Олжас Сүлейменов — 88

Арғымақтар

Qalam редакциясы

Ағартушылық пафосына орай Qalam әлемді түсіндіруді тырысады, сондықтан осы жерде қарастырылып жатқан әрбір тарихи я мәдени құбылыс сан алуан қосымша ақпаратпен ұштастырылған. Бірақ бұл айдардың артық сөз бен әдеттегі түсіндірмелерден ада болуын қаладық. Алдарыңызда біз үшін кейбірде аса ерекше сұлу көрінетін, аты затына сай, заманы мен елі бөлек өлеңдердің үзінділері. Осыған ұқсас мәселе жайлы бір замандас лириктің айтқанындай, бұл түсіндіруді талап етпейді, бәлкім, бұл тіпті қанымызға сіңген дүние.

Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай.
Құйғытсам бір,
Дала, қала
Болады-ау
Көз алдымда аунап бара жатқандай!
От тілгендей
Асау қанға,
Етіңе,
Арғымағым.
Шығып желдің өтіне,
Шабуылдап
Құрыш-болат тұяқпен
Пергілеші
Жалпақ жолдың бетінде!iАударған Қадыр Мырза Әли

Олжас Сүлейменов (1936) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы