ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

2-дәріс: Көне сенімдегі Еуропа империясы

ҰЛЫ ЛИТОВ КІНӘЗДІГІНІҢ ТАРИХЫ

Польшаның Ягайло мен Ядвига. Ягеллон университетінің мұражай коллекциясында, Краков/ Getty Images

Ұлы Литов Кінәздігін (ҰЛК) ауызекі тілде жиі «Литва» деп айтады, бірақ оның түпнұсқадағы атауын ешкім егжей-тегжей анықтап жатпайды. Ұлы Литов, Орыс және Жемайт кінәздігі. Мұндағы «орыс» сөзі сән үшін тұрған жоқ, керісінше Балтық және Қара теңіздің ортасында орналасқан ерекше мемлекеттің мәнін ашып тұр. Жаңа дәрістен Еуропаның соңғы пұтқа табынушыларға неге сенгенін, сатанизм мен Алтын Орданың бұған қандай қатысы бар екені туралы оқыңыз.

 

Бұл Ұлы Литов кінәздігі тарихының екінші бөлімі. Бірінші бөлімін мына жерден оқуға болады.

Мазмұны

1251 жылы Литов кінәздігінің негізін қалаушы кінәз Миндовг христиан дінінің католицизмін қабылдады. Папа Инокентий IV Литовты корольдік деп, ал Миндовгты король деп тану туралы акт шығарды. Бұл сол замандағы қалыпты жағдай еді. Осы жерден-ақ тоқтауға болар еді, бірақ... Миндовг 1261 жылы не католиктіктен бас тартқан жоқ, бабаларының дініне де оралмады. Оның «шоқыну/бас тарту» әдісін кейінгі кінәздер де дәстүрлі түрде қайталап кетті... Бұл процесс 100 жылдан астам уақытқа созылды.

1 / 2

Ұлы Литов Кінәздігіне қатысты «пұтқа табынушылар империясы» деген термин британ авторы Стефан Кристофер Роуелдің өзінің кітабын осылай атауымен кірігіп кетті. Әрине, «империя» емес енді, шарықтау шегіне жеткен үлкен корольдіктің аумағын алып жатқан мемлекет (жақын маңдағы нағыз империя Алтын Орда еді). «Пұтқа табынатын» деген сөзге де толыққанды лайық емес. Ұлы кінәздар мен элита көне сенімді күнделікті өмірде 14 ғасырға дейін қолданып келді, сондай-ақ Виленщинаның балтық тұрғындары да сөйтті. Мемлекеттің басым көп бөлігі, Полоцк пен Киев, Смоленск пен Луцк арасындағы алып аймақта православтар мекен етті.

ҰЛК-дағы шоқынудың ұзаққа созылуы және діни дисбалланс – бір қызық парадокс деуге келеді. Аймақтағы көршілес кінәздіктер мен корольдіктермен салыстырсақ, Литва расымен соңында қалған. Страсбургтегі Сен-Пьер-Ле-Жен шіркеуіндегі дүйім жұртқа танымал фрескада еуропалық ұлттардың Крестке апаратын жолда ретпен келе жатқаны бейнеленген. «Литва» деген жазу ұстаған тәж киген қыз көш соңында тұр. Бұл өзі формалды түрде 1387 жылы аяқталған, бірақ шын мәнінде одан да әрі созылған ұзақ жол еді...

Франция, Төменгі Рейн, Страсбург, Сент-Пьер-Ле-Джин протестанттық шіркеуі, айқышқа бара жатқан Еуропа халықтарын бейнелейтін фреска (14 ғасыр)/ Alamy

Франция, Төменгі Рейн, Страсбург, Сент-Пьер-Ле-Джин протестанттық шіркеуі, айқышқа бара жатқан Еуропа халықтарын бейнелейтін фреска (14 ғасыр)/ Alamy

Күрмеуі қиын конструктор

Литов кінәздарының христиандыққа деген көзқарасын «Викингтер» сериалындағы кинематографиялық Рагнар Лодброктың әрекетін еске салады. Ол крест тағып жан ұшырып, христиандық құдайды қабылдап, бірден одан бас тартады да, Парижді тонап кетеді. Ягайло мен Витовт дәуіріне дейінгі әр кінәздің биографиясында дәл осындай кем дегенде бір, кейде тіпті бірнеше оқиға кездеседі. Шоқынды, жаңа есімге ие болды, содан кейін бірнеше жылдан соң миссионерлерді қуып шығып, қайтадан осы жолды басынан бастаған.

Айта кету керек, бұл жерде бір ерекшелік бар. Христиандықтың католиктік рәсімі Литва үшін қарсыластың, яғни крестшілердің идеологиясы еді. Тевтон Орденінің Литвамен 200 жылға созылған соғысы «адасқандармен күрес» деген желеумен жүрді. Бұл тек маңызды идеологиялық фактор ғана емес, Батыс Еуропаның ресурстары мен адамдарын мобилизациялау факторы еді.

Бір жағынан Литва басшылары католицизмді қабылдау — «өркениетті әлемге» жолдама екенін түсінді. Папаның мойындауы, корольдік тәжді алуы, байланыс және сауда. Шоқыну — бұл Орден деген жойқын жау болып елестейтін Еуропаға сөз жеткізу. «Бізге соғыс не керек?» деген ой тастау. Көне сенімге оралуды шоқынудан түк шықпағанда жасады деген пайым жиі айтылады. Себебі кресшілер әлі соғысты жалғастырды, ол аз десеңіз христиандық ғибадатханаларды да қиратып кетіп жатты (бұндай жағдайды көрген Гедимин кінәз Орден рыцарларын «қой терісін жамылған қасқыр» деп айыптады).

Литва бастапқыда-ақ тар, конфессионалды кеңістікте пайда болған жоқ. Әскери элита көне дінге берік болды, ал 13 ғасырдың ортасында ҰЛК-ның «жиналу орталығына» айналған Понеманьеде православтық дәстүр қалыптасқан еді (Новогрудок, Гродно, Слоним, Волковыск және т.б.). Славян-балтық араласқан тұрғындарда Киев Русінен бері христиандықтың византиялық рәсімі болған. Балтық әскерилерінің басшылары корпорациясы («Литваның» өзі, кейіннен бұл атау мемлекетке берілді) православтық Русь әлеміне жиі сіңіп кетуге тырысты, оны көбіне отбасылық байланыс және мәдениет арқылы істеуге тырысты.

Ұлы көне діндегі кінәздардың сарайында үнемі католик және православ монахтары болатын. Олар хатшы болып қызмет атқаратын. Монахтар ұлыкінәздік кеңестің құрамына енді, дипломатиялық функция атқарды, елшілікке араласты, латынша және немісше құжат дайындады. Олардың жанында православ қызметкер көне орыс тілінде құжат айналымымен шұғылданды. Миндовгтың ұлы Войшелкке 1260 жылы Немандағы Лавришев монастырінің негізін қалауға ешкім қарсы болмады. Бұл монастырь әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Бір қызығы, Войшелктің өзі кінәздік киімнің сыртынан монахтық киім киген. 14 ғасырда көне діндегі балтықтар орталығы территорияның оннан бір бөлігін ғана құрайтын мемлекеттің жағдайы осындай еді.

1 / 2

Литва басшылары не нәрсеге сиынды?

Көне Литваның сеніміне қатысты дау көп. Жазбаша дәстүрі қалыптаспаған соң, көне сенім өкілдері өзінен кейін әлдебір жазба қалдырмаған. Олар үшін бұны Литваның бітіспес жауы Тевтон Орденінің хронистері жазды (ең алдымен Дусбургтан шыққан Петр еді, 14 ғасыр), олар өз кезегінде пропоганда мен әсіре сілтеуге көп бой алдыратын. Кейіннен 15–16 ғасырлардағы жазбалар да бар (Симон Грунау, Ян Длугош), бірақ ол жерде де авторлардың бейтараптығы байқалмайды, мұндай жазбалар очерк пен саяси памфлеттің ортасындағы бір нәрсеге ұқсайды да тұрады... Оған қоса сауатсыз адамдар үшін жасалған кабинетте туған мифологияларды да айта кету керек. Орден хронистері бірден үшке дейінгі құдайды («шайтан, жын») жазса, 16–19 ғасырлардағы шығармаларда бұлардың ұзын-сонар тізбегін тауып алуға болады!

Mappa mundi-да бейнеленген Литва,Пьетро Весконте, 1321 жыл. Жазуда:Letoini pagani - пұтқа табынушы литовтықтар/ Wikimedia Commons

Mappa mundi-да бейнеленген Литва,Пьетро Весконте, 1321 жыл. Жазуда:Letoini pagani - пұтқа табынушы литовтықтар/ Wikimedia Commons

Балтық жерлерінде 13–15 ғасырларда пұтқа табынушылардың белгілі бір каноны болмады. Бұл өзі тірі дін еді, аймағына қарай айырмашылықтар да пайда болып, ары қарай дамып жататын. Орден хронистері бұл аймақта нағыз Құдайдың кім екенін білмейді, табиғат күштеріне: күнге, айға, жұлдызға, найзағайға, құстар мен жануарларға сыйынады деп жазады-мыс. Шыны керек, бұдан де ертерек кездесетін Ипатьев жазбаларындағы деректер де бар. Ол 13 ғасырдың ортасында Миндовг билік еткен уақытқа тиесілі. Онда Миндовг католик сенімін қабылдағанмен, пұтқа табынуын тоқтатпаған. Ол құдайлардың аты: Нанадай, Телявель және Дивирикс («қоян құдайы»). Бірақ жазбаның авторы бәрін шатастырып алып, құдайлардың аты дегеніміз «Көктегі әкеміз» дұғасының балтық тіліндегі сөздері деген де нұсқа бар.

Дусбургтық Петр Ромува деген прустардың қасиетті орны туралы жазады (Калининград облысында деп көрсетеді). Бұл Орден бір бөлігін жойған, бір бөлігін ассимилияцияға ұшыратып, сол жерге Пруссияны құрған балтық-прустардың қасиетті орталығы еді. Прустардың бір бөлігі көне сенімдегі Литваға көшуге мәжбүр болған. Хронистің дерегіне сүйенсек, Ромува аймақтағы барлық балтықты өзіне тартып тұратын орталыққа айналған. Кешен не қоршауы, не тас ғимараты жоқ ашық аспан астында тұр еді. Ортасында — мәңгі жасыл Емен, «бейбітшілік ағашы». Жанында от жанып тұр, оған емен бұталарын салатын. Осы жерде құрбандық та шалатын. Еменнің қуыстарында басты құдайлардың суреті қойылған. Олар: Патолло, Перун, Патримпа. Соңғысының символы жылан еді. Ол арнайы себетте өмір сүріп, оған әкелген сүтпен қоректенетін (мұны есте сақтап ал). Бұл картина УппсаладағыiСкандинавтардың көне ғибадат орны, ол туралы алғаш рет 11 ғасырда жазылғанқасиетті мекенге ұқсайды. Ал Тевтобург орманындағы Эсктернштайнға тіпті қатты ұқсайды. Ол жерде аса үлкен мәңгі жасыл Ирминсул шаған ағашы өсіп тұрған еді. 8 ғасырда бұл ағашты Ұлы Карлi768 жылғы франктердің королі және өзі қайта қалпына келтірген Батыс Рим империясының императоры (800-814) шауып тастаған.

К. Хартнохтың "Ескі және жаңа Пруссия" кітабындағы Ромувтың бейнесі, 1684 ж/ Wikimedia Commons

К. Хартнохтың "Ескі және жаңа Пруссия" кітабындағы Ромувтың бейнесі, 1684 ж/ Wikimedia Commons

Міне, Ян Длугоштың 15 ғасырдағы халық сенімі туралы жазбасы:

«... Қазанның басында астық жиналған соң адамдар әйелдерімен, балаларымен және отбасымен өздері қасиетті санайтын орманға барып, үш күн бойы өгіз, қой, бұзау және тағы да басқа жануарларды отқа құрбандыққа шалатын. Содан кейін үш күн бойы тойлап, қыдырып, билеп, арақ-шараппен ойын-сауық құрған».

Айта кету керек, Орденмен соғыс өршіп тұрған шақта отқа олар қолға түскен кресшілерді де құрбандыққа шалған. Рыцардың шені қаншалықты жоғары болса, соншалықты жақсы.

Ал бұл Иероним Пражскийдің сипаттамасы (біз оған тағы ораламыз). Ол Литва шоқынған соң былай деп жазған:

«Литвада жыланға көбірек табынатын. Шаңырақтың үлкені өз үйінде жылан ұстайтын. Ол шабылған шөпте жатып, берген тамақ және құрбандықпен қоректенетін (...). Одан әрі мен отқа табынып, оны мәңгілік өмір сүреді деп сенетін халықты көрдім. Бұл сенімдегі адамдар отты өшіріп алмай ұстайтын. Олармен құрбандық шалғандардың денсаулығы туралы сыр шертетін. Діни қызметкерлер құрбандықты алып, түнде от жағатын. Таң атқанда құрбан шалғандарға жауабын айтып, түндегі алаудың көлеңкесінен ауырғандарды көргенін баяндайды. Егер ауру адам отқа бетімен қарап тұрса, онда бұл адам өмір сүреді деген белгі. Егер отқа арқасы қараса, онда, амал жоқ, қайтыс болады... Одан әрі мен Литвада сайтанға арналған ормандарға табынатын халықты көрдім (...). Литвада мұндай ормандар жетіп артылады».

Литвалықтардың жылан құдайы мен от құдайына табынуы. Олаф Магнустың суреті. XVI ғасыр/ Alamy

Литвалықтардың жылан құдайы мен от құдайына табынуы. Олаф Магнустың суреті. XVI ғасыр/ Alamy

Литваның көне сенімі, оның формасы мен пантеон туралы дискуссия әлі де «жұқа мұздың үстімен жүргендей» деп сипатталады. Бұл дегеніміз — күрмеуі қиын мәселе, бұған көпфакторлы верификация керек, ең дұрысы — археологиямен, этнографиямен және филологиямен дәлелденген дәйек керек.

Оған қоса пұтқа табынушы литвалықтар өлтірген христиан шейіттері туралы тарих кейіннен аңызға айналды. Бұлар — «вильна шейіттері» еді, олардың символы Вильнода қаланың үстінде орналасқан Үш крест тауы болды. Аңыз бойынша, кінәз Ольгерд (1345–1377) жеті францискалық монахты өлтірді: төртеуін суға батырып, үшеуін айқышқа шегеледі (таудағы үш крест осыдан шығады). Православие дәстүрі бойынша өлгендер православ болған. Басқа деректе тау мен ондағы крестердің өлген монахтарға түк қатысы жоқ. Қалай болғанда да, «Литваны христиандандыру» мифі кейінгі ғасырларда дамыды. Шейіт болғандар мен көне сенімдегі кінәздардың қылмысы өскеннің үсте өсе түсті.

«…Мені Шайтанның өзі шоқындырсын»

Кінәз Гедиминнің (1316–1341) мысалы қызық. Оның тұсында дәстүр бойынша кеңесшілер жұмыс істеді: францискалықтар мен Доминикандықтар. 1320 жылдардың басында кінәз католиктік ордендермен және еуропалық көшбасшылармен монахтар мен саудагерлерді шақыру, байланыстарды кеңейту тақырыбында тынымсыз хат алмасты. Әрине, бұл шоқындыру рәсімінен өту туралы болды. Рим Папасы Иоанн XXII-ге жазған хатында Гедимин өзінің бабасы Миндовгтың тәжірибесіне сүйенетінін айтады:

«…Біздің алғашқы короліміз Миндовг өз корольдігімен бірге Исаның сеніміне құшағын жайды. Өкінішке қарай, Тевтон Ордені магистрінің өкпесі мен опасыздығының кесірінен діннен теріс айналды, сондықтан біз бәріміз сол бабаларымыз істеген қателіктен жапа шегіп жүрміз».

Монахтарға Литваға қоныстануды ұсынды. Өз кезегінде кінәз поляк, неміс, Балтық тілдерін (прусша, земгалша) және русь тілдерін білетін монахтарды шақыратынын айтты, яғни бұл қалың бұқарамен жұмыс жасау мүмкіндігі еді.

Алайда соңғы сәтте Гедимин өз ойынан тайқып кетті және керемет шоқыну рәсімінен бас тартты. Нақты себеп не болды және тараптар қандай тармақтар бойынша келіспеді деген сұраққа жауап айту қиын. Бірақ Папа елшілері Гедиминнің 1324 жылы айтқан келесі сөздерін жеткізді:

«Егер мен кейін шоқынамын деп шешім қабылдасам, онда мені шайтанның өзі шоқындырсын».iлат. Sed si nunquam habui in propositi, diabolus me baptizaret

Одан әрі Гедиминнің өзінің позициясын нақты түсіндіретін сөзі бар:

«Христиандар өз Құдайына өзінше, Русьтар өзінше, Поляктар да солай, ал біз өзімізше табынамыз, бәрімізде бір Құдай».

Бір қызығы, кінәз өз «сенімінің символы» ретінде монотеизмді тұспалғандай болады, бір құдай туралы айтады. Бірақ ол сол мезетте Шайтанның атын ғана айтады...

1 / 2

1200–1300 жылдардағы Литва кінәздерінің ойын түсініп болмайсың. Олар Батыстың өздерінен не қалайтынын түсінбеген сияқты. Неге әртүрлі діндер үшін бостандық аз? Неге шоқыну рәсімінен өту керек, одан кейін неге ескі құдайлардан бас тарту керек? Неге біріктіруге болмайды? Батыс та өз кезегінде ҰЛК-да кім басшы, кіммен сөйлесуге болады, кінәздар өз шешімінен тез бас тарта салады, бірін-бірі алмастыра береді, ағайындар болып билік жүргізеді немесе өзара қақтығыста қаза табады деп басы қатқан болар.

Касимир Альхимович . Гедиминасты жерлеу. 1888. Краков Ұлттық Мұражайы/ Wikimedia Commons

Касимир Альхимович . Гедиминасты жерлеу. 1888. Краков Ұлттық Мұражайы/ Wikimedia Commons

Қасиетті отты өшірген кінәз

Мәселенің нүктесін Литва кінәзі мен Польшаның Болашақ королі Ягайло қойды. Ол бірнеше дәстүрлердің арасында өсті: әкесі бойынша пұтқа табынушы, Ольгерд (Вильнода монахтарды өлтірген), Тверьлік Ульяна деген анасы бойынша православ. Анасы православия мен «орыс» мәдениетінің аймақтағы негізгі жұмсақ күші болды, ұлының Дмитрий Донскойдың қызына некелесуін және православ дінін қабылдауын қалады. Айтпақшы, Ягайло ағайындарының біреуі — Скиригайло 1381 жылы-ақ православияны қабылдаған. Ол Полоцкийге билік жүргізуді қалаған, бірақ тұрғындар пұтқа табынушыны жақындатпады. Сол үшін ол шоқынуға мәжбүр болып, кейін «Иван» болды. Оған қоса Ягайло Орденмен келіссөз жүргізіп жатты: 1382 жылы олармен 4 жылдық бейбітшілік келісімге келді. Жмудьтың жартысын берді және болашақта кресшілерге шоқынамыз деп келісті.

1 / 2

Нәтижесінде мүлдем басқа жоспар іске асты. 1385 жылы 14 тамызда Польша мен Литва арасында Крево одағы құрылды. Ягайло Католик патшайымы Джадвиганың күйеуі болды және өзі пұтқа табынушы болып қала алмады. 1386 жылы 2 ақпанда Ягайло король болды, ал 15-і күні Владислав есімін алып, католицизмге шоқыну рәсімінен өтті. Оның ағалары жаңа сенім мен жаңа есімдерді қабылдады: Коригайло-Касимир, Вигунт — Александр, Свидригайло-Болеслав. Литвадағы Ягайлоның тең билеушісі, Александр атын алған Витовт та шоқынды.

Т. Далябела. Ягайло және Ядвига. XVII ғасыр./ Wikimedia Commons

Т. Далябела. Ягайло және Ядвига. XVII ғасыр./ Wikimedia Commons

Польшамен одақтың шарты православие дінін ұстанған халықты қоспағанда, Литваның шоқынуы еді. Процесс бір жылдан кейін Краков епископы Эндрюмен бірге Ягайлоның өзі келген кезде басталды. Рәсім тек тарихи / орталық Литваға қатысты болды, өйткені Жмуд әлі де Орденге тиесілі болды (оның кезегі 1413 жылы ұлы соғыстан кейін келді). Вилькомирде, Лидада, Кревода және т.б. Вильнодан кейінгі алғашқы шіркеулер пайда болды.

Поляк-литва Одағын еске алуға арналған кескіндеме, шамамен 1861 ж/ Wikimedia Commons

Поляк-литва Одағын еске алуға арналған кескіндеме, шамамен 1861 ж/ Wikimedia Commons

1387 жылы Ягайлоның шоқынуы жоғарыдан төмен қарай иерархия бойынша өтті. Алдымен басшы, оның туыстары, элита және қалғандары. Қарапайым жұмысшылардың шоқынуы формалды түрде өтті. Топ тобымен шоқындырып, көбіне бірдей ат беріп жатты. Олардың өздері өмірде ол атты қолданбай, көне атпен жүре берді. Ең ауыры қасиетті мекендердің жойылуы еді. Оның ішінде Вильнодағы мәңгі алау өшіріліп, қасиетті ормандар шабылды...

Әртүрлі ордендердегі уағызшылар мен монахтар Литваға жетті. Олардың арасында Прага Иеронимі де болды, ол тым жігерлі еді және тым асыра сілтеп жіберген де сияқты. Дағдарыс басталды, сондықтан Ягайланың немере ағасы ұлы кінәз Витовт монахты елден шығаруға асықты. Бұл ақылға қонымды еді. Христос жаңа адамдарсыз күн көре алады, ал ол өйте алмайды.

Халықаралық саясатқа келетін болсақ, дипломатия жүріп жатты: Краков корольдік кеңсесінің міндеті «ұжымдық Батысқа» Литва католиктік ел екенін және Тевтон орденінің барлық талаптары негізсіз екенін және оның соғыстары таза қарақшылық сипатқа ие екенін жеткізу болды. Орден өз кезегінде француздар мен ағылшындарға шоқыну рәсімінің таза формальдылық екенін және ештеңеге әсер етпейтінін дәлелдеді. Сонымен қатар Ягайлоның өзі пұтқа табынушы болған және сол күйінде қалған сияқты.

Айтпақшы, пұтқа табынушы деген атақ Ягайлоның қыр соңынан қалмады. Бұл туралы тек кресшілер емес, хронист Ян Длугош та жазады. Ол Ягайлоның өмір сүрі салты мен әдеттері туралы сипаттап жазған. Оның ішінде жабайы рәсімдер де бар дейді. Бұны оқыған Краковтағы зиялы қауым жағасын ұстады. Бірнеше рет айналу әдеті, ши сындыру, жерге түкіру, сыбырлап бірдеңе айту және сол сияқты. Ягайло шіркеуде балауыз шамды тек Исаға емес, Шайтанға да қой деп бұйрық бергені жазылған қызық жазба да сақталған. Қай жақтан да қолдау керек дегені.

Қасиетті тоғайларды кесіп тастаған билеуші, айтпақшы, белгілі бір мағынада табиғат аясында қайтыс болды. Ягайло табиғатты жақсы көрді және қалаларды онша ұнатпады. 1434 жылы мамырда ол орманда бұлбұлдарды тыңдау үшін Львовтағы кортежін тоқтатуды бұйырды. Бұл ол үшін қалыпты жағдай еді. Нәтижесінде қатты суық тиіп, қайтыс болды.

Король Владислав II. Ягелло. Люблиндегі Троица капелласындағы Фреска, 15 ғасырдың басы/ Getty Images

Король Владислав II. Ягелло. Люблиндегі Троица капелласындағы Фреска, 15 ғасырдың басы/ Getty Images

Осымен көне сенімнің әңгімесі бітті ме?

Әрине, жоқ. 16 ғасырдың ортасына дейін саяхатшылар мен монахтар Литвада әлі күнге дейін Перунға құрбандық шалып, Куркенің «соңғы оралған құдайын» құрметтейді және т.б. туралы «сенсациялық» хабарлар таратып жатты. Картографтар Литва аумағында адамдар табынатын тұғырға үнемі үлкен жылан салған. 19 ғасырда да этнографтар Вильна, Гродно және Минск провинцияларында 500 жыл бұрынғы нанымдарды тіркеді. Олар үйде жылан ұстап, тамақтандыру әдеті, ал далада табылған шақпақ тасты «Перунның жебесі» деп санайтын.

Литваның шоқынуы Еуропадағы ең кеш құбылыс болды. Ұлы Карл сакстардың қасиетті ағашы Ирминсулды кесіп тастаған сәті мен Ягайло Вильнодағы «знич» деген қасиетті отты сөндірген күн арасында 615 жыл болған. Неге мұндай айырмашылық бар? Көптеген түсініктемелер бар: қазіргі өркениеттік орталықтардан алшақтық, әлсіз мемлекеттік дәстүр, кресшілермен 200 жылға жуық соғыс. Литва элиталары үшін католицизмді қабылдау православие халқының үлкен тобына қатысты мәселелерді білдіруі мүмкін. Православие дінін қабылдау, өз кезегінде, тым көп бонустар бермеді және «Еуропа халықтарының отбасына» жолды кесіп тастады».

Тағы бір экзотикалық теория бар. Литваның католицизмді қабылдауына Алтын Орда жол бере алмады, олар 1200–1300 жылдары өте қауіпті күш еді. Бұл дегеніміз — үлкен соғысқа алып келуі мүмкін еді... Қалай десек те, ҰЛК-ның қарсыласы көп болды: поляктар, мажарлар, татарлар сосын оған Мәскеу де қосылды. Олардың бәрі дерлік бір коалицияға бірігуі мүмкін болмаса да, әлдебір сәтте одақтас табуы қажет еді. Сондықтар олар Польшаны таңдады, ал ортақ идеология — католицизм.

Ұлы Литов кінәздігі тарихының бірінші бөлімін мына жерден оқыңыз.

Александр Киркевич

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ