Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

Қыз алып қашу туралы

Қызды еріксіз әкету

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» 1937 Кенеп, май/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев. «Қыз алып қашу» (1937).

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі

Экзогамдық неке практикасыныңiяғни, басқа ру, тайпа немесе тіпті өзге халықпен туыстық емес неке ұрпақ денсаулығына қаншалықты пайдалы әсер еткені турасында ұзақ айтуға болады. Антропологиялық тұрғыда жақын туыстық некеден гөрі қалыңдық ұрлау неліктен ілгері қадам саналды?

Қалай болғанда да қоғам дамып, жолдар салынып, жекелеген елді мекендер арасындағы қатынастар жақсарған сайын қалыңдықты дәл осылай жартылай жабайы формада алып қашу қажеттігі жойылды. Қыз алып қашудың архаизмге, көп адамға қайғы әкелетін қылмысқа айналғанына да біраз болды.

Қалыңдықты қыздың алдын ала келісімімен ғана ұрлаған дейтін романтикалық түсінік пен алып қашу — жас ғашықтардың бірге қашуының бір жолы ғана дейтін ұғымның мейлі жүз немесе екі жүз жыл бұрын болған алып қашуға қатысты шынайы оқиғаларды зерделегенде күлі көкке ұшады.

Сабинденді алып қашу.«Патшайым кабинетіндегі» фреска егжей-тегжейі. 1655–1658. Лувр, Париж/Wikimedia commons

Сабинденді алып қашу.«Патшайым кабинетіндегі» фреска егжей-тегжейі. 1655–1658. Лувр, Париж/Wikimedia commons

Қыздарды негізінен екеуара сезімнен үмітсіз, көбіне кедей әрі отбасын асырауға қолы қысқа ер адамдар алып қашатын.iбұл, әрине, ұрланған қыздың жағдайын жақсартпайтын Тіпті, екінші немесе үшінші әйел ретінде алып қашатын. Қыздарды құқығы жоқ әрі тәуелді қызметшіге айналдыру үшін ұрлайтын, себебі «ұятқа қалған» қыз алып қашқан адамның билеп төстеуінде болатын. Тіпті, енді ғана бойжеткен, балалықтың қызығын көріп те үлгермеген жас қыздарды да алып қашатын еді, мұндай қатігездік оларды балғын балалық шақтан айыратын.

Дәл осы «романтикалық қалыңдық ұрлау» дегеннің шынайы бейнесін бізге Қазақстанның нөмір бірінші қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің шығармасы көрсетеді. Көз алдымызға махаббат хикасының шебер кескінделген антуражы емес, қатігез зорлық-зомбылықты ғана алып келеді. Қараңғы түнде лап қойған ұрылар барымта ережесіне сай әрекет етіп, «қансыз шабуыл» жасайды. Қан төгілмес үшін болса керек, ешкімнің қолында қылыш немесе қанжар жоқ, бірақ ұрылардың қолын ұзартқан бұл қамшы темір гүрсіден де өткен қорқынышты қару. Сол қамшымен ұрылардың бірі алып қашып жатқан қыздың әпкесін не тәтесін ұрады. Бұған қоса біз артқы фоннан көрші тұрған киіз үйдің артында қаруланып тұрған тағы бір ұрыны көре аламыз, ол қылышын сайлап, айғайға салып шыққан адамға төніп келуге дайын тұрғандай.

1 / 2

Іш киімімен қол-аяғы байлаулы жатқан қыздың әкесі дәрменсіз жерде құлап жатыр. Жұлқыласып бар дәрменінен кішкентай әрі нәзік баладай қызын босатып алуға тырысып жатқан анасының омырауы ашылып, құлап түсіпті. Қорқыныштан көзі шарасынан шығайын деп тұрған қыз айқайлап, жылап жатыр. Киіз үйден ұрылар заттарды асығыс шығарып жатыр, бейне бір «қайырым» танытып тек қыздың киімдерін сұрыптап алып жатқандай — жерде ер адамның киімдері шашылып жатыр.

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» суретінің үзіндісі. 1937/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» суретінің үзіндісі. 1937/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

«Күйеу» аттан еңкейіп олжасын құныға тартып өңгермекке бейіл — бүкірейген ол қараңғыда көздері жалт-жұлт еткен жабайы жыртқышты еске түсіреді. Суреттің оң жақ шетінде тұрған қара ит, болашақта қыз бен оның отбасына төнген қайғы-қасіретті сезгендей ұлып тұр.

Әбілхан Қастеев. «Қызды күштеп алып кету» суретінің үзіндісі. 1937/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев. «Қызды күштеп алып кету» суретінің үзіндісі. 1937/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Қайта қайта жамалып, тозығы жеткен киіз үйге зер сала қарағанда қыздың кедей үйден шыққанын аңғаруға болады — әкесінің де алып қашқан адамның сазайын бергізетін немесе ықтиярсыз барған жерінде қызының өмірін, ең болмаса, күшпен, ақшамен жеңілдетер мүмкіндігі де болмайтыны көрініп тұр.

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» 1937  Кенеп, май/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев. «Қызды еріксіз әкету» 1937 Кенеп, май/Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы