Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

Ай сөз: Дуров

Армандар қайда жетелейді?

Павел Дуров Сан-Францискода өткен TechCrunch ( TechCrunch Disrupt SF 2015) стартаптар басылымының конференциясында. 2015 жылғы 21 қыркүйек / Стив Дженнингс / Getty Images for TechCrunch

Qalam редакциясы айына бір рет қоршаған әлемді түсінуге арналған маңызды сөзді таңдап алып, оның мағынасына бойлауға тырысады.

Кеңестік билік пен стилистикалық қайшылықтар туралы ескі диссиденттік нақыл сөзді қай режимге қарата айтсақ та, өзекті болмақ. Осылайша Павел Дуровты Ле Бурже әуежайында ұстап алған кезде, көпшілік, ең алдымен, осы стилистикалық ала-құлалыққа наразылық танытты. Аталмыш либертарианға француз либертінің күні кеше ғана спорттық ойындар рәсімінде ой еркіндігінің ең батыл мысалдарын көрсеткен қалада соққы бергенін қалай түсінуге болады?

Негізінде, Дуров өз ұстанымының күшімен және Францияның Құрметті азаматы болғаны үшін олимпиада ойындарының жабылу салтанатында аспаннан алтын Люцифер кейпінде түсуіне болатын еді. Алайда шат-шадыман көгілдір Дионистің орнына шытырманға шырмалған миллиардердің алдынан Сент-Тропестік көзі шытынаған жандарм шыға келді.

Мәскеудегі Франция елшілігінің жанында Павел Дуровты қорғайтын қағаз ұшақтар. 26 тамыз 2024/Vlad Karkov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Мәскеудегі Франция елшілігінің жанында Павел Дуровты қорғайтын қағаз ұшақтар. 26 тамыз 2024/Vlad Karkov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

2012 жылы Павел Дуров өзінің Санкт-Петербургтегі кеңсесінің терезесінен бес мыңдық купюралардан ұшақ жасап ұшырғаны бар, сол кезде төменде жиналғандардың жанашыр реакциясы байқалған. Ал осы қамауға алынуы да сол жайтқа ұқсас әсер етті, тек мұнда ақшаға қатысты абыр-сабырдың орнына идеялардың құлдырағанын байқап отырмыз.

Егер Такер Карлсонға берген сұхбатында Дуров тағдырдың мәңгілік қос айырық екенін меңзеп, екі орындықты мысқылмен көрсетсе, қазір орындықтар тарақанша таралып жатыр және есірткінің заңсыз айналымынан бастап заңсыз транзакцияларға дейінгі айыптауларда есеп жоқ.

Дуров оқиғасы — бұл нағыз конспирологиялық тотализатор. Сондай-ақ сан тарапқа шашыраған, әрқайсысында бұлтартпас сан түрлі дәлелді із қалған соқпақтар. Олардың қандай іздер екенін тізбектеп жазайық. Мәселен, крипта ізі — Дуровтың TON блокчейнін өздігінен дамытып жатыр, бұл болашақ БРИКС валютасы мәртебесіне ие болады деп болжанған және Америка Құрама Штаттарындағы тиісті билік органдарын қатты күйзелтті. Одан кейін Трамп ізі — Дуров платформасында белсенді түрде орналасқан Америкадағы оңшыл лагерьден гөрі кеңірек. Кремль ізін қосыңыз. SVO ізі және бар, мұнда Telegram — негізгі байланыс құралы. Баку ізі (Дуров Парижге осы Бакуден келген еді) — президент Әлиев Жаңа Каледония сепаратистеріне демеушілік жасады деп айыпталғаннан бері, бірақ Францияның Армениямен байланысы анық. Газа ізі — сол баяғы Палестинаны қолдайтын телеграм каналдар. Бұл қатарға ынтымақтаcтық орнатқысы келмегені үшін реніш танытқан Макронды қосыңыз, ол Дуровты сол үшін ордер шығып қойған елге тартты. Тағы да криптокоуч Юлияның ізі. Ақыр соңында, Дуровтың өз ізі, кейбір нұсқалар бойынша, ол еуропалық сот төрелігін америкалық және ресейлік әділеттіліктен артық көріп және өзінің Еуропадағы өнертабысының өсімін күшейтуге келген сыңайлы. Кейбіреулері тіпті оның Парижге сапарын 1941 жылы британдық билікпен келісім жасау мақсатында келіп, бірақ мүлдем керісінше шешім шығарған министр Рудольф Гесстің сапарымен салыстырып жатыр.

Павел Дуров ат үстінде. Фотосурет Дуровтың Instagram-да 2018 жылы Ресейде Telegram-ды бұғаттау туралы жаңалықтардан кейін жарияланды. Қолтаңба: «Толығымен еркін болу үшін бостандық үшін бәрін тәуекел етуге дайын болу керек»/Фото: Павел Дуровтың Instagram парақшасынан алынды

Павел Дуров ат үстінде. Фотосурет Дуровтың Instagram-да 2018 жылы Ресейде Telegram-ды бұғаттау туралы жаңалықтардан кейін жарияланды. Қолтаңба: «Толығымен еркін болу үшін бостандық үшін бәрін тәуекел етуге дайын болу керек»/Фото: Павел Дуровтың Instagram парақшасынан алынды

Дуровтың соңынан ерген сөз тым көп, ал оның өзімен стилистикалық қайшылықтар жеткілікті. Бірақ адам түрмеге тоғытылмағанымен, қандай да болмасын тұтқынға ілігіп жатқанда, онда оның қателіктерін талқылап, мінін теру — адамгершілікке жат қылық (бірақ ол өзі де бір кездері қамаудағылар туралы теріс сөйлеуден тартынбаған). Сондықтан алдағы сот шешімін күтіп, біз де бір ғана аналогия келтіре кетуді жөн көрдік:

Мемге айналған тағы бір фотосурет. Дуров Instagram-да Марк Аврелийдің «Біз қазір істеп жатқан нәрсе мәңгілікке жауап береді» деген жазбаларынан үзінді келтірді / Фото: Павел Дуровтың Instagram парақшасынан алынды

Мемге айналған тағы бір фотосурет. Дуров Instagram-да Марк Аврелийдің «Біз қазір істеп жатқан нәрсе мәңгілікке жауап береді» деген жазбаларынан үзінді келтірді / Фото: Павел Дуровтың Instagram парақшасынан алынды

Ежелгі либертариандық «Атлант сілкінді» (ескерту: орыс. «Атлант расправил плечи») деген ұранды Дуров тура түсініп, инстаграм қолданушыларына өз тәнін жария етті. Оның жаһандық белсенділігі — бұл да саяси биохакиңнің бір түрі. Қазіргі әлемде бақылаусыз ақпараттық желі құру — бұл қартаю процесін баяулатуға, сыртқы зиянды әсерлер мен субстанциялардан бас тартуға ұмтылыс секілді әлемдік құрылым қағидаттарынан аттап өту әрекетіне тең. Шын мәнісінде оны жасаған істері үшін емес, жасаудан бас тартқан істері үшін айыптап жатыр. «Сөз еркіндігі» деген сөз тіркесінің өзі әлдеқашан оксюморонға айналған әлемде енді не еркіндіктің, не сөздің қуаты белгілі бір шамадан аспайды. Ал «Дуровқа бостандық берілсін» деген ұранның әлі де мағынасы мен салмағы бар деп үміттенеміз.

Ал зұлым француздарға келетін болсақ, Серж Гейнсбург 70-жылдардың аяғында-ақ кейбір трансшегаралық жеделхаттардың қайғылы тағдыры туралы бәрін айтып кеткен:

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы