Су мен сүт

Milk and Water

Анна Ли Мерритт. Ақ киімді жас қыз / Alamy

Бұл түс Елизавета тұсындағы Англияда жазылған мәтіндерінде жиі аталады, 16 ғасырда ол халықтың барлық тобының арасында кең тарады, өйткені оған бояу арқылы емес, өте шамалы, гомеопаттық көк бояғыштарды қоса отырып, жүн мен зығырды әбден тәптіштеп ағарту арқылы қол жеткізілді. Дәл осы аса жеңіл көгілдір реңк «су мен сүтті» жай ғана ақ түстен ажырататын. Айта кетелік, киімдегі, әсіресе, ішкиімдегі ақ түстің сәл көгілдір реңктерін пайдалану әдеті өте ұзақ уақыт бойы сақталды, біздің әжелеріміз кір жуған кезде осы мақсатта суға қосылатын жасанды бояғыш — нілді пайдаланды: нілден кейін ақ түсті киім тазарақ болып көрінетін. Ал үй шаруасындағы кейбір жанкешті әйелдер осы уақытқа дейін нілден айырылмай келеді.

Бүгінде дизайнерлер қабылдаған он алтылық код бойынша f6f6ff деп аталады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы