Әйгерім Тәжі

«Көк жүзім»-ден

Әйгерім Тәжі / Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Бульдозерлер қопаруда әлемді

Түбіне дейін, астында тозақ дейді.

Тәрелкемде қурап жатыр көк жүзім.

Бала кезден суретімде — тек көк түсім.

Айырылысуда ұлыменен мысық ана,

Бағыты сөмкедегі мәңгі пана.

Түсті еске сақтау: қайсы, қандай?

Сөзсіз, есім.

Ал, ыстықтан өлімші жел,

Тозаң шашты, аллергиктер.

Кенеп пен уәде берген парақ

Қозғалыстарын тоқтатпас.

Тоқтатпас құлап жатқан тас.

Қолыңды қостап денеңменен,

Бетпе-бет кездестірдің егізіңді

Шектестіріп іргесі жоқ белтемірді.

Не болады екен сендерменен?

Әйгерім Тәжі (1981 туғ.) — қазақ ақыны, қазіргі қазақ лирикасының аса жарқын өкілдерінің бірі.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы