Тақта отырған мумия

Португалияда мәйітті таққа отырғызуды қашан және қалай шешті

Пьер-Шарль Конт. 1361 жылы Инес де Кастроның мәйітінің таққа отыруы. 1849 жылы салынған сурет/Wikimedia commons

Картина Лион бейнелеу өнері мұражайында тұр.

Сіз бәлкім тақта отырған әйелдің омыртқасы зақымданған, сондықтан сақалды ақсүйек мырзаның сәлеміне сәйкесінше жауап бере алмай отыр деп ойлауыңыз мүмкін. Жоқ, шындығында әлгі әйел алты жыл бұрын қайтыс болған, ал рыцарь суық әрі жартылай шіріген қолды сүйіп тұр. Сән-салтанатқа сай киінген адамның бәрі мұндай қорқынышты жағдайдға қалай тап болғанын біз бүгін әңгімелеп береміз.

Ер адам өлген патшайымның қолын сүйіп отыр/Wikimedia commons

Ер адам өлген патшайымның қолын сүйіп отыр/Wikimedia commons

Инес де Кастро немесе португал тілінде Инеш де Каштру — асыл текті испан отбасынан шыққан дон Педроның қалыңдығы, артынша жары атанған Констанс Мануэль ханшайымының қызметшісі болған. Он екі жасар Инес ханшайымның қасында Испаниядан Португалияға 1336 жылы келеді.

Инес расымен көз тартар сұлу болған деп болжауымызға толық негіз бар. Біріншіден, оған көп ұзамай ханшайымның күйеуі дон Педра ғашық болып қалады. Екіншіден, қыздың асқан сұлу болғаны туралы көптеген қолжазба баршылық. Оның терісінің әппақ болғаны сонша, ол ішкен қызыл шараптың тамағынан қалай жылжып бара жатқанын байқауға болады дейді кей аңыздар. Медициналық тұрғыдан бұл мүмкін емес, десе де ақиқатқа асқан құрмет көрсетпеу үшін аңызға иек артатынымыз рас қой.

Кинта да Регалейра патша залындағы Инес де Кастроның портреті (Португалиядағы сарай кешені). 19 ғасыр/Wikimedia commons

Кинта да Регалейра патша залындағы Инес де Кастроның портреті (Португалиядағы сарай кешені). 19 ғасыр/Wikimedia commons

Инестің әпкесі Хуанаға тағы бір тәж иесі, Кастилия патшасы — Педро Бірінші ғашық болып, отбасының, тіпті Қасиетті Тақтың қарсылығына қарамастан, бұрынғы әйелін тастап, бойжеткенге үйленеді. Кастро отбасының қыздары расымен өте сұлу болса керек.

Инес ханзаданың ерекше ілтипатына жауап қатты ма? Мұнда деректер әртүрлі сөйлейді. Кей дереккөздер бойынша қыз ханзаданың әйелінің көзі тірі кезінде оның көңілдесі болған, кей деректер ханзадының бетін қайтарған деп жазады. Біз Инестің Педроның әйелі Констанс ханшайымымен өте жақын болғанын білеміз,iТіпті оның сәби кезінде шетінеген тұңғыш ұлы Луистің кіндік шешесі болған. бұл екінші нұсқаға дәлел.

Констанс өмірден өтіп, оның орнына таққа Португалия тәжінің мұрагері инфант Фернанду отырғаннан кейін, ол көп созмай Инеске жасырын үйленеді. Ол бұл некенің расымен шындыққа жанасатынын айтқан, алайда оны растайтын құжаттар табылмаған. Констанс өмірден өткеннен кейін он айдан соң Инес пен Фернандудың тұңғыш ұлы дүниеге келеді.

Біраз уақыт ерлі-зайыптылар өздерінің қарым-қатынасын көпшілікке жария қылмай әрі Инесті ресми түрде көпшіліктің мойындауынсыз тыныш өмір сүрді. Инес Педроға үш ұл, бір қыз туып берді. Ол үшін арнайы салынған шалғайдағы сарайда өмір сүріп, мемлекеттік істерге араласқан жоқ.

Эжени Сервьер. Инес де Кастро балалармен бірге Афонсу патшаның алдында тізерлеп отыр. 1822/Wikimedia commons

Эжени Сервьер. Инес де Кастро балалармен бірге Афонсу патшаның алдында тізерлеп отыр. 1822/Wikimedia commons

Бірақ қайын атасы, дон Педроның әкесі, Португалия королі Афонсу IV(1325-1357) Инесті жақын тартпады. Инфант Фернанду Педроның бірінші әйелінен туған ұлы әрі тақтың заңды мұрагері, ал атасы Инестен туған ұлдар мұрагердің таққа отыруына кедергі келтіреді деп ойлады. Ақылды әрі сыпайы, ақсүйек қауымға жағатын, сондай-ақ дон Педроға орасан зор ықпал ете алатын, көзі тірі аналары Инес тұрғанда оның балалары Фернандуды тақтан тайдырып, азаматтық қақтығыстарға, соғыстарға және басқа да қиындықтарға бастауы бек мүмкін.

Инес балаларымен бірге Әулие Клара монастыріне жіберілді, яғни турасын айтқанда тұтқынға алынды. Ал 1355 жылы ұлын мемлекеттік істерді желеу етіп, шалғайға аттандырған Афонсу келініне келеді. Құлағына жағымсыз қауесет тиген Инес патшаның аяғына көз жасын көлдетіп, бас иіп, өзін әрі балаларын аяуды сұрап, жалынған көрінеді. Патша кетіп қалады, бірақ бірнеше күннен кейін Инесті айналасындағылар тұтқынға алып, дереу айыпталады да, басы шабылып, жерленеді. Бірақ балалары тірі қалады, Афонсу перзенттерін аяп, олардың өміріне қастандық жасамайды.

Колумбану Пиньейру. Инес де Кастроның өлтірілуі. 1901/Wikimedia commons

Колумбану Пиньейру. Инес де Кастроның өлтірілуі. 1901/Wikimedia commons

Әйелінің тағдырынан хабар алған дон Педро әкесіне қарсы қарулы көтеріліс жасап, соғыс екі жылға созылады. Ақыр соңында Афонсу өз өлімімен өмірден өтеді.

Таққа отырған Педро алдымен Инесті өлтіргендерді іздестіруді қолға алады, олар әлбетте елден қашып кеткен еді. Десе де бірнешеуі табылып, тұтқынға алынады. Аңызға сенсек, патша оларға аса азапты жаза тағайындап, жүректерін өз қолымен суырып алған көрінеді.

Бірнеше жылдан кейін 1361 жылы патшаның бұйрығымен Инестің денесі қабірден қазылып, денеге шабылған басты жалғап, сән-салтанатпен киіндіріп, әйелді таққа отырғызады. Артынша рәсім өтеді: Педро Инестің шіріп кеткен саусақтарын сүйеді, сосын оны заңды патшайым деп жариялайды, содан кейін барлық сарай қызметкерлері бірдей ант берді.

Осы қорқынышты оқиғадан шабыт алған жазушылар (олардың қатарында Камоэнс пен Гюго бар) бұл көріністі азаптан ақыл-есінен адасқан патшаның махаббатының дәлелі ретінде жазады. Ал тарихшылар мейлінше дәлелге жүгінетіні рас. Біріншіден олар қайтыс болғаннан кейінгі ұлықтау рәсімі ойдан шығарылған болуы мүмкін деп санайды (қазіргі деректерде ол туралы әңгіме қозғалмайды, тек кейін пайда болған құжаттарда ғана бар). Бірақ тәж кию рәсімі болған күннің өзінде ол саяси шешім болуы мүмкін. Инесті ұлықтау рәсімі арқылы Педро онымен некеде болғанын (қайтыс болса да), сәйкесінше одан туған сүйікті ұлдарының заңды балалар екенін дәлелдеген.

Оның үстіне ұлықтау рәсімі Педро таққа отырғаннан кейін үш жылдан соң болған, ал ол уақытта Педро кезекті сүйіктісінен ұлды болған. Айтпақшы, осы ұлы яғни Жуан Португалияны азаматтық соғысқа бастаған ұзақ жылғы азаматтық қақтығыстарды жеңіп шығып, португал әулетінің мұрагері атанады. Педро өмірден өткен соң, Афонсудың күдігі расталып, ұлдары тақ үшін күрес бастайды.

Карл Брюллов. Инес де Кастроның өлімі. 1834/Wikimedia commons

Карл Брюллов. Инес де Кастроның өлімі. 1834/Wikimedia commons

Тарихи кескіндемеде Инес де Кастроның өмірбаяны өте жақсы баяндалған, яғни көптеген суретші сол өмірбаянға мойын бұрады (мысалы Карл Брюлловтың әйгілі «Инес де Кастроның өлімі» картинасы). Дегенмен франуздың тарихи суретшісі Пьер-Шарль Конттың кенебінде Инестің бейнесі өзіне ғашық ханзададан қысылып, теріс айналған ұялшақ қызметші, не болмаса балаларын аяуды сұрап жалынған ана бейнесінде емес, сарай қызметшілерінің де, көрермендердің де бойына үрей ұялататын мумия бейнесінде көрініс табады. 1849 жылы өте жас суретші салған картина тек сенсация ғана емес, оның беделіне дақ түсірді, себебі буржуазияшыл қоғам оған жылы қабақ танытқан жоқ. Ал әрі қарайғы мансабында Пьер-Шарль төл тарихи шығармалары үшін мейлінше лайықты тақырыптарды таңдай бастады, ол қатарда «Франциск бірінші Фонтенебло тоғанындағы бақаның алқымына жүзік өткізуде» деген туындысы бар.

Пьер-Шарль Конт. 1361 жылы Инес де Кастроның мәйітінің таққа отыруы. 1849 жылы салынған сурет/Wikimedia commons

Пьер-Шарль Конт. 1361 жылы Инес де Кастроның мәйітінің таққа отыруы. 1849 жылы салынған сурет/Wikimedia commons

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы