Әлемдегі ең әдемі түс

Оны кім және қалай ойлап тапты

Marrs Green түсті қағаз тікұшақтар. Хамбер-стрит, Лондон. 2017 жыл/Alamy

Шотландия өзенінен алынған бұл әдемі түс жүзден астам елдің тұрғындарын тамсандырған.

Ұлыбританияда жүз елу жылдан бері G.F Smith деген қағаз өндіретін алпауыт компания жұмыс істейді. Бұл компания қағаз өндірісінің қыр-сырына әбден қанық, яғни мұндағы өнімдердің текстурасы мен түр-түсі сан түрлі, қағаз жасау тәсілдері аса күрделі әрі сан алуан. Тіпті, олардың өз мұражайы бар және ауқымды халықаралық байқаулар мен сауалнамалар да өткізіп тұрады. Мәселен, World's Favourite colour жобасы аясында 2017 жылы әлемнің жүзден астам елінен мыңдаған адамдар сауалнамаға қатысты.

Қатысушылар түстер каталогынан ең тартымды, көзге жағымды, көрген адам қайта-қайта қарағысы келетін әдемі түске таңдау жасаған.

Сауалнама нәтижесінде көш бастаған жаңа түстердің бірі Marrs Green болды. Көріп отырғаныңыздай, бұл түс — жасыл, сұр және көк түстердің ерекше үйлесімі.

Оны бірнеше жыл бұрын шотландтық суретші Энни Маррс ойлап тапты. Ал суретші бұл реңкті Шотландиядағы Тей өзенінің суынан байқаған деседі. Энни «қуаныш, балғындық пен қатаңдықты» шебер ұштастырған.

Иә, «бұл түсті Энни Маррс ойлап тапты» дедік қой, алайда оған дейін ешбір жан жапырақтардан, ағаштардан, теңіз толқынынан немесе компьютер экранынан осыған ұқсас түсті көрген жоқ деуге болмайды.

Бірақ дәл осы реңкке басқа да түстерді араластырып, бекітіп, бүгінге дейін жеткізген Энни еді. Ал G.F Smith аталмыш түсті каталогтағы хиттердің біріне айналдырды және қазіргі уақытта Marrs Green — дизайнерлер ең әдемі деп таныған түстердің бірі.

Marrs Green түсті тауарлар бар дүкен / Alamy

Marrs Green түсті тауарлар бар дүкен / Alamy

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы