ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

3-дәріс. Печенегтер

ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

Святославтың Днепр суы бойындағы босаға тастарда печенегтердің қолынан қаза табуы / Superstock

Византия түркілермен қалай танысты, қалай күресіп татуласты және олардың қолынан қалай талқандалды? Византиятанушы, ирантанушы және түркітанушы Рустам Шукуровтың үшінші дәрісі Византия мен түркі халықтары арасындағы қарым-қатынастың 11 ғасырда басталған сын сәті турасында баяндалып, бел ортасынан бастап печенегтер жөнінде өрбиді.

11 ғасырда түркілер Византия аумағына екі жақтан күшті лек-лек болып көшті, біз оларды шартты түрде (1) Солтүстік Қара теңіз маңы аймағы арқылы Дунайға және әрі қарай Балқанға ағылған солтүстік лек және (2) Солтүстік Иран арқылы Арменияға, Сирияға және әрі қарай Анадолыға ағылған шығыс лек деп атаймыз. Атап өтетіні, «солтүстік» жолды түркілер мен оларға одақтас тайпалар ғұндар заманынан бері игерген болса, «шығыс» бағытта, сирек жағдайларды қоспағанда, Византияға 11 ғасырға дейін түркілер тарапынан қатер төнген жоқ. Бұл солтүстіктегі кең далада византиялықтар айтқандай, «Скифияда» шығыстан келе жатқан көшпенділерді тоқтата алатын қандай да бір орнықты отырықшы мемлекеттердің болмауына байланысты еді. «Шығыс» бағытта Византия шегарасын көшпенділердің шапқыншылығынан қорғайтын қалқан қызметін атқарған дамыған отырықшы өркениеттер (Сасанидтік Иран, содан кейін мұсылман халифаты) үстем болды. Жағдай 11 ғасырдың ортасында ғана селжұқтар біріктірген көшпелі түркілер солтүстік Иранға басып кіріп, көп ұзамай Византия шегарасына жеткенде ғана өзгерді.

Түркі жасағының «партизандық соғысқа» ұқсас көшпелі әскери тәсіліне қарсы Византиялық әскерлердің шабуылы тиімсіз болып шықты.

11 ғасырдың ортасынан 12 ғасырдың басына дейін империяның Балқан және Анадолы провинцияларына көшпенділердің жойқын жорықтары кей кездері ондағы дәстүрлі өмірдің (әлеуметтік, сол сияқты экономикалық) формаларын толықтай тоқтатып, түркілер басып алған жерлерде Византияның бақылауын баянсыз етті. Жарты ғасырдан астам уақытта Византия Балқан мен Анадолыда көп әскерінен айырылды. Жаулап алушыларға сый немесе тұтқындардың өтеуі ретінде орасан көп алтын ақша төленді. Балқан түбегі мен Анадолының кейбір аудандарында отырықшы егіншілік толығымен тоқтап, шаруалар бұл жерлерді тастап кетті, яғни аумақтардың номадтануы деп аталған жағдай орын алды.

Сонымен бірге ерте Орта ғасырдағыдай Балқанға ағылып келген печенег, уздар мен половецтердің және Кіші Азияға басып кірген селжұқтардың самсаған сары қолы этникалық жағынан біртекті болмағанын да ұмытпаған жөн. Олардың ортасында қандай да бір себеппен түркі көсемдеріне11Гибрид этностарИран тарихшысы Рашид ад-Дин (13 ғасыр) 1236–37 жылы моңғол ханы Мөңкенің бүлік жасаған қыпшақ (яғни половец) көсемдері Бачман мен Качир-укулені тұтқынға алғаны туралы хабарлайды. Бұл ретте тарихшы Бачманның қыпшақтың олбірлік тайпасынан, ал Качир-укуленің ас тайпасынан, яғни ирандық көшпенді аландардан шыққанын атап көрсетеді. Демек половец конфедерациясына кірген аландар қыпшақтар деп сәйкестендірілген. Аталмыш Бачман мен Качир-укуленің серіктері қаны бойынша қыпшақ немесе алан болғанын айту да қиын. бодан болған көшпелі, жартылай көшпелі және тіпті отырықшы үндіеуропалықтардың (аландар, влахтар, парсылар) болуы әбден мүмкін еді.

Бірақ печенег, уз және половец тайпаларының конфедерацияларында бұрынғы дәуірге қарағанда түркілердің саны басым болғаны анық. Атап айтқанда, төңіректегі халықтар лингвистикалық тұрғыдан олардың сөйленісі түркі халықтарына тән деп анықтағаны осылай ойлауға мүмкіндік береді.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Византия неліктен жеңілді?

Солтүстіктен және шығыстан түркілердің шапқыншылық жасай бастауы император II Василий қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай басталған экономиканы «демилитаризациялау» түрінде көрініс тапқан Византия империясын түбегейлі саяси және экономикалық қайта құрумен тұспа-тұс келді (976–1025). II Василий билеген тұста империя Батыста болгарлардан Балқан мен Арменияны, ал Шығыста мұсылмандардан Сирияның бір бөлігін қайтарып алып, өзінің кеңеюінің табиғи шегіне жетті. Империяның батыс пен шығысқа әрі қарай кеңеюі екіталай болатын және мақсатқа да сай келмейтін еді. ІІ Василийден мұра болып қалған, ауқымды соғыс міндеттерін шешуге бағытталған милитаризацияланған экономика империяның мұқтаждықтарына сәйкес келмейтін. Империя сөзсіз тұрақтану кезеңіне кірді және енді үлкен далалық әскерге мұқтаж болмады. II Василийдің мұрагерлері бұдан былай соншалық өршіл жаулап алу жоспарларын құрмайтын болды және бәлкім, бұл әбден орынды болған шығар. Провинциялық әкімшілікте әскерилердің орнын азаматтық шенеуніктер басты. Сонымен бірге әскери машинаны реформалауға талпыныс жасалды. Дегенмен әскери машинаны қайта құру кенеттен, интуитивті түрде және тиянақсыз жүзеге асырылды. Армияға бөлінетін қаржы және әскердің саны қысқартылды, стратиоттардыңiiяғни салық жеңілдігі бар шаруа жасақтары шаруашылықтары кәдімгі шаруашылық жағдайына ауыстырылды.

Мұндай «демилитаризация» Ұлы Армениядағы негізгі шегаралық аймақта жүргізілді, бұл селжұқ тайпаларының шапқыншылығы басталуымен византиялық Анадолы үшін қатерлі болды. Фемдік жасақтардың22Фемдер дегеніміз не?iФема — Византиядағы әскери-әкімшілік округі. Фемдер империя славяндардың қысымына ұшырап, Сасани Иранмен, содан кейін арабтармен соғысқан 7 ғасырда пайда бола бастады. Әскердің кадрлық құрамы Батыс Еуропа феодалдық жүйесін еске түсіреді: әскерилер отбасын асырау үшін және қару-жарақ алу мақсатында жер алды. Осылайша, мемлекет әскерге кететін шығынды азайтты. орнына келген кәсіби жалдамалылардың рөлі артты. Бұл, бір жағынан, реформаларға наразы болған әскерилердің көтеріліс жасауына, екінші жағынан, империяның қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқты, өйткені қарулы күштердің жаңа құрылымының дайын моделі болған жоқ. Византия әскерінде барған сайын маңызды рөл атқарған жалдамалы жауынгерлер руганыңiiяғни жалақының көбіне-көп төленбеуінен бүлік шығарып, жер-жерді күйретті; оларды тыныштандыру барған сайын жаңа адами және материалдық шығынға әкелді.

Византияның әскери машинасы мен дипломатиясы көшпенділердің шапқыншылық жасау ерекшеліктеріне бірден бейімделе алмады. Византия әскерінің дала бөлімдері түркілердің «партизан соғысына» көбірек ұқсайтын және жауынгерлердің шағын ұтқыр топтары жүргізген ерекше көшпелі әскери тактикасына қарсы тиімсіз болды. Византияның дипломатиясы көп жағдайда сәтсіздікке ұшырады, өйткені 11 ғасырда Балқан мен Анадолыға ағылып келген түркі топтары византиялықтар қарым-қатынас жасап үйреніп қалған отырықшы мемлекеттер сияқты орталықтандырылған политияларғаiПолития (грек. мемлекет) біріккен жоқ.

Дж. У. Уотерхаус. Император Гонорийдің сүйіктілері. 1883 жыл / Alamy

Дж. У. Уотерхаус. Император Гонорийдің сүйіктілері. 1883 жыл / Alamy

Төменде көретініміздей, көшпенділер тарапынан қауіп төнгенде византиялықтар толық әскери және дипломатиялық дәрменсіздік танытты деп айыптауға болмайды. Атап өтілгендей, византиялықтар өзінің бүкіл тарихында, әсіресе, Дунайдағы шегарасында көшпенділермен бетпе-бет келген және бұл тәжірибе әскери трактаттар мен дипломатиялық нұсқаулықтар түрінде жинақталған. Алайда 11 ғасырдың ерекшелігі, мемлекеттік машина көшпенділердің ауқымды және ұзақ мерзімді шабуылына дайын болмады, сондай-ақ көшпелілердің көші-қон толқыны ерекше күшті болды. Бұған 11 ғасырдың екінші жартысынан бастап көшпелілермен екі майданда (Балқан және Анадолы майданында) бір мезгілде соғысу қажеттілігін қосу керек.

Сонымен қатар 11 ғасырдың 30 жылдарында басталып, уақыт өте келе Константинопольдің ақшалай және адам ресурстарын барған сайын көбірек сіңірген Византиялық Италияда33Византиялық ИталияI Юстиниан (527–565) тұсында Византия Апеннин түбегінің барлық дерлік аумағын жаулап алды. Юстиниан қайтыс болғаннан кейін, Византия лангобардтардың, франктердің және арабтардың қысымымен Италиядағы иеліктерін біртіндеп жоғалта бастайды. 11 ғасырда Византия Неапольдің оңтүстігіндегі Италия түбегінің шағын бөлігін басқарды. нормандардың ықпалы күшейе түсті. 11 ғасырдың басында византиялықтарға да, олардың қарсыластарына да қызмет еткен жалдамалы нормандар оңтүстік Италияға қарай лап берді. Ғасырдың ортасына қарай олардың Оңтүстік Италия мен Сицилияны жаулап алу ниеті түпкілікті пісіп жетіліп, атақты Робер Гвискардың (1085 жылы қайтыс болған) басшылығымен сәтті іске асты. 1071 жылға таман Византия Оңтүстік Италиядағы соңғы бекінісінен айырылды, ал 1081–1085 жылдары Балқанның батысында нормандармен сұрапыл соғысты бастан кешірді.

Жоғарыда аталған жағдайлар империяның Балқанда көшпелі түркілерден ауыр жеңіліске және шығыс Анадолы шегарасында стратегиялық сәтсіздікке ұшырауына себепші болды. Империяның мемлекеттік машинасы ішкі, сондай-ақ сыртқы шамадан тыс ауыртпалыққа төтеп бере алмады.

Проспер Лафайе. Сицилиялық I Рожер Черами шайқасында. 1860 жыл  / Photo by Fine Art Images/Heritage Images/ Getty Images

Проспер Лафайе. Сицилиялық I Рожер Черами шайқасында. 1860 жыл / Photo by Fine Art Images/Heritage Images/ Getty Images

Әңгімені Балқандағы жағдайдан бастайық

Византиялықтар үшін олардың әлемінің солтүстіктегі табиғи шегарасы Дунай өзенінің бойымен өтті. Сондықтан Иоанн Цимисхий (969–976) тұсында империя әскерінің Дунайдың төменгі ағысына шығуының және содан соң онда бекініп алуының тек қана стратегиялық емес, идеологиялық маңызы да болды. 10 ғасырдың аяғы 11 ғасырдың басында византиялықтар өзеннің төменгі және орта ағысында Дунай шегаралық қамалдары мен қалаларын қалпына келтірді, олардың әскери маңызымен қатар, саудада да рөлі маңызды болды, өйткені оған Орталық және Шығыс Еуропаның ұланғайыр аймағынан көпестер ағылып келетін.

1018 жылы Болгар патшалығын44Бірінші Болгар империясының аяқталуы1018 жылы император II Василий («Болгар қанішері») Бірінші Болгар патшалығын (681 жылы құрылған) жойып, Болгарияға Византия билігін орнатты, ол 1186 жылға дейін созылды. талқандаған Византия империясы Дунай шегарасына қайтып оралды. Бірақ бұл табыстың екінші жағы да болды, империя оған дейін Византиядан болгар буферімен бөлінген көшпенділер әлемімен тікелей байланысқа түсті. Көп ұзамай печенегтердің самсаған сары қолы шабуыл жасап, Дунайдағы Византия бекініс пунктеріне соққы беріп қана қоймай, Фракия мен Македонияны күйретті. Осылайша византиялықтар мен печенегтердің Балқан үшін ғасырлық күресінің эпопеясы басталды.

Көшпенділер

Көшпенділер

Печенегтер

Печенег тайпаларының этногенезі, шамасы, Арал маңы өңірінде жергілікті көшпелі иран тайпаларымен, соның ішінде, атап айтқанда, аландармен тығыз қарым-қатынаста өткен. Бастапқыда печенег қауымында көшпелі ирандықтардың басым болғанын және олардың қандай да бір уақытта түркі тілін қабылдағанын жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанда да, краниология55КраниологияАдамның бас сүйегінің құрылысы мен пішінінің типологиясын зерттейтін ғылым саласы. Краниология әртүрлі нәсілдердің өкілдерінің бас сүйегінің құрылымындағы белгілі бір заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, краниологияның арқасында сіз адамның шамамен жасы мен жынысын анықтай аласыз. печенегтердің антропологиялық келбетінде моңғолоидтерге тән белгілер қосылған еуропеоид типі басым болғанын көрсетеді. Шамасы, кейінгі ғасырларда печенегтер мәдениеті жағынан да ирандық көшпенділерге өте жақын болған. Печенег тіліне қатысты мәселесі әлі де шешімін таппай келеді, ғалымдардың бір бөлігі оны түркі тілдерінің қыпшақ тармағына, ал басқалары оғыз тармағына жатқызады.

9 ғасырдың ортасынан бастап печенегтер уздармен (оғыздармен), хазарлармен және венгрлермен арадағы соғыстардың нәтижесінде Арал маңы өңірінен батысқа қарай жылжиды. 10 ғасырдың ортасына қарай олар Прутке және Дунайдың сағасына жақындады. Печенегтер империяның шегарасына жанаспаған кезде византиялықтар оларды Солтүстікпен сауда жасау үшін қажетті маңызды делдал ретінде және одан да үлкен дәрежеде құдіретті саяси күш ретінде қарастырды, олардың есебі бойынша онымен одақ құру Византияға солтүстіктегі барлық жауларынан қорғануға мүмкіндік беретін еді.

Печенегтердiң тұрмыс-тіршілігі және наным-сенімдері

Грек авторларының пікірінше Византия аумағына келгенге дейін печенегтердің діні пұтқа табынушылық болған. Олардағы «пұтқа табынушылық» деп неге сүйеніп айтқанын түсіну қиын. Беріде печенегтердің бір бөлігі ислам дінін қабылдаған деген мәліметтер бар. Алайда Дунайдан өткен көшпенділердің мұсылман болғаны екіталай. Олар шамандық сенімді ұстанған болуы мүмкін; олардың арасында манихейлер Орта Азияда болған кезде қабылдаған діндегі адамдардың болғаны мүмкін екенін де жоққа шығара алмаймыз. Печенегтердің манихейлікті66Манихейлік3 ғасырда Сасанилік Иран территориясында пайда болған діни ілім. Атауы негізін қалаушы Мани есімінің құрметіне аталған. Манидің пікірінше, әлемде әрқашан екі принцип бар: жарық және қараңғы. Адамзаттың өмірі осы екі ұстаным арасындағы күресте өтеді. ұстанғанын олардың балқандық павликиандармен77Пауликанизм7 ғасырда Арменияда пайда болған христиандық ағымдардың бірі. Пауликтер шіркеудің байлығы мен иерархиясына, сондай-ақ қауымдастық пен шомылдыру рәсімі сияқты көптеген христиандық рәсімдерге қарсы болды. Одақ құруы, сондай-ақ 12 ғасырға қарай олар қоныстанған Моглена фемасыiФема, яғни Моглена провинциясы қазіргі Грецияда, Орталық Македонияда орналасқан. аймағында манихейлікке ұқсас богомилдіктің88БогомилдікХристиан дініне негізделген негізгі діни доктрина. 10 ғасырдан бастап Балқан мен Кіші Азияда таралған. Атауы оның негізін қалаушы болгар діни қызметкері Богомилдің құрметіне аталған. Богомилдер шіркеу рәсімдері мен қасиетті рәсімдерді жоққа шығарды. Жаңа өсиет пен ескі өсиеттегі Жаратылыс кітабынан басқа ешбір қасиетті кітаптарды мойындамады, Марияны Құдай Ана деп санамады. Манихейлер сияқты богомилдер де дүниенің екі жақтылығына сенді. өркендегені көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар печенегтер Орта Азияда болған кезде христиан дінін (бәлкім, несториандықты99НесториандықХристиан теологы Несториус (5 ғ.) Иса Мәсіх екі түрде: құдайлық және адамдық түрде өмір сүрді деп үйретті. Несториус Бикеш Марияны Құдайдың анасы емес, «адам туатын» деп атауға шақырды.) қабылдаған болуы ғажап емес. Қалай болғанда да Римге бодан болған печенегтердің православ діни жорасы бойынша шоқындырылғаны (немесе қайта шоқындырылғаны) анық, бірақ бұл олардың барлығы Византия православиесінің адал адепті болды дегенді білдірмейді.

Печенегтердің күнделікті өмірі мен сыртқы келбеті туралы византиялықтар ештеңе жазып қалдырмаған. Михаил Пселлдіңi11 ғасырдағы Византия тарихшысы және философы печенегтер («мистар») туралы көлемді пассажында дәйексіз дүниелер мен ойдан шығарылған нәрсе көп, бірақ сонымен қатар онда бірнеше орынды ескертпе де бар. Ол өз жазбасында печенегтер шатырларда тұрды, қажет болған жағдайда жылқының тамырын семсермен тіліп, қанымен шөлін қандыратын еді, сондай-ақ олар жылқының етін жейтін деген жазбалар қалдырды. Анна КомнинаiiВизантия ханшайымы (1083–1154), Византия императоры Алексиос I Комненостың қызы, 1056–1118 жылдар аралығын қамтитын «Алексиада» атты қызықты тарихи шығарманың авторы. печенегтердің лагерлерін арбамен бекіткенін, сонымен қатар олардың өздеріне тән және оңай танылатын киімдері болғанын (қандай екенін нақтыламайды) көп мәрте атап өтеді. Анна скиф әйкелдердің беті «сопақ болғанын» атап өтеді, бұл печенегтердің антропологиялық типі туралы біздің білетінімізге толығымен сәйкес келеді.

Ортағасырлық әскери лагерь / Wikimedia Commons

Ортағасырлық әскери лагерь / Wikimedia Commons

Печенегтер, әрине, қарапайым болған және оларға византиялықтардың сезімтал данагөйлігі жат еді және византиялықтар мұны тиімді пайдалана алды. Бірде I Алексей мен печенегтер арасында келіссөз жүрген кезде қызметшілер императорға нақ сол күні күннің тұтылатынын хабарлады. I Алексей мұны ептілікпен пайдаланып, печенегтерді егер көп ұзамай аспанда қандай да бір белгі пайда болса, олар оның қойған шарттарын қабылдауға тиіс деп көндірді. Бір-екі сағаттан кейін күн тұтылып, печенегтердің есі шықты. Ромейлердің аспан құбылыстарын болжай алатынын аңғармаған еді.

Византияның Балқанында болған печенегтердің санын шамамен білуге ​​мүмкіндігіміз болмағанымен, жан-жақты болжай қарағанда, олардың саны өте көп болған. Анна Комнина зерттеуінің бір бөлігінде печенегтердің саны «он мың адам емес, одан да көп болғанын» тілге тиек етеді. Скифтердің көп болғанын Византия қоғамының мүшесіне айналған және өз заманындағы грек ұрпақтарының жадында жарқын із қалдырған олардың көптігі жанама түрде көрсетеді. Византиялық авторлар скифтер туралы өте әсерлі және есте қаларлық бейнелерін жасады.

Қысқа мерзімді достық

Алғашқыда византиялықтар печенегтерді тыныштандырудың өзіндік бір бағдарламасын әзірледі. Көшпенділермен бейбіт келісім жасасқан византиялықтар Дунайдағы стратегиялық қорғандарын бекітті. Дунайдан оңтүстікке қарай жатқан Паристрийде «карантин аймағы» сақталды, онда елді мекендер мен қандай да бір отырықшы инфрақұрылымның жоқтығынан ол көшпенділердің қалың қолының жолында табиғи кедергі болды. Ақырында тағы бір ауқымды және тиімді шара жүзеге асырылды: печенегтерге олардың отырықшы халықтарға шапқыншылық жасауына себеп болған дүниелерге, атап айтқанда отырықшылардың қолөнері мен егіншілік өнімдеріне қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Дунай қалаларының базарларында тиын ақша, қолөнер бұйымдары мен ауылшаруашылық тауарлары мол болды. Дунай базарлары печенегтерді ғана емес, орыс көпестерін де қызықтырды. Сауданың өсуінен аймақта экономикалық серпіліс болды, бұл жағдай археология деректерінде жақсы көрсетілген.

Алайда көп ұзамай Дунай шегарасындағы бейбітшілік бұзылды. Шамамен 1045 жылы печенег қағаны Тирахқа қарсы көтеріліс жасаған Кеген бастаған екі печенег ұлысы (шамамен 20000 адам) Дунайға жақындап, Византия бодандығын сұрады. Император Константин IX Мономах Кегенді Константинопольде қабылдап, оған патрикийiiяғни патриций атағын берді. Бұл — Константинополь сарайындағы ежелгі құрметті атақ, бірақ уақыт өте келе оның құны төмендеді; патрикий шені қандай да бір лауазымдық функциялармен байланысты болған жоқ, бірақ адамның ірі шенеуніктер аппаратына жататынын (тіпті формалды болса да) және императорға белгілі бір дәрежеде жақындығы бар екенін белгіледі; 10 ғасырдың ортасында осы лауазым иелеріне жылына 12 фунт алтын мен салтанатты киім берілетін, жоғары мәртебелі адамдар үшін бұл аса көп емес еді. Печенегтерге федераттарiiяғни императордың шетелдік одақтастары. ретінде қоныстануы үшін Паристрийдегі аймақтарды белгіледі. Кеген Константинопольде шоқынып, Иоанн есімін алды, ал Константинопольден жіберілген монах Евфимий Дунай суында оның печенегтерін шоқындырды.

1046–1047 жылдың қысында Тирахтың печенегтері мұз болып қатқан Дунайдан өтіп, Византия аумақтарына шапқыншылық жасады. Кеген мен византиялық жасақтар ханды жеңіп, оны көптеген печенегпен бірге тұтқынға алды. Олардың бұл жеңісіне, мүмкін, үйренбеген тамақтан және тым көп шарап ішкеннен шабуылдаушы печенегтердің арасында ауру-індеттің тарауы себеп болды.

Алайда көп ұзамай Тирах печенегтері көтеріліс жасап, Паристрийге қайта оралды, оларға Кегеннің көп печенегі де қосылды. Тирах пен Кегеннің араздығын пайдаланып, печенегтерді айтқанымен жүргізгісі келген византиялықтардың шектен тыс әккілігі тура қарама-қарсы нәтиже берді. Балқанның шығыс бөлігінде келесі бірнеше жылға аласапыран орнады. Печенегтер Фракия мен Македонияны күйретіп, өздеріне қарсы жіберілген Византия корпустарын талқандады.

Печенег портреттері: Кеген мен Тирах

Печенегтердің ішінде олардың көсемдерінің бірі — Иоанн Кеген, бәлкім, ең әйгілі адам болды, қалай болғанда да, Византия тарихшылары Иоанн Скилица мен Иоанн Зонара оны осылай сипаттады. Жоғарыда айтылғандай, ол печенегтердің ішінде бірінші болып Византия бодандығын қабылдап, христиан дініне өтті және византиялық патрикий атағы мен «Печенегияның магистрі мен архонты» лауазымына ие болды. Византиялықтармен бірге өзінің жауы Тирахты жеңіп және оның өзін, шонжарлары мен көп печенегті тұтқынға алған ол императорға олардың бәрін өлтіруге кеңес берді. Алайда византиялықтар бұл ұсынысты «варварлық, зұлымдық және римдік мейірімділікке жат» деп бағалады. Кегеннің талабына қарамастан, Тирах және басқа да ақсүйек печенегтер өлтірілген жоқ, қайта керісінше, империяға қызметке қабылданды. Кегеннің өзі қолға түскен тұтқындардың бір бөлігін құлдыққа сатып жіберді, қалғандарын өлтірді. Осы ісімен ол тайпаластары арасында өзіне көп дұшпан тауып алды. 1051 жылы император Кегенді Византияның жерін ойсыратып жүрген жау печенегтермен келіссөз жүргізуге жіберді. Бірақ Кегеннің басынан бақ тайды, оларға келген бойда печенегтер берген антын бұзып оны өлтіріп, денесін бөлшектеп тастады. Кегеннің византиялық мөрі сақталған, оның бет жағында Иоанн Предтеча бейнеленіп, әулиенің аты жазылған, ал сырт жағында «Жаратқан ием, Печенегияның магистрі және архонты Иоанн Кегенге көмектесе гөр» деген жазу бар.iТолық библиографиясы бар мөрдің басылымы, қараңыз: Jordanov I. Corpus of Byzantine Seals from Bulgaria. Vol. 1–3. Sofia, 2003–2009. Vol. 1. No. 59.1; Vol. 2. No. 307.

Кегеннің жауы Тирах императордың қызметінде көп болған жоқ. 1049 жылы дұшпандық жасап жүрген печенегтерді жуасыту үшін Балқанға жіберілген Тирах жаудың жағына өтті. 1053 жылғы оқиғаға байланысты оны Византия тарихшылары соңғы рет византиялықтарды жеңген жау печенегтердің басшысы деп атаған. Бірақ Иоанн Тирахтың византиялықтарда қызмет еткен кездегі мөрі сақталған. Мөрдің бет жағында әулие Михаил бейнеленген, ал оның сырт жағында мөр иесінің аты мен атағы жазылған: «Жаратқан ием, Өзіңнің құлың, патрикий және стратег Иоанн Тирахқа көмектесе гөр».iМөр Думбартон Оуксте сақтаулы тұр, DO 58.106.5725: https://www.doaks.org/resources/seals/byzantine-seals/BZS.1958.106.5725

Печенегтер княз Святославты өлтіріп жатыр. «Мадридтік Скилица» қолжазбасынан алынған миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

Печенегтер княз Святославты өлтіріп жатыр. «Мадридтік Скилица» қолжазбасынан алынған миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

Печенегтер ордасының ақыры

Печенегтердің тынышталуына даладан олардың ежелгі жауының жаңа шапқыншылық жасауы себеп болды, 1064 жылдың қысында түркі көшпенділері Паристрийге және одан әрі Фракия мен Македонияға кірді. Грек тіліндегі «уз» атауы түркілердің оғыз атауын білдірсе керек. Византия дереккөздерінде аталған уздар 10 ғасырда оңтүстік орыс даласында көшіп-қонып жүрген және орыс дереккөздерінде көп айтылатын қуатты Оғыз конфедерациясына кіретін түркілерге жататын. Орыс дереккөздерінде оларды торкъ, торчинъ, торци деп атаған. 11 ғасырдың ортасында половецтердің қысымымен оғыздардың бір бөлігі орыс княздіктеріне және одан әрі батысқа Дунайға қарай жылжыды. Ақырында византиялықтар алтынның күшімен уз көсемдерінің арасында алауыздық туғызды. Сонымен қатар әдеттен тыс тамақ пен сусыннан уздардың арасында ауру-індет басталды. Қалғанын Византия әскерлері мен олардың печенег одақтастарының шабуылы аяқтады. Тірі қалған уздар Дунайдың арғы жағына қашып құтылды, тағы бір бөлігі империяның жағына өтті. Уз көсемдері византиялықтардан жоғары атақ алды. Византия армиясында жалдамашылар ретінде печенег және уз бөлімшелері пайда болды, оларды «скиф» деген жалпы атаумен атады; бұл жеңіл атты әскер, атты садақшылар еді.

Алайда 11 ғасырдың 70-жылдарында Византия билігі үнемдеу мақсатымен Дунай қалаларына жыл сайын субсидия бөлуді және печенегтерге «сыйлық» беруді тоқтатып, сол арқылы ағаттықпен бұрынғы тыныштандыру саясатының негізгі тіректерін жойды. Анадолыдағы ырың-жырыңға байланысты империяда қатты бюджет тапшылығы қалыптасты. Византия үкіметі бюджетті үнемдеу шеңберінде шығынды барынша азайтуға және Дунай қалаларының базарларына неғұрлым қатаң фискалдық бақылау орнатуға ұмтылған болуы мүмкін. Дунай қалалары мен печенегтер бұған жауап ретінде бүліншілік шығарды. Көшпенділер мен Балқандағы отырықшы халықтың арасындағы тепе-теңдік жойылды, бұған қоса Анадолыны селжұқтардың басып алуы және кейіннен ондағы Византия әкімшілік машинасының күйреуі жағдайды қиындатты. Печенегтер бейбіт халыққа шапқыншылық жасауды жалғастырып, біресе бүлікшілердің жағында, біресе орталық биліктің жағында жалдамалы әскер ретінде ынталанып әрекет етті. Балқанда жыл өткен сайын аласапыран күшейе түсті.

Император I Алексей таққа отырған тұста (1081–1118) қазына толығымен бос болған кезде печенегтерді экономикалық жағынан «тыныштандыруға» бос қаражат қалмады. I Алексей үшін тығырықтан шығудың жалғыз жолы — жеңіске біржола жеткенше соғысу болды. 1088 жылдың жазында император айтарлықтай әскери күш жинап, Дунайға Қара теңіз флотын жіберді. Бұл дайындықтан шошынған печенегтер бейбітшілік сұрады, бірақ Константинополь бұл ұсынысты қабыл алмай, елшілерді тұтқындады. Алайда печенегтермен құрлықтағы шайқаста жеңілген I Алексей тұтқынға түсе жаздап, әрең құтылды. I Алексейдің тұтқынға алынған византиялықтарды босату үшін жеңімпаздарға үлкен төлем жіберуі печенегтердің күтпеген жерден талқандалуына себеп болды. Үлкен соғыстың қарсаңында печенегтер Дунайдың арғы бетінде көшіп-қонып жүрген половецтерден көмек сұраған болатын. Печенегтерге кешігіп көмекке келген половецтер олжаның бір бөлігін өздеріне беруін талап етті. Печенегтер бөлісуден бас тартты және одақтастары тарапынан қанды қырғынға ұшырады.

Алайда бұл жағдай кейінгі жылдарда печенегтердің шапқыншылық жасауын тоқтата алмады. Гректер мен печенегтердің арасындағы шешуші шайқас 1091 жылдың 29-сәуірінде Левуний тауының маңында болды. I Алексей половец жауынгерлерінің қолдауына ие болып, олардың қалың қолы Левунийге келді. Император печенегтер мен половецтердің сөз байласуынан қорықты, бірақ басқа амалы болмаған соң ол печенегтермен негізгі шешуші ұрысқа шықты. Күтпеген жерден қорғанушы болып қалған печенегтер төңкерілген арбалармен қоршалған өз лагерінде қорғануға мәжбүр болды. Көп ұзамай шайқас печенег жауынгерлерін де, олардың әйелдері мен балаларын бірін қалдырмастан жайратуға ұласты. Қанды қырғын күн батқанша жалғасты.

I Алексей Комнин Иса Мәсіх алдында. Миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

I Алексей Комнин Иса Мәсіх алдында. Миниатюра. 12 ғасыр / Alamy

Половецтер мен гректер орасан көп адамды тұтқынға түсіріп, үлкен олжаға ие болды. Тұтқынға алынған печенегтер тым көп болды, сондықтан оларды сенімді күзету мүмкін болмады. Византиялықтар мәлімдегендей келесі түнде гректер олардың едәуір бөлігін кескілеп өлтірді, бұл мұны адамгершілікке жат деп есептеген I Алексейдің еркіне қарамастан жасалды. Осынау қанды қырғынды көріп қатты толқыған половецтердің бір бөлігі алды-артына қарамастан Дунайдың арғы бетіне қашып кетті. І Алексей олардың артынан олжаның бір бөлігін жіберді.

1091 жылдың сәуірінде печенегтердің жер қайысқан қолының ақыры осындай болды. Гректердің бұл жеңісіне арнап жазған қысқа өлеңінде: «Бір күннің салдарында ғана скифтер мамыр айына жеткен жоқ» деп жырланды. Тірі қалған печенегтер Македонияға қоныстандырылды. Олар I Алексейдің әскерінде жеңіл атты әскер ретінде қызмет етті. Печенегтерді жеңгеннен кейін византиялықтар Дунай мен Паристрийде өзінің бақылауын толығымен қалпына келтірді.

Византия жасағы мен сарайындағы печенегтер

Печенегтер Византия әскерінде жеңіл атты әскер және атты садақшылар ретінде қызмет етті, гректер оларды «скиф полктары», «скиф одақтастары» деп атады. Айта кететіні, осы скиф полктарын (печенегтер, сондай-ақ аландар, уздар және половецтер) пайдаланған кезде византиялықтар көшпенділерге тән ұрыс әдістерін: атты садақшылардың жауды күтпеген жерден жаппай атқылауын, жауды торуылдауды және т.б. көп қолданды. Көшпенділердің жылдам тактикалық шегініс техникасын Михаил Пселл ерекше әсерлі сипаттаған: қарсылыққа тап болған печенегтер «…бей-берекет шегініп, жан-жаққа бытырап қашады: біреулері өзенге секіріп, жүзіп шығады немесе иірімге батып кетеді, басқалары қуғыншылардан жасырынып, қалың орманға жасырынады, үшіншілері басқа бір нәрсе ойлап табады. Бірден жан-жаққа шашыраған олар білдірмей әр жерден: кейбіреуі таудан, кейбіреуі шатқалдан, кейбіреуі өзеннен шығып қайтадан бір жерге жиналады». Батыс Еуропаның қаруының салмағы ауыр салт аттыларымен соқтығысқанда византиялық скифтердің мақсаты — жаудың аттары болды, өйткені аттан түскен франктар әлдеқайда осал болды.

Көптеген басқа «өркениетті» халықтар сияқты, гректер де түркі көшпенділерінің тонауға ерекше бейім болғанын байқады, жау тым-тырақай қашқан кезде олар дереу аумақты кезіп, тұтқындарды қолға түсіріп, олжаға батты. Бұл туралы Анна Комнина былай деп дәл атап өтті: «Скиф тайпасы осындай: жауды толығымен жеңбей, жеткен табысын бекітпей, олар тонаумен айналысады да жеңісін құртады». Бір қызығы, гректер одақтас скифтердің талауына кедергі жасамады.

Михаил Врубель. Тұтқындағы қыпшақтар. А. Н. Серовдың «Рогнеда» операсындағы костюм нобайы. 1896 жыл / Alamy

Михаил Врубель. Тұтқындағы қыпшақтар. А. Н. Серовдың «Рогнеда» операсындағы костюм нобайы. 1896 жыл / Alamy

Печенегтер ақсүйек византиялықтардың сарайларындағы үй құлдарының арасында болғаны да айтылады. V МихаилiV Михаил Калафат (1041–1042), Македония әулетiнен шыққан Византия императоры. сарайында оған арнап сатып алынған және евнухқа айналдырылған печенег бозбалалары көп болған. Бұл печенегтер жоғары атақ алды; императорлық оққағарлар бөлімшесі де олардан құрылды. Византия қоғамында печенег-грек аралас некесінде туған балалар да болды.