ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ

Қажетсіз құрылыс па, әлде ғаламат қорғаныс қамалы ма?

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ

Ұлы Қытай қорғаны. 1873 жыл/Sepia Times/Universal Images Group via Getty Images

Ғаламат қорғаныс құрылысы ретінде жобаланған Ұлы Қытай қорғанын тұрғызуға ғасырларды сарп еткен. Осы уақыт аралығында оннан астам династия ауысып, Қытай ұсақ мемлекеттерден құдіретті империяға айналды.

Мазмұны

Халықтың бұл қорған-қабырғаға деген көзқарасы да түбегейлі өзгерді. Алғашында, өз халқын қажетсіз құрылысқа жегіп, құрбан еткен билеушілерді бейнелейтін символ ретінде санаға орныққан бұл алып қамал, кейін Қытай халқының бірлігін және мызғымас рухын айшықтайтын маңызды нышанға айналды. Ұлы Қытай қорғанды не үшін салды және ол шын мәнінде Қытайды жаудан қорғады ма — осы сұрақтарға жауап іздейік.

1136 жылы тасқа қашалған Қытай және шетел тайпаларының картасы/Wikimedia Commons

1136 жылы тасқа қашалған Қытай және шетел тайпаларының картасы/Wikimedia Commons

Алғаш қаланған қабырғалар

Ұлы Қытай қорғаны — біртұтас құрылым емес. Ол бірнеше кезеңнен өтіп, әртүрлі уақытта салынған бөлшектенген бөліктерді қамтиды. Солтүстік көшпенділері — ғұндардың шабуылдарына тосқауыл қою мақсатында тұрғызылған алғашқы дуалдар Ұлы Қытай қорғанының орнында б.з.д. 3 ғасырдың басында, Соғысушы патшалықтар кезеңінде (Чжаньго кезеңінде) бой көтерген деп айтылады.

1 / 2

Бұл кезең фортификация өнерінің дамыған шағы еді, сол уақытта осындай дуалдар барлық жерде салынып жатты. Осылайша патшалықтар бір-бірінен оқшауланып, өздігінен қорғана бастады. Бірақ Қытайды Цин династиясы біріктірген соң, бүлік шығармай бейбіт өмір сүру үшін ел ішіндегі барлық қорғаныс нысандары жермен жексен болды. Сол кезде Солтүстіктегі дуалдар ғана аман қалып, кейін Ұлы Қытай қорғанының тарихи негізіне, алғашқы іргетасына айналды.

Томас Аллом. Ұлы Қытай қорғаны. 1845 жыл/Wikimedia Commons

Томас Аллом. Ұлы Қытай қорғаны. 1845 жыл/Wikimedia Commons

Цинь Шихуанди

Патшалықтар соғысқан Чжанго кезеңіне нүкте қойған император Цинь Шихуанди болды. Ол б.з.д. 3 ғасырдың соңында Қытай жерлерін бір билікке біріктіріп, бұрынғы жауласқан патшалықтар арасындағы барлық қорғандардың көзін жойып, солтүстік шегарадағы қамалды кеңейтіп, біріктіріңдер деп бұйрық берді. Ұлы Қытай қорғанын кеңейтуге 10 жылдан астам уақыт пен соншалықты көп адам ресурсы жұмсалған, яғни археологтардың зерттеуіне сүйенсек, құрылысқа бірнеше жүз мыңнан бір миллионға дейін жететін адам жегіліпті.

Цин Шихуандидың қайтыс болғаннан кейінгі портреті. 1609 жылғы Қытай портретінің 19 ғасырдағы көшірмесі /Wikimedia Commons

Цин Шихуандидың қайтыс болғаннан кейінгі портреті. 1609 жылғы Қытай портретінің 19 ғасырдағы көшірмесі /Wikimedia Commons

Цинь Шихуанди ауқымды құрылыстарды жақсы көретін. Ұлы Қытай қорғаны — оның жалғыз монументалды жобасы емес. Ол халқының өмірін өз есімін тарихта мәңгі қалдыру жолында құрбан етті. Оның кезінде бүкіл Қытайды кесіп өтетін үш жолақты жол, оның сүйікті күңінің есімімен аталатын Эпан сарайы және ұзындығы 36 шақырым Линцюй каналы салынды. Ал сол императордың өзі жатқан сәнді-салтанатты кесенені салуға 38 жыл уақыт кеткен, ол алып кесенеде тұла бойы түгелдей тастан қашалған 8100 терракоталық қытай жауынгерлерінің мүсіні мен олардың жылқылары қойылған. Осы құрылыстар кезінде (кейде мүлдем мағынасыз) көптеген адам ажал құшып жатты, бұл оның шексіз билігін халық санасына бекіте түсті және алғашқы Қытай императорының империяны мәңгі билеуді армандағанын айғақтайды.

Қытайдың терракота жауынгерлері/Getty Images

Қытайдың терракота жауынгерлері/Getty Images

Одан әрі не болды?

Цинь династиясы құлағаннан кейін, б.з.д. 3 ғасырдың соңында, қорғанның құрылысы бірнеше кезең бойына жалғасты. Одан әрі ірі құрылыс жұмыстары б.з. 12 ғасырында Цзинь әулеті кезінде жүзеге асып, қорғанның ұзындығы 10 000 шақырымнан асты. 14 ғасырдың соңында Мин әулеті билікке келгенде, қорған шамамен 5000 шақырымға ұзартылды. Бұл династия жаңа құрылыс материалдарын шебер пайдаланғандықтан, бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған.

Ұлы Қытай қорғанының салыну кезеңдері/Wikimedia Commons

Ұлы Қытай қорғанының салыну кезеңдері/Wikimedia Commons

Қорғанның құрылысы ресми түрде 1644 жылы, Мин династиясы құлағаннан кейін аяқталған деп есептеледі. Себебі құрылыстың қорғануға тиімділігі азая бастағандықтан, қытайлықтар қорғаныстың басқа тәсілдеріне көше бастады. Одан кейін дуал жүйелі түрде бүлініп, шетінен мүжіліп, қирай берді. Бұл үдеріс 1984 жылға дейін жалғасты. Сол кезде Қытай үкіметі халықаралық инвесторлардың қолдауымен ауқымды реставрациялық бағдарламаны іске қосты. Бүгінде қорғанның кейбір бөліктері туристерге ашық.

Құрбандар

Ұлы Қытай қорғанын салу кезінде, түрлі кезеңдерде шамамен жарты миллион адам қаза тапқан деп есептеледі. Бұл жағдайға нашар инфрақұрылым, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындықтары, ауыр еңбек жағдайлары және эпидемиялар әсер етті. Әлі күнге дейін бұл адамдардың денелері қорғанның өзінде жерленген деген аңыз бар. Алайда бұл мәліметтер ғылыми тұрғыдан расталмаған: археологтар қорғаннан ешбір адам сүйегін тапқан жоқ.

Цин Шихуанди қабіріндегі терракота жауынгерлері/Getty Images

Цин Шихуанди қабіріндегі терракота жауынгерлері/Getty Images

Ұлы Қытай қорғанын тұрғызу жұмысын қиындатқан тағы бір фактор — Қытайдың күрделі жер бедері, қорған сол ландшафтпен біте қайнасқандай әсер береді. Қорған шатқалдарда да, биік жерлерде де салынған, тау жоталары бойымен созылып, барлық жер бедерінің иірімдерімен тұтасып тұр. Құрылысшылар (олардың қатарында құлдар, шаруалар, сарбаздар және жазасын өтеуге жіберілген қылмыскерлер де болған) ауыр жағдайда жұмыс істеп, құрылыс материалдарын өз қолымен тасуға мәжбүр болды.

Қорған сипаттамасы

Ұлы Қытай қорғаны соншалықты үлкен деседі, тіпті оны ғарыштан көруге болады деген аңыз бар (бұл миф ғарышқа ұшудан бұрын пайда болған), бірақ шын мәнінде олай емес. Астронавтар ғарыштан қорғанды көру мүмкін емес дегенді растады, себебі ол тым жіңішке: ені небәрі 5-тен 8 метрге дейінгі аралықта. Сонымен қатар құрылыс материалдарының түсі жер бедерімен бірдей, сондықтан қорғанның зау көктен көзге көріне қоюы қиын.

 Ұлы Қытай қорғаны, Бадалин/Wikimedia Commons

Ұлы Қытай қорғаны, Бадалин/Wikimedia Commons

Қорғанның ұзындығы шамамен 10 000 шақырым, бірақ бұл оның барлық тармақтары мен қиылыстарын есептемегендегі өлшемі. Ғалымдардың 21 ғасырда жасаған есебіне сәйкес, оларды қосқанда қорған шамамен 21 мың шақырымға созылады, бұл Жердің екі полюсі арасындағы қашықтықтан да көп. Ол Ляодун түбегінде, Сары теңіз жағалауында басталып, Қытайдың орталық бөлігіндегі Гансу провинциясынан аяқталады.

Ұлы Қытай қорғаны — құрылыс материалдары мен техникасының эволюциясының көрінісі. Алғашқы кезде ол өте қарапайым әдістермен салынған, сондықтан кейбір көне бөліктерінің сапасы нашар. Цинь Шихуанди билікке келгенге дейін қорғанды тұрғызуға саз-топырақ, тас және ағаш қолданылған (сол себепті халық оны «Жер айдаһары» деп атайды), бірақ технологиялардың дамуымен құрылыс әдістері де жетілді. Әсіресе, Мин әулеті тұсында төзімді кірпіштерді пайдалану арқылы қорғанды салу қарқынды дамыды. Бұл құрылыс процесін жеделдетті, себебі кірпіштер тас пен басқа да ауыр материалдарға қарағанда жеңіл және қолайлы болды.

Гравюра. Ресей елшілігі Ұлы Қытай қорғаны қақпасынан өтуде/Alamy

Гравюра. Ресей елшілігі Ұлы Қытай қорғаны қақпасынан өтуде/Alamy

Қытай мәдениетінің қорғаны

Ұлы Қытай қорғаны Қытайды жаудан қорғай ма, жоқ па деген күмән Цинь Шихуанди билігі кезінде күшейді. Сол кезде императордың сыншылары бұл құрылысқа көп адамның өмірін құрбан ету қисынсыз, ақылға қонымсыз, қате әрекет екенін айтқан. Кейіннен, қорған ретінде ол өзін ақтамағаны анықталды. Қорған тым үлкен болғандықтан, оны бір уақытта толық күзету мүмкін болмады, ал жау әскері оның нашар қорғалған бөліктерін оңай тауып алатын немесе күзетшілерді сатып та алатын-ды.

Ұлы Қытай қорғанының тарихындағы ең әйгілі сатқындық 1644 жылы болды. Қытай генералы У Саньгуй қорғанның Шанхайгуан қақпасын манчжурларға ашып, Мин империясының құлауына және манчжурлық Цинь әулетінің билікке келуіне себепкер болды. Бұл әулет 1912 жылға дейін билік етті.

1 / 2

Шыңғысхан да қорғанды бұзып өтті. 1211 жылдың тамызында ол қорғанның маңызды стратегиялық өткелін басып алып, сол арқылы Моңғол әскерін Қытайға кіргізді, нәтижесінде Цзин әулетінің солтүстік аймақтары жау қолына өтті.

Рашид ад-Дин. Бейжің қоршауы. Жами’ ат-Тауарих.1430 жыл/Wikimedia Commons

Рашид ад-Дин. Бейжің қоршауы. Жами’ ат-Тауарих.1430 жыл/Wikimedia Commons

Бірақ кейбір зерттеулерге сәйкес, қорған белгі беру құралы ретінде тиімді болған. Мин әулеті кезінде қорған бойына шамамен 200 метр сайын қарауыл мұнаралары мен белгі беретін мұнаралары орнатылды. Енді бір теория бойынша, қорған бірінші кезекте сауда жолдарын қорғау үшін салынған, бірақ бұл теория кеңінен қолдау таппаған.

1987 жылы Ұлы Қытай қорғаны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Сол кезде қорғанның мақсаты — Қытай мәдениетін шетелдік әдет-ғұрыптардан қорғау болғаны айтылған. Сондықтан қытайлықтар үшін бұл қорған Қытай өркениеті мен әлемнің басқа да өркениеттері арасына соғылған бөгет символына айналды.

Таочжоу гарнизонының қалалық қабырғасы. 1688 жыл/Wikimedia Commons

Таочжоу гарнизонының қалалық қабырғасы. 1688 жыл/Wikimedia Commons

Ұлы Қытай қорғанына деген көзқарас уақыт өте өзгерді. Қорғанды қорғаныс нысаны ретінде тиімсіз болса да, ол Қытай мәдениетінің болмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Мин әулеті кезінде зиялылар оның пайдасыздығына көңіл аударса, ал Цинь әулеті еуропалықтардың бұл оғаш әрі ұмыт қалған құрылысқа деген қызығушылығына таңданған. Бүгінде қорған Қытай халқының шығармашылық рухының символы, елді біріктірудің нышаны және табысты туристік орындардың бірі ретінде әлемге әйгілі.

Цзиншанлиннің Ұлы қорғаны. Қытайдың Хыбей провинциясы/Getty Images

Цзиншанлиннің Ұлы қорғаны. Қытайдың Хыбей провинциясы/Getty Images