ҮЛКЕН МЫСЫР МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Миллиард доллар жұмсалған алып жоба

ҮЛКЕН МЫСЫР МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Үлкен Египет музейінен көрінетін Гиза пирамидалары/Photo by Mohamed Elshahed/Anadolu via Getty Images

Гизадағы музей қазір сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, ал басты экспонат — Тутанхамонның қазынасы әлі ескі Каир музейінде сақтаулы.

Үлкен Мысыр музейінің құрылысы 2002 жылы бұрынғы президент Хосни Мүбәрактың тұсында басталған. Әдеткі ірі құрылыстар секілді, бұл жобаның құрылысын бірнеше рет кейінге шегеріп, жобаның құны қымбаттай түсті. Енді, міне, әлемдегі ең үлкен археологиялық музей (аумағы 81 000 м.кв. ) келген қонақтарға есігін айқара ашты. Ғимараттың негізгі ерекшелігі — алебастрдан жасалған жартылай мөлдір қабырға, ол ғимараттың фасады. Музейдің есігі де Мысырдың басты ескерткіштерін еске салады: онда перғауындардың есімдері жазылған картуш қашалған. Үлкен залы атриум ретінде жасалған, мұнда үлкен экспонаттар қойылады. Қазір ол жерде, басқа да құнды заттармен қатар, 3200 жыл бұрын жасалған ІІ Рамсес патшаның алып мүсіні қойылған. Музей кешенінде балалар музейі, зертхана, оқу және конференция орталығы болады. Сонымен қатар шынайы көрінетін витруал кеңістік секілді заманауи технологиялар да қолданылады.

1 / 2

Музейде 100 мыңнан астам артефакт қойылады, олардың көбі алғаш рет көпшілікке ұсынылады. Мысалы, Тутанхамонi(Ежелгі Мысыр Жаңа Патшалық дәуіріндегі 18-ші патша әулеті, шамамен б.з.д. 1332-1323 жылдары билік еткен. Перғауынның билігі айтарлықтай болмағанымен, оның 1922 жылы Говард Картер тапқан мазары, бұзылмаған күйінде сақталғандықтан, үлкен сенсация болды. Оның алтын маскасы Мысыр символының біріне айналды) қорымынан табылған барлық қазына толықтай қойылмақшы.

Мысыр перғауны Тутанхамонның жерлеу маскасы/Photo by Hannes Magerstaedt/Getty Images

Мысыр перғауны Тутанхамонның жерлеу маскасы/Photo by Hannes Magerstaedt/Getty Images

Музейдің экспозициясы Мысыр тарихын ежелгі дәуірден бастап (шамамен 700 мың жыл бұрын) б.з. 4 ғасырына дейін, Мысыр Рим империясының провинциясына айналған кезеңге дейін қамтиды. Музей қорын толтыру үшін Каирдегі ескі музейдің артефактілері қолданылады, себебі ғасыр бұрын салынған көне ғимарат жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар Мысыр билігі Британдық музейдегі Розетта тасыi(1799 жылы табылған, мысыр иероглифтерін алғаш рет шешуге мүмкіндік берген), Берлин музейіндегі Нефертити патшайымның бюсті, Луврдағы Дендерлік жұлдыздар картасыi(Ежелгі Мысырдың аспан бейнелері бар бедері) сияқты бағалы экспонаттарды уақытша алуды көздеп отыр.

Алайда 2011 жылғы революциялық оқиғалар кезінде Каир музейі шабуылға ұшырағаннан кейін, еуропалық музейлер бұл мәселеге келгенде өте сақ. Жергілікті музейлер де өз артефактілерін беріп жатыр. Мысалы, 2021 жылы Хуфу патшаның 4,5 мың жыл бұрын жасалған Күн қайығы Үлкен музейге көшірілді.

1 / 2