ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

3-дәріс: Литва мен Польша: 200 жылдық жол

ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

Ян Матейко, «Грюнвальдтағы шайқас», 1878/Wikimedia Commons

Ұлы Литов Княздігін (ҰЛК) ауызекі тілде жиі «Литва» деп айтады, бірақ оның түпнұсқадағы атауын ешкім егжей-тегжей анықтап жатпайды. Ұлы Литов, Орыс және Жемайт княздігі. Мұндағы «орыс» сөзі сән үшін тұрған жоқ, керісінше Балтық және Қара теңіздің ортасында орналасқан ерекше мемлекеттің мәнін ашып тұр. Бұл жерде литов, украин және белорусь халқы қалыптасқан. Бұл тақырыптағы соңғы лекцияда Литва мен Польша одағы не үшін керек болды және ғасырларға созылған дауды шешкен соң екі ел әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа одақ құрғаны туралы оқыңыз.

 

Бұл Ұлы Литов кінәздігі тарихының үшінші бөлімі. Дәрістің бірінші және екінші бөлімін сайтымыздан оқыңыз.

Мазмұн

1385 жылы қазіргі Беларусь жерінде орналасқан Крево қамалында Польша мен Литва арасында одақ құрылды. Поляктардың Ягеллон династиясын бастаған Король Владислав (Ягайло) бір жылдан кейін ортақ басшы болып тағайындалды. Дегенмен одақтағы талаптардың қайшылық тудырғаны сонша, бұл туралы дау да болған жоқ... Литва бұл одақтағы мемлекеттердің тең құқылы екеніне сенімді еді, ал Польша шығыстағы көршісін өз аумағына инкорпорациялау керек деген ұстанымына берік болды. Крев одағының түпнұсқа мәтіні жоқ, біз тек оны кейіннен қайталап айтқандардың дерегіне сүйене аламыз. Бұл одақтың мәні не?

Қан шығарып, ант берді

14 ғасырдың ортасы — Литваның территориалды экспансиясы мен гүлденген шағы. Мемлекетті дуумвират жүйесімен Кейстут пен Ольгерд деген ағайындылар басқаратын. Ағайындылар жетістікке жетсе де, бір мезетте крестшілермен соғысып, Русьтегі аумағын кеңейтіп, татар, поляк және мажарлармен соғысу қиынға соқты. Бұл тізбектің соңындағылар Галицко-Волынь княздігініңiоңтүстік-батыстағы орыс княздігі, 1199 жылы құрылған. Династия мұрасы бойынша бұл жерге Польша, Венгрия корольдері мен литов княздері таласқан жерлеріне көз тігетін. Литваның да таласы бар еді. Бұл ұзақ соғысқа алып келді.

1 / 2

Кейстут 1351 жылы Польша жағында соғысқан Людовик Венгерскийден бейбіт өмір сақтауды сұрады. Екі жақ келісімге келген сәтте Кейстут өгіз алдырып, байлап қойыңдар деп бұйрық берген. Жиналғандар аң-таң. Ол алдымен өгіздің жотасындағы екі тамырды тіліп жіберіп, қан атқылағанда басын шауып тастаған. Хронистің жазбаларына сүйенсек, литвалықтар қан қаншалық мол атқыласа, соншалық жақсылық әкеледі деп ырымдаған. Ал келісім кезіндегі өгізден қан мол аққан… Кейстут өгіздің басын домалата салып, шеңбер бойымен ант беру рәсімін жасаған: «Егер мен антымды бұзсам, бұл менің басыма келсін…». Одан әрі өзін және әскери ақсүйектерін қанмен бояған.

"Тавроболиус", Римде Антония Пие кезінде Сирия мен Парсы құдайларына, әсіресе Парсы күн құдайы — Митра мен фригиялық Кибелаға табынудың таралуына байланысты енгізілген бұқаларды құрбандыққа шалу рәсімі/Wikimedia Commons

"Тавроболиус", Римде Антония Пие кезінде Сирия мен Парсы құдайларына, әсіресе Парсы күн құдайы — Митра мен фригиялық Кибелаға табынудың таралуына байланысты енгізілген бұқаларды құрбандыққа шалу рәсімі/Wikimedia Commons

Олар қандай келісімге келді? Мажарлар мен поляктарға Кейстут шабылдамаймыз деген ант берген. Ең бастысы — Тевтон Орденіне қарсы коалиция және татарға қарсы қорғаныс одағын құру еді. Бір қызығы қанға малынған Кейстут өз адамдарымен Пападан корольдік тәж алу үшін Людвик Венгерскийдің көмегімен шоқыну рәсімінен өтетінін айтқан. Бұл өзі осындай архаикалық формада өткен Еуропадағы соңғы келісім шығар. Кейстут тәжге сол күйі қол жеткізе алмады, ал Польшамен интеграциялық магия жобасы іске асқан секілді. Бірақ оны Литваның кейінгі ұрпақ басшылары ғана көрді. Айта кету керек, Людовик Венгерский 1370–1382 жылы Польша королі болды.

Тевтон ордені — экзистенциалық қауіп

Литва мен Польшаның және өзге де көршілерімен қарым-қатынасы тұрақты болмады. Бейбітшілік соғысқа, соғыс бейбіт өмірге алмасып жатты. Дегенмен мемлекеттерді бір-біріне магниттей тартқан бір фактор бар еді. Бұл — Солтүстіктегі Тевтон Орденінің экспансиясы. Литва мен Польша арасындағы келісімнің басым бөлігі антитевтондық бағытта еді. Бұл үрдіс 1325 жылы Владислав І Локетек деген Польша королі Литвамен келісімге келіп, ұлы Казимирді Гедиминнің қызы Альдонеге үйлендіргеннен басталған еді.

 Польшадағы Ногат өзеніндегі Марлборктегі Мариенбург сарайы/Shutterstock

Польшадағы Ногат өзеніндегі Марлборктегі Мариенбург сарайы/Shutterstock

14 ғасырда Орден өзінің шарықтау шегіне жетіп, күш алды. 100 жыл бұрын, 1226 жылы Тевтонның магистрі Герман фон Зальц командасымен поляк князі Конрад Мазовецкийдің өтінішіне құлақ асып, пұтқа табынушы прусстармен соғысу үшін Мазовияға келген. Бұл алғашқы плацдарм және бәрінің бастауы болатын. 1320 жылдары Орден әскери-экономикалық машинаға айналды. Олар асықпаса да дұрыс бағытта қозғалып, Балтық аумағына ауыз сала бастады. Нәтижесінде Орден Балтық жағалауын толықтай уысында ұстады, Поморьядан Фин шығанағына дейін бақылауында болды. Сол аймақта қамалдар мен қорғанысы бекім қалалар салып, жаңа жерлерге колонист-немістерді әкеле бастады. Нәтижесінде Литваға тоқтаусыз жорық жасалды, жылына бір немесе бірнеше рет шабуылға шықты. ҰЛК мен Орден арасында адам баласы тұрмайтын бос аймақ пайда болды. Тұтқындалға литвалықтардың саны ондаған және жүздеген мың адамға жетті.

Орденнің стратегиялық мақсаты — пұтқа табынушылардың бекінісіне айналған Жмудьті (Жемайтия, Самогития) басып алып, толық бақылауға алу еді. Дегенмен Полоцкий жерлеріне, Черная РусьiЖоғарғы Понеманьяның тарихи атауы жерлеріне де шабуыл жасалды. Бұл өзі православтық аймақтар еді. Солтүстіктегі кикілжің Еуропа рыцарларына танымал еді. Орден барлық Еуропадан «қонақтарды» қабылдай бастады. 1340 жылдары аймақта ең алғаш рет оқ дәрі қолданылды, ал 1377 жылы крестшілер Друедегі қамалды артиллериямен атқылады. Осылайша Литва соғыстан көз ашпай, шамамен жүз елу жылға «еуропалық соғыс полигонына» айналды. Еуропа үшін алып, бірақ архаикалық мемлекет пен шағын және технологиялық әскери машинаға қарсы тұрды.

Крестшілерді аймаққа өзі шақырған поляктарды да бұл әскери машинаның соққысы жанап өтті. Діни сенім факторы көмектескен жоқ. 14 ғасырдың басында-ақ крестшілер Поморье мен Гданьскті бақылауға алды. Қауіп өрши түсті, сондықтан да қандай қайшылық болмасын, Литвамен берік әрі стратегиялық одақ құру уақыт еншісіндегі мәселе еді.

Екіжүзді Янус: Витовт пен Ягайло

Витовт және Ягайло деген ағайындылардың арасында да шекспирлік дау қылаң берді. Біріншісі Кестуттың, екіншісі Ольгердтің ұлы. Хроникаға сүйенсек, Ягайло 1382 жылы қитұрқылықпен өзіңіз ағасы Кейстутты өлтірген. Крев қамалында қартайған, бірақ әлі де бойында күш-қуаты бар 85 жастағы князьді байлап, мұнараның жертөлесіне тастап, содан соң буындырып тастаған. Бұл екеуара даудың басы деуге келеді. Дегенмен бұл оқиға крестшілердің «қара пиары» деген пікір де жоқ емес. Дәл сол қылмысты сипаттап жазған хронистер, мысалы, литов династиясының басында тұрған Гедимин туралы да жазады. Ол да «нағыз» князь Витеньнің ат қосшысы болып, опасыздық жасап, оның орнын басу үшін князді өлтіріп тастаған-мыс…

 Войцех Герсон "Кейтстут пен Витовт Ягайло тұтқында", 1873 ж/Alamy

Войцех Герсон "Кейтстут пен Витовт Ягайло тұтқында", 1873 ж/Alamy

Бұл Литва мен Крев одағы тарихының ортақ проблемасы. Крестшілер хроникасы мен орыс жазбаларының авторлары оқиғаларды өз тарапынан, бұрмалап жазған. Немесе 16 ғасырдағы көне жазбаларда, мысалы Стрийковский «Хроникаларында» қарсы тарап, яғни көнелікті асыра мақтап жазады. Неге олай?

ҰЛК алып территорияға қарамастан архаикалық мемлекет болып қала ерді. Ондағы даму үрдісі территорияның өсуіне іле алмай қалып жататын. Содан соң да олардың шоқынуы көп уақыт алды, «отандық» хроникалар мен жазбалар, тіпті Кейстуттың «қан ағызып, ант беру рәсімін» жазғандағы проблемалар шығады. Ол ант бергенде өзіне тән мәнерде әрекет жасады (православты серікстерімен іске көшкенде «крестті сүю» тәсілін пайдаланатын). Күні бүгінде дейін Литвада біздің көзіміз үйренген канцелелярия болды ма жоқ па деген дау бар. Қызметкерлердің бәрі дерлік монахтар еді. Олар кез келген сәтте Орден немесе Папамен хат алмаса алатын.

Владислав II Ягайло, 1377-1381 және 1382-1392 жылдардағы Литваның Ұлы Герцогы, 1386-1434 жылдардағы Польша мен Литва Ұлы княздігінің королі/WIkimedia Commons

Владислав II Ягайло, 1377-1381 және 1382-1392 жылдардағы Литваның Ұлы Герцогы, 1386-1434 жылдардағы Польша мен Литва Ұлы княздігінің королі/WIkimedia Commons

Кейіпкерлерімізге оралайық. Кейстутты өлтірмес бұрын да, оны кім өлтірсе де, Ягайло 1379 жылы крестшілермен келіссөз жүргізіп, 1382 жылы Дубис келісімін жасады: әскери одақ, Жмудьті беруді және Литваны шоқындыру рәсімінен өткізуді көздеді. Экспрессивті және жолы болған Витовт, Ягайлодан әкесінің өлімі үшін кек алғысы келіп, азаматтық соғысты бастайды және ол да Орденнің қолдауына құмартты. Бұл жерде де қымбат сыйлық бұл — Жмудь еді. 1383 жылы крестшілердің қатысуымен Вильноның жартысын өртеп жіберді… Ягайло бәрін сараптайтын, салмақты адам ретінде бұл қиындықтан шығуды ойластыра бастайды. Сол үшінде одақтас іздейді. Әртүрлі нұсқаларды ойластырып, Мәскеу, Орден, Татар, Польшаның біреуін таңдайды.

Поляктардың тарапынан да қызығушылық бар еді. 1382 жылы Людовик Венгерский қайтыс болды (Кейстут қан ағызып, ант берген король). Ол Венгрияның королі еді, ал 1370 жылдан өлгенге дейін Польша королі болды. Оның соңында Ядвига деген кішкентай қызы қалды. Сарай қызметшілері ғасыр келісімін жасауға болады деп ойлап, кішкентай қызды Литваның «варварына» тұрмысқа беруді көздеді. Сол арқылы мықты одақтас тауып, 45 жылға созылған Галицко-Волынь үшін соғыстың нүктесін қоямыз деп жоспарлады. Сондықтан да 1385 жылдың қаңтарында Краковқа Ягайлоның бауыры Скиригайло бастаған елшілер келіп, некенің мәселесі шешілгендей болды. Кейбір тарихшылар поляктар «қылышын тастап, одақты қолға алды» деген пікірде. Егер бәрін династиялық неке қиюмен шешуге болатын болса, Галицко-Волынь үшін соғысудың не керегі бар?

Одан әрі 1385 жылдың тамызында Крево қамалында сол Одаққа қол қойылады. Крев келісімшартының Актісіне сәйкес, Ягайло Ядвигомен некелесу құқығына ие болу үшін «Қасиетті Рим шіркеуінің католиктік сенімін қабылдауға», бар қазынасын Польша мен Литва арасындағы соғыс кезіндегі шығынды өтеу үшін беруге, Польшаға тартып алған жерлерді беруге уәде береді. Оған қоса, әрине, Орденге қарсы бірігіп күресу де соның ішіне кіреді. Тағы бір қызық талапта былай деп жазылады: «өзі иелік ететін литов және орыс жерлерін мәңгілікке Польша корольдігінің тәжіне беруге уәде береді». Осы сөз үшін бұл драманың бас кейіпкерлері тірісінде де, өлгеннен кейін де көп қан төгіледі.

 Кревский сарайының қирандылары, Беларуссия/Shutterstock

Кревский сарайының қирандылары, Беларуссия/Shutterstock

Актінің түпнұсқасы жоқ, тек мөр мен қол қойылмаған көшірмесі бар. Шын мәнінде қалай болды? Өзгертілген құжат па? Бәлкім одақты бәрі өзінше ойластырған шығар. Корольдік Литваны өзіне қосып алғысы келді, ал Литва бұны теңқұқылы одақ деп қабылдаған болар. Кейбір тарихшылар бұны Польша мемлекеті мен жеке князь Ягайло арасындағы келісім деп ойлайды. Ягайлоға бұның не керегі бар? Жауап табу қиын емес: даңқ, Краков тағы, ішкі (Витовт) және сыртқы (Орден) қиындықтарды шешу.

Крев келісімі. Мөрлер мен қолтаңбалар жоқ. 1385/Wikimedia Commons

Крев келісімі. Мөрлер мен қолтаңбалар жоқ. 1385/Wikimedia Commons

Ал қалған Литва мен Русьте, оның ішінде Витовқа бұл одақтан келіп-кетер пайда жоқ еді. Литваның басшысы қызметіне Ягайло Витовты емес, бауыры Скиригайлоны қойды. Витовты биліктен ысырып тастаған соң, ол Ягайломен жаңа соғыс бастады (Орденге жүгінді). Польшаға қарыз болмай-ақ Орыс-Литов корольдігін басқарамын деп мәлімдеді.

Бұл соғыс ақыры келісіммен аяқталды. Витовт ҰЛК-нің мәңгілік билеушісі болды, ішкі саясатта толық еркін болды, бірақ ол қайтыс болған соң Литва Ягайлоның және оның ұрпақтарының қол астына өтуі керек еді. Бұл «ұзақ мерзімді» интеграциялау еді.

 Ұлы князь Витовттың үлкен мөрі.  1407/Wikimedia Commons

Ұлы князь Витовттың үлкен мөрі. 1407/Wikimedia Commons

Отбасылық мәселені біржақты еткен Ягайло мен Витовт Орденге соққы жасауды жоспарлайды. Сол баяғы Жмудь 10 жылдай Орденнің қол астында еді, сондықтан Витовт пен Ягайло 1408 жылы Новогрудоктағы құпия кеңесте күш біріктіру арқылы қаланы қайтарып алуға келіседі. Осылайша «Ұлы соғыс» (1409–1411) басталды. Оның шарықтау шегі 1410 жылы болған Грюндвальд соғысы еді. Крестшілердің талқаны шықты, магистр Ульрих фон Юнинген майданда өлді. Алайда Орденнің астанасы Мариенбургті одақтастар сол күйі ала алмады.

Ян Матейко «Прусская дань» 1882. Картинада Пруссиялық Альбрехт герцогы поляк короліне берген вассалдық анты бейнеленген. Бұл Ягеллон әулетінің тарихындағы маңызды оқиға, ол поляк қаруы мен поляк мемлекеттілігінің жеңісінің куәсі/Wikimedia Commons

Ян Матейко «Прусская дань» 1882. Картинада Пруссиялық Альбрехт герцогы поляк короліне берген вассалдық анты бейнеленген. Бұл Ягеллон әулетінің тарихындағы маңызды оқиға, ол поляк қаруы мен поляк мемлекеттілігінің жеңісінің куәсі/Wikimedia Commons

«Теңсіз неке»

Литва князі мен корольдік тәж арасындағы одақ іс жүзінде Ягайло мен 13 жасар Ядвига арасындағы неке секілді «теңсіз неке» еді. Аймақтарға бөлінген корольдік пен княздік. Православтар мен пұтқа табынушылар мекендейтін алып территория мен католиктік держава. Университеттері, шіркеулері, готика мәнеріндегі архитектурасы мен корольдік канцеляриясы және…16 ғасырда ғана қамал қабырғалары тұрғызылған, құрбан шалатын пұтқа табынушылары, мәйітті өртейтін дәстүрі бар Вильно. Айтпақшы, 1382 жылы Кейстут өлген соң оның мәйітін астанаға алып келіп, қару-жарағы, аттарымен қоса бірге дәстүрге сай жағып жіберген. Тіпті ҰЛК-да астана деген түсініктің өзі дұрыс қалыптаспаған. Новогрудок, Кернава, Троки немесе Вильно ма? Ол кезде көбіне басқарушы князь тұрған, хат жіберіп, тапсырма беретін жер астана болып кете беретін. Егер басқарушы екеу болса, онда астана да екеу деген сөз.

Михалв Эльвиро Андриолли. "Кейстутты Өлтіру". "Беларусь мұрасы: тарих және өнер" иллюстрацияланған жылнамасы 1883 ж/Wikimedia Commons

Михалв Эльвиро Андриолли. "Кейстутты Өлтіру". "Беларусь мұрасы: тарих және өнер" иллюстрацияланған жылнамасы 1883 ж/Wikimedia Commons

Польша үшін бұның бәрі туыстары мен қызметшілерімен Краковқа көшіп келген Ягайлоның өзі сияқты біртүрлі еді. 15 ғасырдың үшінші ширегінде Владислав-Ягайло өлген соң тарихшы Ян Длугоштың оны жабайы, сарайда оны жұқалап айтқанда ешкім дұрыс түсінбейтінін жазғаны бекер емес. Сырын білдірмейді, ішпейді, қара қозыдан жасалған тонын киіп алып, көне сенімін ұмытпайды, поляктар артық ештеңе естімесін деп өз тілінде сөйлейді… Тіпті өзінің соңғы әйелі София Гольшанскаяны Ягайло поляк зиялыларынан емес, өз жерінен тауып әкелген. Солай оған ыңғайлырақ еді.

Әрине, Литва мен Русь зиялылары мен ақсүйектері үшін интеграция үшін дивиденд жүйесі пайда болды: Рюриковичтер мен Гедиминовичтер оларды поляк ақсүйектерінің бауырластығына қабылдады, көбірек құқық пен еркіндік берді. Дегенмен Польша мен Литва одағы Орден мәселесі шешілген соң бірнеше рет тарап кете жаздады. Витовт өле өлгенше қарсылас бауырына жетуге тырысты, өзі король болуға ұмтылды. Пападан тәж алғысы келді. Ягайло, әрине, бұған жол бермеді. Папаның елшілерін Польша территориясында өзіне қажет уақытқа, яғни 1430 жылы Витовт өлгенге дейін бөгеді.

Витовт қайтыс болған соң ҰЛК-да билік үшін соғыс басталды, ал Витовтың бауыры Жигимонт Кейстутовичті 1440 жылы «отбасы дәстүріне» сай, Ягеллондардың өкілі Казимир (басқа нұсқа бойынша — Иван Чарторийский) өлтіріп тастады. Сепператист-княздердің соңғыларының бір Ягайлоның кіші інісі Свидригайло Ольгердович еді. Ол Витовтпен де, Ягайломен де, Жигимонтпен де соғысып, Волыньдағы Луцкий қамалында қым-қуыт саяси мансабын аяқтады. Әлдебір уақытта ол өзін «ұлы литов князімін» деп атады және волыньдік және галицкийлік ақсүйектерге арқасүйеп, «Орыс корольдігі» деген идеямен басын тауға да, тасқа да ұрды. 1452 жылы өлген соң оның денесін Вильнодағы кафедралды шіркеуге алып келіп, оның жаулары мен туыстары: Витовт және Жигимонттың денесінің жанына қойды. Яггелондар болған Гедиминовичтердің өкілдері, әрине, Краковта жерленді.

Литваның ұлы князі Свидригайло, XVI ғасыр/Wikimedia Commons

Литваның ұлы князі Свидригайло, XVI ғасыр/Wikimedia Commons

Одақ тағы бірнеше рет тарауға шақ қалып, бірнеше рет қалпына келді (1499, 1501). Бұл әлдебір түсінікте «қатемен жұмыс» болатын. Алғашқы одақта жазылмай, айтылмай қалған нәрселердің есесі еді. Айтпақшы, Тевтон Ордені 1466 жылы Польшамен Он үш жылдық соғыста жеңілген соң өзін Корольдік тәждің жер иеленушісі ретінде мойындап, оны Батыс Пруссияға табыстады. Соңғы магистр Альбрехь Гогенцоллерн 1525 жылы лютерандық сенімді қабылдап, өзінің «ордендік өткенімен» қоштасты. Осылайша Пруссия деген жаңа герцогтықтың тарихы басталды.

Миссионерлер мен діни қызметкерлер Пруссияда да, Литвада да көне сенімге қайта-қайта тап болса да, «дін үшін соғыс» жойылды. Осылайша Литва мен Польша одағының құрылуына себеп болған геосаяси қауіп сейілді.

Мюнстердің "Космографиясындағы" Литва, 1544. Елтаңба және от пен жыландарға табынудың иллюстрациялары/Wikimedia Commons

Мюнстердің "Космографиясындағы" Литва, 1544. Елтаңба және от пен жыландарға табынудың иллюстрациялары/Wikimedia Commons

1569 жылы одақтасудың не қажеті бар еді?

1569 жылы Люблин келісімі жасалған сәтте одақтас мемлекеттер Литва мен Польша 1385 жылы одақ құрған бастапқы түріне ұқсамайтын, мүлде басқа елдер еді. Келісім нәтижесінде Еуропа картасында 200 жылға уақыт тұрған екі Речь Посполитая пайда болды. Ең алдымен бұл өзгеріс Литваға қатысты еді. Кітап баспасы, монеталық жүйесі дамыған, құқықтардың сақталуы, ренесандық сәулет… Тіпті ұлы княздердің Рим патрицийлерінен тарағаны (поляк ақсүйектері сарматтардан тарайды деген мифке қарсы шығарылған) өзінің тарихи-саяси мифі де пайда болды. Екі мемлекет бұрынғыдай бір-бірімен бәсекелес болды, жеке армиясы, экономикалық жүйесі болды. Бірақ бәріне ортақ бір басшы бар еді, ол — Ягеллондар. Басшы король және ұлы князь лауазымын қатар алып жүретін.

Одақ құруға тағы сол 200 жыл бұрынғыдай соғыс қауіпі себеп болды. Бұл жолы күш алған Московия төніп тұрды. Олар орданың тырнағынан босап шығып, «орыс жерлерін біріктірумен» айналыса бастады. Одаққа себеп болған Еуропаға ұмтылу, жаңа еркіндікке қол жеткізу және ақсүйектерге мүмкіндік ашу емес, 1558 жылы басталған дәл осы Ливон соғысы.

П. п. Соколов-Скала "Иван Грозныйдың Ливондағы Кокенгаузен бекінісін алуы"/Мемлекеттік орыс мұражайы, Санкт-Петербург

П. п. Соколов-Скала "Иван Грозныйдың Ливондағы Кокенгаузен бекінісін алуы"/Мемлекеттік орыс мұражайы, Санкт-Петербург

16 ғасырда ортақ күш біріктіру арқылы Мәскеуге тойтарыс бере алды. Бірақ бұл Еуропа шығысындағы мәңгілік толастамайтын қайшылықтың бір ғана эпизоды екені кейін анықталады. Одан кейін Мәскеуді польша-литов басып алады, ал патша ретінде Ягеллондардан тарайтын поляк Ваза династиясынан шыққан Владислав отырады. Содан кейін тақтан айырылады. Содан кейін Украина үшін соғыс басталады, Польшаны екатериндік бөлу болады, Огинскийдің ля минор полонезі де бар, оның атауының өзі сөйлеп тұрғандай «Отанмен қоштасу». Біз өмір сүріп жатқан қазіргі күнге дейін осындай тізбек жалғасып кете береді. Өткен шақ қазіргі күнге аударылып түскендей, біреудің уақытаралық машинасының реттешісі сынып қалғандай әсерде боласың.

Ұлы Литов кінәздігі тарихының бірінші және екінші бөлімін оқыңыз.

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

Marceli Kosman. Litwa Pierwotna. Mity, Legendy, Fakty. — Warszawa, 1989.

Rowell S. C. Lithuania Ascending: A Pagan Empire within East-Central Europe, 1295–1345. — Cambridge: University Press, 1995.

Гудавичюс Э. С. История Литвы: с древнейших времен до 1569 г. / Э. С. Гудавичюс; пер. Г. И. Ефремова. — М. : Фонд им. И. Д. Сытина : Baltrus, 2005. — 679 с.

Гимбутас Мария. Балты: Люди янтарного моря / Пер.с англ. С. Федорова. — М.: ЗАО «Центрполиграф», 2004.

Беларускія летапісы і хронікі: пер. са старажытнарускай, старабеларус. і польск. / уклад. У. Арлова; прадм. В. Чамярыцкага. — Мінск : Беларускі кнігазбор, 1997.

Краўцэвіч А. К. Стварэнне Вялікага Княства Літоўскага. — Мн.: Беларуская навука, 1998.

Александр Киркевич

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ