Айдаһар жасылы

Drake's Green (ағылш)

Еркек барылдауық үйректің (Anas platyrhynchos) көрінісі / Alamy

Өте-өте қарқынды, қошқыл-жасыл түс 19 ғасырдың соңында прерафаэлиттер, серілер, перизаттар, Шалот сиқыршылары және, әрине, айдаһарлар туралы қиялдар кезінде танымал түске айналды. Қазір біз айдаһардың кез келген түсте болуы мүмкін екенін білеміз (мысалы, Бенедикт Кэмбербэтчтің түстері), бірақ ол кезде аспанның осы қанатты құбыжықтары туралы мәліметтер негізінен кескіндеме туындыларынан алынатын. Әулие Георгийдің шайқасын бейнелейтін көптеген көне суреттерде айдаһар сан алуан кесірткілер сияқты негізінен жасыл түсті болғандықтан, жасыл түстің сәнді жаңа реңктерінің бірі осындай атауға ие болды.

Бүгінде дизайнерлер қабылдаған он алтылық код бойынша 1e571e деп аталады.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы