Қола дәуіріндегі қасқыр-адам
Алматы облысынан табылған қасқыр-адам
Көк бөрі культі Қазақстан жерінде түркілердің келгеннен кейін пайда болды деген жалпылама түсінік бар. Алайда Таңбалы-тас, Құлжабасы, Аққайнар және басқа да петроглифтер шоғырындағы кейбір көріністерге қарай отырып, бұл нұсқаға күмән келтіреміз.
Бөрінің бетбейнесін жамылған адамдардың Құлжабасыi
Ал енді ойлап көрейік, 4 мың жыл осы суретті саларда, кімге қарап салды екен?
Жыртқыш әрі ақылды аң қасқыр бейнесі бұрын да қасиетті саналып, қазір де көптеген халықтарға, соның ішінде түркілер үшін қастерлі. Ол культтік кейіпкер ғана емес, сонымен бірге белгілі бір әлеуметтік рөл атқарды, яғни қасқырларға ұқсауға да тырысты. Бұрын ерекше ерлер одақтарының немесе бауырластықтардың бар екендігі туралы тарихи және этнографиялық дәлелдер сақталған, олардың мүшелері өздерін қасқырлармен байланыстырып қана қоймай, қасқыр бетперделері мен терісін жамылып және айтулы оқиғаларда, мысалы, шайқастарда киген, осы аң секілді ырылдап, осы аң секілді ұлитын болған. Мұндай бауырластықтар скифтер мен ежелгі немістер арасында құжатталған. Ал Солтүстік Еуразияның көптеген халықтары, соның ішінде Кавказдағы дидойлар мен татарлар, 20 ғасырдың басында қараша, желтоқсан айларында ерекше мерекелерді атап өтті, олардың басты кейіпкерлері қасқыр терісін жамылған жас жігіттер болды.
Мифтер мен аңыз әңгімелердегі қасқыр бейнесі тайпа басшысының немесе ата-бабасының бейнесімен де тығыз байланысты. Атап айтсақ, Кир патшаны асырап-баққан құртқа туралы ежелгі ирандық аңыз, Ромул мен Ремді емізіп өсірген Капитолий қасқыры туралы римдік миф, сондай-ақ қасқырдың өзі құтқарып, бағып-қаққан, кейін оның әйелі болып, он ұл туып беріп, түркі халықтары шыққан бала туралы түркі аңызы бар.
Аққайнардағы адам-қасқыр қандай ежелгі аңыздың кейіпкері болғаны, оған кімдер табынғандығы әлі анықталған жоқ. Бірақ бір кездері бұл тауларда алдымен сақтар, кейін түркі тайпалары қола дәуірінен қалған осы бір пантеон персонаждарына үлкен құрметпен қарағаны және бірнеше рет оларды мұқият қайта жаңартқандары нақты болатын.