Берлин лазурі

Екі жөліктің арқасында импроссионистер «аспан түсін» тапты

Эдвард Мунк.Жұлдызды түн/Wikimedia Commons

Бұл таңғажайып түстің тарихында алаяқтар-жөліктердің атқарған рөлі зор. Импрессионистердің сүйікті реңкіне айналған берлин лазурінің пайда болуы, өкінішке қарай, фашистердің қатыгездігінің қатысы бар.

Мазмұны

Тыртық қыламын деп, артық қылған

Мұның бәрі 1706 жылы басталды. Берлин лазурін жасағае Иоганн Якоб Дисбахтың қызыл бояу жасау үшін кохин ерітіндісін тұндыруға пайдаланған калий заты таусылып қалған. Сөйтіп, жұмысы тоқтап қалған соң түгесілген қорын көршісі, алхимик Иоганн Конрад Диппелден алып толтыруды ұйғарды. Ал Диппелдің қолында сапалы сақар (калий) болмай шығады. Сонда да ол «жоқ» демей, тәрбиені тайллаққа жегіп, бір кездері буыны сырқырағанда емге пайдалан ең жақсы сусын болып саналған, сүйек майын тазарту үшін қолданылған дəрі-дəрмекті сұрап келген көршісіне алдап ұстата қояды. Кейін Дисбах алаяқ көршісіне қайта айналып келіп: «Маған не сатқанысың өзі?» – деп сұрайды. Ең қызығы, бұл сөзді сатып алушы мүлдем ашуланбай, керісінше, аса таңдана айтқан-ды. Таңданбағанда ше! Кəдімгі қызыл түстің орнына оның ретортасында əдетте суретшілер шығара алмай дал балатын керемет көк түсті тұнба пайда болған еді. Ол бояуды ляпис-лазулиден де, азурит, кобальттан де, тіпті өсімдік бояғыштарынан да ала алмайтын еді.

Осыншалық «сәтті алданған» Дисбахтың аты тарихта қалды. Кездейсоқ ашқан олжасынан қандай да бір пайдаға кенелді ме, жоқ па – ол жағы енді белгісіз.

Иоганн Конрад Диппель/Wikimedia Commons

№1 теолог, алхимик әрі жөлік

Содыр Диппел бұл жаңалықтан пайда көруге болатынын бірден аңғарды. Бір деректерге сүйенсек, ол Мэри Шеллидің əйгілі романындағы Виктор Франкенштейннің прототипі болған. Диппелдің өзі фамилиясына «фон Франкенштейн» деп жалғап алды, яғни Франкенштейннен дегенді сөз. Дворяндар өздерін осылай атаған. Алайда оның атақты сарайда дүниеге келгені жəне Франкенштейндер отбасына жататыны оның сөзінен ғана белгілі. Осылайша осы уақытқа дейін бұрын-соңды болмаған көк түске ие болған Франкенштейн өзінің негізгі жобасынан, яғни мәңгі өмір сүргізетін эликсир жасау, рецептті жіктеу іспетті істерінен демала тұруды ұйғарып, одан кейінгі он жыл ішінде суретшілерге жəне бояушыларға жаңа пигментті сатып табыс тапты. Осы аралықта ол Голландияға көшіп, медицина ғылымының докторы дəрежесін алды. Сонымен қоймай, Швед королі I Фредериктің жеке дəрігері болып сайланаған, сөйтіп бұл өз қолынан шыққан дəрі-дəрмектерімен бірталай науқасты өлтірген, ақыр соңында саяси оқиғаларға қатысқаны үшін Дания түрмесіне тоғытылып тынды.

Мүрделердің дене мүшесінен құралған жасанды құбыжықтарын жасауға оның шамасы жетпеді. Шұңқыр ыдысты, құбыршек пен майлауышты қолдана отырып, адам жанын бір денеден екінші тәнге көшіру де қолынан келген жоқ. Аталмыш берлин лазурі Диппелдің жалғыз жетістігі болып қала берді.

Лазур пигменті/Shutterstock

№2 жөлік

Бірақ тіпті Диппел сияқты арамазның да жаңа тамаша бояудың ашылуын өз пайдасына шешуге шамасы жетпеді. Сөйтіп, ол теологияны, философияны жəне алхимияны оқыды, бірақ бәрінің қалай болғанын анықтау үшін оған білімді химик керек болды. Диппель ұлы Лейбництіңiнеміс философы, физигі, математигі, механик жəне лингвисті (1646-1716) қамқорлығында жүрген профессор әрі академик Иоганн Фришке жүгінді.

Алғашында Фриш іскерлік хабарларында көк бояуды шығаруға арналған Диппелдің рецептін жақсартқанын айтқан. Кейінірек, Лейбницке жазған хаттарында ол лазурін өзі ойлап тапқанын айта бастады. Сонымен бірге ол кезде процестің химиялық сипаттамасы болған жоқ. Тек оның технологиясы жіктелген. Алайда Фришкеiол да Диппелге ұқсаған авантюрист еді оның не істеп жатқанын түсінудің қажеті жоқтұғын. Бар көксегені осы әрекеттер нәтижесінен пайда табу болды.

Иоганн Фридрих Фриш портреті/Wikimedia Commons

Құпияны ашу

Диппель мен Фриштің төбесінен жаңбырша жауған ақшаның ғұмыры келте болды. Айталық, 1724 жылы ағылшын ғалымы Джон Вудворт Германиядан берлин лазурін жасаудың әдістері жазылған хат алды. Вудворт оны рецепттің дұрыс-бұрысын тексеру үшін эксперименттер жүргізуге корольдік қоғамның мүшесі химик Джон Браунға көрсетті. Вудворт пен Браун сол 1724 жылы ағылшынның негізгі ғылыми Philosophical Transactions of the Royal Society журналында қазір əйгілі бояуды алу құпиясын жария қылды. Осыдан кейін берлин лазурінің өндірісі бүкіл Еуропадаға лезде күш алды.

Пигмент алғашында «Preussisch Blau», яғни «Пруссиялық көк» деп аталды, ал 1709 жылы қарашада ол «Berlinisch Blau», яғни «берлиндік» деп өзгерді. Тіпті бұл бояу қалай аталмады десеңізші. Міне, мынаның бәрі берлин лазурінің балама атаулары: «Темір көк», «париждік көк», «пруссиялық көк», «гамбургтік көк», «турнбулл көгі», нойблау жəне милори...т.б.

Томас Гейнсборо. Көк киген ұл бала (Хантингтон кітапханасы, Сан-Марино, Лос-Анджелес)/Wikimedia Commons

Импрессионисттердің аспаны мен теңізі

Бүгінгі таңда Питер ван дер Верффтің 1709 жылы салынған «Мəсіхтің қабірі» картинасы (Sans Souci өнер галереясы, Потсдам) берлин лазурін қолданған ең көне картина боп есептеледі.

Тарихшы Мишель Пастуро былай деп жазды: «Мүмкін, Диппелдің жаман атын шығарған əйгілі аңызға қарамастан, берлин лазурі улы емес жəне өз-өзінен циан қышқылына айналмайды. Бірақ ол жарықта өшеді жəне сілті арқылы жойылады, бұл оны кейбір бояу негіздерімен үйлеспейді. Бірақ оның түс қарқындылығы өте жоғары, басқа пигменттермен араласқанда таңғажайып əдемі, таза реңктер береді. Сондықтан кейінірек импрессионистер мен басқа суретшілерде, яғни пленэрді ұстанушыларда, жарыққа төзімділігі төмен жəне басқа бояуларға қарағанда «бұлыңғырлану» қасиетіне қарамастан, тіпті берлин лазурі культін өркендетті.

Питер ван дер Верфф.Исаның жерлеуі/Wikimedia Commons

Қауіпті пигмент

Бірақ берлин лазурі əдемі пигмент ретінде ғана танымал болған жоқ. Дəл осы бояудан швед химигі Карл Шееле 1782 жылы циан қышқылын (HCN) бөліп алды, ал 1811 жылы француз химигі Гей-Люссак циан қышқылының HCN сусыз түрін (газ түрінде) алды. XX ғасырдың басында Берлин химиктері оның негізінде фашистер кейіннен адамдарды газ камераларында улап өлтіру үшін қолдаған қорқынышты газ түрін, яғни «Zyklon B» сауда белгісімен инсектицид-фумигаторды жасап шығарды.

Осылайша, «берлин лазурі» ұғымына тағы бір үрейлі жасырын мағына үстелді.

Эдмунд Рабе. Пруссия патшасының жаяу әскерінің офицерлері/Wikimedia Commons

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

Мишель Пастуро. «История цвета: Синий». — М.: Новое литературное обозрение, 2017.

Химия ферроцианидов. — М.: Наука, 1971.

Диппель, Иоанн-Конрад // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: в 86 т. (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890–1907.

Юлия Боровинская

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді