Фариза
Нұрлан Килибаев
Сурет дербес коллекцияда орналасқан
«Фариза» картинасының халық арасында кең таралған тағы бір аты — «Анар ұстаған қыз». Бұл арудың бейнесі алматылықтарға әбден таныс шығар. Себебі осы сурет шаһардың сәнін келтірген талай билбордтарға бірнеше рет ілінген. Картина авторы, жергілікті құрметті суретші Нұрлан Килибаев бір сұхбатында: «Фаризаның» жарыққа шыққалы аз уақыттың ішінде кең танылып, үздік әрі іргелі туындыға айналуының себебін нақты айту қиын», – дейді.
Иә, шебер бейнеленген сұлу қыз (Фариза деген — натурашы студент қыз. Суретке сол қыздың кескінін түсіріп, картинаны сол қыздың есімімен атаған). Иә, қызыл түстердің реңктеріне негізделген қанық бояулы, толқытарлық колорит. Бұл — еуропалық стиль мен азиялық рухтың жаңаша әрі сәтті үйлесімі. Содан «еуразиялықты» бейне жаралды. Осы «еуроазиялықтың» нақты не екені туралы көп айтылып жүр.
Бірақ сол анықтамаларға сәйкес келетін қаншама туынды дүниеге келсе де, дәл осы «Фариза» аз уақытта халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, соншалықты танымал әрі құнды картинаға айналғанының сыры неде?
Мұның жауабын Джоконданың күлімсіреген жүзіндегі терең құпия сырды ашуға тырысқандай іздеуіміз керек шығар. Фаризаның да жүзі мінсіз салынған, бірақ онда қандай эмоция бейнеленгенін тап басып айта алмайсыз. Біреуі қыз қайғыға батқан дейді, екіншісі ойлы жүзін аңғарды, үшіншісі бұл ару ашулы деді, төртіншісі құмарлықты байқады, бесінші біреу қыз жүзінде үрей бар десе, алтыншысы келіп, нәзіктікті көреді.
Иә, «Фариза» баурап тұрып қорқынышты әсер етеді. Қызыл тақия мен қан түстес анар күңгірт экспрессияға тиесілі. Сондай-ақ қабығы жартылай аршылған, сөлі аққан жемісті ұстаған бұралған саусағы бірден көзге түседі. Бұл ажал құдай-анасы Персефонның жемісі екенін ескеріңіз. Ісінген беті мен үлбіреген ерні, болар-болмас күлімсірегені, бетінің бір жағы — сәбидікіндей томпақ беті ежелгі сұсты көздің даналығына керемет кереғарлық болады. Бұл балғын сұлу бейне әлсіз әрі қауіпті.
Картина әсемдік элементтермен көмкерілген, тіпті ұлттық ою-өрнектер артықтау болып көрінеді. Өрнектердің болмашы бөлігі фонда көрініс тапқан. Бұл интерьер кескіндемесінің талаптары ретінде қабылданбайды. «Фариза» ұлттық иіс аңқыған жарқын сұлу суреттерден әлдеқайда мағыналырақ. Оның білезіктері мен сақиналары — өмір мен өлімді басқаратын ежелгі хтоникалық құдай-аналардың ажырамас бөлігі саналады. Мұнда жер жүзіндегі дәстүрлі миф, яғни айдың үш фазасы көрініс табады: жаңа туған ай, толған ай және ескі ай. Бұл әйел өмірінің үш кезеңіне — қыздың бойжеткен шағы, толысқан әйел және кемпір гипостаздарына сәйкес келеді дейді. Бойжеткен тәкаппарлықты, толысқан әйел құмарлықты, ал кемпір даналық мағынасын меңзейді. «Фаризада» әйел осы гипостаздардың үшеуі де қамтылған. Әрине, тіпті өнер мен мифологиядан алыс адам да картинаға мұқият қарар болса, осы айтылған диссонансты, жасырылған жұмбақты сезінері анық.