрлап алынды...
Яғни бізді қызықтырып отырған дулығаны бір кездері Одиссейдің нағашы атасы және Олимп құдайы Герместің ұлы Автолик ұрлаған. Ұрылардың, адам алдап күн көретіндер мен саудагерлердің құдайы Гермес Автоликке айласын үйретіп, туыстық мейірімін төккендіктен ол алдауды және ұрлық жасауды шебер меңгерген. Одиссейдің дулығасы — көне зат, оны ол атасынан мұраға алған, бірақ атасы оны ұрлаған кезде дулығаның жасалғанына ендігі қанша жыл болғаны белгісіз.
Жау соққысынан қорғану үшін қабанның азу тістері жапсырылған дулығаларды крит-миней және микен жауынгерлері Троя соғысынан кемінде үш жүз жыл бұрын пайдаланған. Қалай болғанда да, б.з.д. 17–16 ғасырлардағы Миной қаласы Акротиридегі қазбалардан табылған фрескада азу тісті дулыға киген жауынгерлер бейнеленген. Ахейлер б.з.д. 1450 жылдар шамасында вулкандық атқылау, жер сілкінісі және Крит жағалауына соққан цунамиден кейін қираған Миной патшалығын басып алған кезде дулығаланың осындай түріне қатысты идеяны сол жерден алған деп болжауға болады. Жалпы алғанда ахейлердің Микен өркениеті минойлықтардан көп нәрсені алған.iолар өздерін қалай атағаны белгісіз, бірақ тарихшылар бұл Крит мәдениетін мифтік патша Минос атымен атауға бейіл
Қола дәуірінде мәдени және технологиялық игілікке қол жетізген Криттіктердің кенеттен сүйекке иек артқаны таңғаларлық іс емес пе? Мұның барлығының қарапайым түсіндірмесі бар. Қола әскери істе кеңінен қолданылғанымен өте қымбат материал болды. Сондықтан бұйымның қасиетіне елеулі әсер жоқ жерлердің бәрінде қолда бар дүниелер қолданылды. Мысалы, сол Микен өркениеті ұшы кремний тастардан жасалған жебелерді қолдан, оны осы күні гректің археологиялық музейлерінен тамашалауға болады. Тас дәуірі ме? Жо-жоқ, тіпті де олай емес — бастысы жақсы жұмыс істеп тұр ғой.
Дулығаға қатысты жағдай да дәл сондай. Әрине, ақсүйек әрі бай микендіктер де, гректер де қорғаныс жарағы ретінде қоладан қапталған тері дулығаларды киетін. Бірақ айлакер Одиссей батыр болғанымен, шағын Итака аралының билеушісі емес пе?! Ол Трояға жорықты бастаған қолбасшы, Микен мен оған іргелес аймақ ванакті11ВанактМикен патшасының титулы Агамемнонға дәрежесі жағынан тең емес еді. Одиссейдің қарапайым сауыт-сайманы оның тым қарапайым мәртебесіне сай болатын.
Қабан азуларынан жасалған қорғаныс ежелгі гректердің көзінде бәлкім «қымбат әрі сәнді» болып көрінбеген де шығар, дегенмен жауынгердің басын қорғау міндетін атқаруы бір мысқал да кем емес еді. Шынында да, азу тістердің дентинінің қаттылығы 58,9 кгс/см² еді, ал қоланың қаттылығы қорытпасына байланысты шамамен 40–60 кгс/см² аралығында болатын. Бұған қоса, жабайы қабандар Грецияда қазір де көп кездеседі, ал Микен заманында олар тіпті топ-тобымен жүгіріп жүрген болса керек. Әрине, әйдік қабандарды найзамен аулау күрделі әрі қауіпті іс болды, десек те жауынгер, батыр жұрт қиындықтан қашан қорқушы еді?!
Бір дулығаға 12–14 қабанның азу тісі қажет еді. Тістің өткір ұшын жонатын, содан кейін оларды ортасын оңай бөлуге болатын еді — солай еткенде тістер бір-біріне қатарласа тілім түрінде жақсы бекитін. Мұны тесік ойып жасайтын және тері дулығаға қатар-қатар қойып арасынан шел қылдырмай тартатын еді. Енді дулығаға астар қойып азу тістің тесігінен теріден жасалған қайыс-жіпті өткізіп тарту қана қалды — бәрі дайын. Бар болғаны қаһармандық ұрысқа кіру ғана қалды!