The Vapors – Turning Japanese

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

The Vapors – Turning Japanese

The Vapors – Turning Japanese альбомының мұқабасы/Ашық дереккөздерден

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Гитараның пауэр-поп стилінің барлық канонына сай жасалған ең үлкен хиті бар (әрі жалғыз туынды) сексенінші жылдардың басындағы ағылшын тобы. 1980 жылғы австралиялық чарттарда бұл ән екі апта бойы бірінші орынды бермеді — Жапонияның өзінде де бұл туындыға баға берілді, десе де байыпты көзқарас танытты. Алайда аталған әнді жапондар екінші рет мойындаған кез 2009 жылы еді. Сол жылы Кирстен Данст есімді актриса басына көк парик киіп, қолына қолшатыр ұстап, бұл әнге кавер жазды. Ал оған біздің заманымыздың ең танымал жапондық суретшісі әрі дизайнер Такаси Мураками,iiТакаси Мураками (1962 ж. дүниеге келген) продюсерлік етті. Ұзақ уақыт бойы бұл «мастурбация» туралы ән деп есептелді, фотографияға деген тәуелділік осындай түсіндірмеге түрткі болуы мүмкіналайда оны әннің авторы Дэвид Фентон батыл түрде жоққа шығарды.