Аспандағы Темірқазық

Поляр жұлдызының петроглифте бейнеленуі

Ғалам ағашы және қос жылқы. Құлжабасы/Ольга Гумирова

Қазақтар Поляр жұлдызын «Темірқазық» деп атайды, ал оған байланған «аспан жылқыларын», яғни жақын орналасқан екі жұлдызды «Ақбоз ат» және «Көкбоз ат» деп біледі. Бұл туралы көпшілік жақсы хабардар. Бірақ аңыздың қашан пайда болғаны туралы сұраққа ғалымдар әлі нақты жауап бере алған жоқ. Дегенмен болжамдар бар.

Қазақстан петроглифтерінде осы аңызды еске түсіретін көрініс тіркеліп, сипатталған. Бұл бейне — күрделі әрі көлемді композицияның бір бөлігі. Ол Жамбыл облысының Шу-Іле тауларындағы Құлжабасыда орналасқан.

Құлжабасы/Ольга Гумирова

Құлжабасы/Ольга Гумирова

Петроглиф желден қорғалған, жайлы шатқалдың тереңінде сақталған. Шатқалдың түбінде мөлдір таза бұлақ ағып жатыр, оның жағасында жалбыз және басқа да хош иісті дала шөбі қаулап өсіп тұр. Шатқалдың жоғары жағында бір кездері үлкен әрі көне қоныс болған екен. Мұнда қазба жұмыстары әлі жүргізілген жоқ, бірақ табылған материалдарға қарағанда, қоныста адамдар қола дәуірінен жаңа заманға дейін өмір сүріпті.

Құлжабасыдағы археологтардың лагері/Ольга Гумирова

Құлжабасыдағы археологтардың лагері/Ольга Гумирова

Шамамен 180x200 см өлшемдегі үлкен тас тақтаның жоғарғы жағында байлаулы екі ат бейнеленген. Жылқының бірі шідерленіп тұр — бұл құрбандыққа шалынатын жануарды бейнелеудің ежелдегі дәстүрлі тәсілі және аттардың басқа емес, өте шартты түрде бейнеленген төрт бұтағы бар ағашқа байланғанына зер салу керек. Оны Ғаламдық ағаш бейнесі деп санауға әбден негіз бар.

Әлемдік ағаш және екі жылқы. Құлжабасы. Сурет/Ольга Гумирова

Әлемдік ағаш және екі жылқы. Құлжабасы. Сурет/Ольга Гумирова

Петроглифке ғарыштық сипат беруге бұл да жеткіліксіз деп ойлайсыз ба? Астрономиялық зерттеулер әзірге толық жүргізілген жоқ, бірақ ағаш діңін шартты түрде көкке созып, жұлдызды аспанның ең биік нүктесіне жеткізсеңіз, Темірқазық тұрған орынға дәл түсесіз. Бұл сәйкестікті жәй ғана кездейсоқтық деп қабылдау қиын. Петроглифтегі сурет ежелгі аңыздың көрінісі ме, әлде сайын далада теңізшілер секілді жұлдызға қарап жол тапқан көшпенділерге бағыт-бағдар беретін практикалық құрал ма — оны әлі де анықтай түсу қажет.

Демалыс. Еріктілер тобы жетекшісі А.Н.Маряшевпен/Ольга Гумирова

Демалыс. Еріктілер тобы жетекшісі А.Н.Маряшевпен/Ольга Гумирова

Археологтар бұл петроглифті ерте темір дәуіріне, яғни шамамен б.з.д. 5–7-ғасырларға жатқызады. Демек «Темірқазық» туралы аңыз бізге сақ дәуірінен жеткен асыл мұра болуы әбден мүмкін.

Шу-Іле тауларының флорасы/Ольга Гумирова

Шу-Іле тауларының флорасы/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы